«Ғасырлық туынды» бөлімі бойынша қазақ әдебиетінен тест тапсырмалары

0
5889
Freepik.com

1. Тест тапсырмасын орында

Мұхтар Әуезов дүниеге келген өңір:
А) Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қасқабұлақ-Бөрілі ауылы
В) Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы
С) Семей облысы Семей қаласы
D) Павлодар облысы
Е) Семей облысының Үржар ауданы

М.Әуезовтің өзі туралы жазған мақаласы:
А) «Өзім туралы»
В) «Өзім жайлы мәлімет»
С) «Менің отбасым»
D) «Өз жайымнан ақпарат»
Е) «Менің өмірбаяным»

Абайдың өмірі өткен жерлер:
A) Бөрілі
B) Қасқабұлақ
C) Ақшоқты
D) Аягөз
E) Жидебай
F) Қарқаралы
G) Семей

«Абай жолының» 1-кітабы алғаш «Абай» деген атаумен шықты:
А) 1931 ж.
В) 1928 ж.
С) 1925 ж.
D) 1927 ж.
Е) 1942 ж.

«Абай жолы» роман-эпопеясы неше тараудан тұрады?
А) 21
В) 25
С) 22
D) 20
Е) 26

«Екеу» деген кімдердің бүркеншік аты?
А) М.Әуезов пен А.Байтұрсынұлы
В) М.Әуезов пен Ж.Аймауытұлы
С) М.Әуезов пен М.Жұмабаев
D) М.Әуезов пен С.Мұқанов
Е) М.Әуезов пен Т.Абайұлы

Абайдың прозалық шығармасы … тұрады.
А) 41 қарасөзден тұрады
В) 43 қарасөзден тұрады
С) 47 қарасөзден тұрады
D) 45 қарасөзден тұрады
Е) 40 қарасөзден тұрады

Романдағы Абайдың Әйгерімді кездестіргенін суреттейтін тарау:
А) «Жайлауда»
В) «Жолда»
С) «Асуда»
D) «Тайғақта»
Е) «Биікте»

Абай әке атанды:
А) 23 жаста
В) 20 жаста
С) 19 жаста
D) 16 жаста
Е) 22 жаста

2. Мәтінді оқып, сұраққа жауап бер.

Бүгін таңертең сырт жайлаудан көп жолаушы жас қонақтар, ақын, әнші достар келген еді. Абайға солар жаңа қуанышты хабарлар жеткізген. Абай сөзі халыққа жағып, кең жайылып кетіпті. Қарқаралы – Қоянды жәрмеңкесіне жиналған төрт арыстың бар кәрі-жасы Абай атына қанық бопты.

«Абай деген жақсы шығыпты…», «Сөзі, өсиеті бөлек, білгіш шығыпты»,  «Халыққа қамқор, мұңдыға дос, жуан-содырға қас жан дейді», «Тобықтыда  туса да, бір тобықты емес, игі ел жоқшысы, ел ұлы боп туыпты», «Сөзін тыңдаймыз. Өсиетін ұғамыз» деседі екен жұрт.

1) Мәтін қай тараудан алынған?
2) Абай даңқы неліктен таралып жатты?

3. Бөлімді қамтып, «Ғасырлық туынды» деген тақырыпқа презентация жаса.

Халықара­лық зер­ттеу­лер фор­ма­тын­дағы
тап­сырма үлгілері

Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап бер.

Қонақ үйде, дөңгелек үстел үстінде, қызғылт, күңгірт сәулесі бар тас шам
жанып тұр. Оқтын-оқтын іргеден соққан жел лебімен әлсіз шам кейде ұйытқып,
шалқи түсіп, кейде лапылдап, жалпылдай жанады.

…Түсі суық. Қара сұр жүзіне бозғылданып түгі де шығып алыпты. Жалғыз
өзі ұзақ сөйлеп отыр. Зор даусында ыза мен зіл бар. Кейде Абайға қызық көрінетін бір мақалдар, мәтелдер айтылып кетеді.

