«Ата-ана мен мектеп» арасындағы әріптестік модулі аясында ата-аналарға арналған психологиялық-педагогикалық тренинг

0
1101
Иллюстрация: Freepik.com

Мақсаты:  Ата-ана мен бала арасындағы сенімді сыйластықты, бір-біріне деген сезімді нығайту, бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ата-ана тәрбиесі, өнегесі және баланың бас ұстазы ата-ана екенін түсінуіне түрткі болу.

Іс-шараның атауы Уақыт

мөлшері

Мазмұны
мен
сұрақтар
(түрткі)
Формасы Ресурстар Күтілетін  нәтиже
1 Тренинг:

«Желілік қауым-дастық»

1 мин Бір-бір-
леріңізге ауа арқылы гүл сыйлаңыздар. Сіздер қандай көңіл-
күйдесіздер?
Ауызша, жеке жұмыс. Алақан саусақтары. Жылы атмосфера қалыптасады.
2 «Құмырс-қалар» 3 мин Көрсетілген
бейне ролик бойынша өз пікірлерін
ортаға салады.
Көрсетілім Бейнеролик. Сыни ойлануға түрткі болу.
3 «Бауырсақ ертегісі» 5 мин «Ой қозғау»
ертегі желісі бойынша.
Пікірталас. Қима суреттер. Ата-аналардың балаларына кедергілерден қиналмай өтуіне ықпал жасауын ұғынды.
4 Рефлексия 3 мин «Бес саусақ»
әдісі. Мәуелі ағашқа тілек ұсыныстарын жазу.
Жеке жұмыс. Стикер, қалам. Ішкі уәждерін білдіреді.

 

І. Кіріспе бөлім:

-Сәлеметсіздер ме, құрметі ата-аналар! Біз сіздерді көргенімізге қуаныштымыз. Бүгін сіздермен өткізілгелі тұрған тренингтің тақырыбы: «Ата-ана мен мектеп» арасындағы әріптестік модулі аясында ата-аналарға арналған психологиялық-педагогикалық тренинг деп аталады.

Жиналысымызды бастамас бұрын, біз бір-бірімізбен танысып алайық.

Психологиялық ахуал.

-Шеңбер құрып, бір-бірінің қолынан ұстап, өз-өздерін таныстырып, жылы лебіз білдіруден бастаймыз.

Танысу:

Бір шаңырақ иесі ретінде бір-бірімізбен жақынырақ танысайық. Мына үлгі бойынша. Мысалы: Менің атым-Акмарал. Айдай сұлу Акмаралмын. Сіз ше? Рахмет. Олай болса барлығымыз орнымызға жайғасайық.

-Бізбен сіздерді байланыстырып тұрған әрине балалар. Бала ең алдымен отбасында ата-анасын танып, жақсы көреді. Кейін айналаны сезініп, көбірек білуге тырысады. Ең алғаш тәрбиені отбасынан алады. Отбасынан келген бала үшін топ, сынып ең алғашқы ұжым екенін ескере отырып, тәрбиеші, ұстаз балаларды жолдастыққа, достыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелейді.

  • Қалай ойлайсыздар? Мектеп-оқушы-ата-ана-ұстаз қалай түсіндіруге болады?
  • Қай уақытта осы 4 ұғымның байланысы нығаяды. Нығайған жағдайда неге қол жеткіземіз? (өз пікірлерімен бөліседі).
  • Ендеше, АТА-АНА-МЕКТЕП-Отбасы-Оқушы білікте болуы үшін не керек деп ойласыздар?

(Ата-аналар күннің шуағына жазып жапсырады)

  1. Сыйластық
  2. Мейірімділік
  3. Өзара түсінушілік
  4. Татулық
  5. Сүйіспеншілік
  6. Денсаулық

«Бауырсақ ертегісі»

  1. Ертеде бір шал мен кемпір болыпты. Олар жалғыздықта баласыз өмір сүріпті. Олар өздеріне серік болатын бауырсақ пісіруды ұйғарыпты.
  • -Ертегі желісі бойынша олар не істеді?
  • -Дұрыс. Кемпір бір күні қаймаққа нан илеп, оны майға қуырып бауырсақ пісіріпті.