Тегінде ертекші, өлеңші, не басқа әңгімеші адамға талай уақыт тапжылмай
тесіле қарап қалу Абайдың кішкентай күнінен бергі әдеті еді. Адам пішіні әрдайым бұған бір тамаша, өзгеше қызық сурет тәрізденетін. Әсіресе, әжімі мол үлкендер пішіні бір қызық хикая тәрізді. Ол кей адамның айғыз-айғыз әжімінен, салбыраған ұртынан, қыртыстанған маңдайынан немесе бояуы оңған көздерінен, әр алуан сақал-мұртынан өзінше неше түрлі жанды, жансыз дүние сипаттарын көргендей болатын. Қына басқан, сызаты көп тас па? Я селдір тоғай ма? Не көде-көкпек пе? Кейде мал мен аң бейнесі ме? Бәріне де ұқсап кетіп отыратын адам мүсіндері болады.

1. Мәтін қандай үлгіде жазылған?
А) Зерттеу
В) Хат
С) Өмірбаян
D) Әңгіме
Е) Естелік

2. Үзінді идеясына сай мақалды (мәтелді) тап:
А) Алпысқа келгеннен ақыл сұра
B) Ақыл – жастан
C) Көпті көрген біледі
D) Шөп те басынан қурайды
Е) Сақалға ақ түсті – Көңілге дақ түсті.

3. Мәтін қай кейіпкер туралы?
А) Байтас
В) Байсал
С) Құнанбай
D) Тәкежан
Е) Бөжей

4. Мәтінде айтылмаған іс-әрекетті көрсет.
А) Кейде лапылдап, жалпылдай жанады
В) Қына басқан, сызаты көп тас па?
С) Адам пішіні өзгеше қызық сурет сияқты
D) Әкесі Абайға ертегі айтты
Е) Жалғыз өзі ұзақ сөйлеп отыр

5. Мәтінде қолданылған көркемдік тәсіл:
А) Жанама мінездеу
B) Пейзаж
C) Тура мінездеу
D) Портрет
Е) Кейіптеу

6. Пікірді оқып, тапсырмаларды орында.

Ш.Айтматов жазушы М.Әуезовтің сан салалы, кең арналы шығармашылығына арналған «Ұстаз туралы сөз» атты мақаласында «Абай жолы» эпопеясының бас кейіпкері – Абай тұлғасына тоқтала келіп: «Абай секілді  ой-арманы азат, шетсіз ақындық, шексіз адамдық тұлғаның өзін қоршаған  ожар, топас, тоңмойын топпен тартысқа түсуі және мұндағы сирек ұшырасатын жаңалық пен тазалық Абайды дүниежүзілік трагедияның шыңына шығарады…», – деп жазды.

1. Пікірге атау қой.
2. Ш.Айтматовтың М.Әуезов туралы пікіріне қандай баға берер едің?
3. Осы пікірмен танысқан оқырманның бірі «Абай дүниежүзілік трагедияның шыңына емес, реализм шыңына шықты» деген ойда. Бұл дұрыс
па? Өз дәлелің арқылы пікірге қатысты оң не қарсы көзқарасыңды білдір.
4. Ш.Айтматовтың пікіріне қандай ой қосар едің? Неліктен? Жауабыңды
түсіндір.

Дереккөз: Қазақ әдебиеті. Жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбының
қоғамдық-гуманитарлық бағытына арналған оқулық. Р.Зайкенова,
Р.Сакенова, Л.Н.Нұрланова

Ұқсас материал:

  1. Ғасырлық туынды. Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы туралы

  2. «Абай жо­лы» ро­ман-эпо­пея­сы туралы түсінік (І том)

  3. «Абай жо­лы» ро­ман-эпо­пея­сының тараулары (ІІ том)

  4. «Абай жо­лы» ро­ман-эпо­пея­сының тараулары (ІІІ том)

  5. Абай жолының ІV томы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