-Осыдан қандай түйіндеме жасауға болады?

1-түйіндеме: Дүниеге келген әрбір бала-асыға күткен, аңсаған бала болуы керек.

  1. Оны терезенің алдына суытып қойыпты. Бауырсақ суып тұрып, бір кезде домалай жөнеледі. Домалап келіп терезе алдындағы орындыққа, орындықтан еденге, еденнен дәлізге, жәлізден аулаға, ауладан сыртқа, одан әрі, одан әрі домалай береді, домалай береді.

-Осыдан қандай түйіндеме жасауға болады?

2-түйіндеме: Баланы қараусыз қалдыруға болмайды.

  1. Домалап келе жатып оған жолда Қоян жолығады, содан кейін аю, кейін қасқыр жолығады.

-Осыдан қандай түйіндеме жасауға болады?

3-түйіндеме:

  • Баланы қоршаған ортамен қарым-қатынас жасай білуге үйрету.
  1. Бауырсақ өзінің әнін қасқырға, аюға, қоянға айтып береді, одан әрі домалай береді. Бауырсақ  домаланғаннан домалап келе жатса оған айлакер, қу тулкі жолығады:

-Осыдан қандай түйіндеме жасауға болады?

        4-түйіндеме:

-Баланың қайырымдылық пен зұлымдылық құндылықтарын ажырата білуге уйрету, адамдардың шынайы ниеттерін тани білуге үйрету.

-Ертегі немен аяқталады?

-Түлкі бауырсақты жеп қояды.

5-түйіндеме:

-Бала өмірінде кездесетін қиындықтарға төзе білуге, жеңе білуге, өз бетімен өміріне зиян келтірмейтіндей, сол тығырықтан шыға білуге бейімдеу.

Қорытынды:

-Міне, барлығымызға белгілі ертегі желісінен біз негізгі 5 түйіндеме жасадық. Яғни, біздің мақсатымыз өмірге бейімделген баланы тәрбиелеп шығару.

Рефлексия.

Ата-аналар «Бес саусақ» әдісі бойынша мәуелі ағашқа тілек ұсыныстарын жазады.

  • Бала үшін отбасы бір жағынан-тіршілік қоршауы болса, екінші жағынан-тәрбиелік орта. Отбасы-бұл мектеп те ақпарат көзі, қоғамдық ұйымдарда, еңбек ұжымы да, дос жарандары да. Отбасы-бұл әдеп пен өнер кілті.

Қазіргі таңда ата-ананың бірінші мақсаты-қаражат табу, балаларын еш нәрседен мұқтаж етпеу болып қалды. Бала-шағаның қамымен жүрген  ата-ана бала тәриесіне де көңіл  бөле алмай қалады. Ал бала тәрбиесі отбасынан басталады, қалыптасады. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші жақсы-жаман әдеттерді бала отбасында үйренеді. Отбасындағы кикілжің ұрыстар баланың психикасына әсер етеді. Баланың мейірімді, еңбекқор, әдепті болып өсуі-отабсында жайлы, жақсы климаттың болуы. Баламыз өмірден өз орнын тауып, бақытты өмір сүрсін десек, бала тәжірибесіне көп көңіл бөлуді ешқашан естен шығармайық.

Дереккөз: internet-konkursy.com

Басқа материалдар:

  1. Балаларды тәрбиелеудің психологиялық қағидалары
  2. Ата-ананың психологиялық құзіреттілігі – бала саулығының кепілі
  3. «Сәттілік серік болсын» атты әлеуметтік-психологиялық тренинг бағдарламасы
  4. Бірінші не көрдіңіз: түлкі ме, дельфин бе? 
  5. 4-5 жастағы балаларға арналған бинарлық сабақ
  6. Ата-аналар жиналысына арналған тренинг

ПІКІР ҚАЛДЫРУ