Ата-аналардың беделі және педагогикалық әдептілігін көтерудің жолдары туралы ақпарат беріңіз

0
4718

Ата-аналардың  беделі және педагогикалық әдептілігін көтерудің жолдары \r\n\r\nтуралы ақпарат беріңіз\r\n\r\nӘрбір ата-ана өз перзетінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының сүйікті және кішпейіл азаматы болып жетілуін қалайды. Ата-ана перзентінің жақсы азамат болып жетілуі үшін өз отбасында балаларын тәрбиелеудің нәзік жақтарының зандылықтарын білуі шарт. Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы– бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың өзара қатынасы мазмұнды, берілген тәрбие сенімді және негізді.Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы– тұған ұясы, өз отының басындағы тәрбиесі, тілі. Қазақтың: «Баланың бас ұстазы– ата-ана», «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі»– дегендей, есі кіріп, тілі шыға бастасымен-ақ баланы байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп баулыған жөн.\r\n\r\nӘдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, қонақжайлылық құндылықтары қалыптасқан халқымыз осы асыл да абыройлы қасиеттерін  жас ұрпақтың ақыл- парасатына азық ете білу үшін, әрбір тәрбиеші, ұстаз халық педагогикасын, сан ғасырларда қалыптасқан салт- дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды жан-жақты терең білумен қатар, өзінің бойына адамдық құндылықтарды терең сіңірген, рухани жаны таза адам болуы шарт. Ол рухани адамгершілік тағылымдарды өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық  кезеңдерінде негізге алғаны жөн. Сонда ғана өзінің міндетін айқын сезіне білетін, мінез құлқы жетілген саналы адам қалыптасады.\r\n\r\n            Жетілген мінез-құлық – бұл үш нәрсенің: жүректің, ақылдың және қолдың бірлігі мен келісімі. Егер бала өзінің жүрегін тыңдауға үйренсе және тек қана жүрегінің айтқанын істейтін болса, онда ол өмірден өз орнын табады да, Жер үстіндегі Адамның қызметін атқарады.\r\n\r\n Бұл мақсатқа нағыз Мұғалімдердің қатысуымен ғана қол жеткізуге болады. Балаларды сүйетін және өзінің ісіне берілген Мұғалім ғана мейірбан адамның қалыптасуына баға жетпес көмек көрсетуге қабілетті.\r\n\r\nРухани тәрбие өзінің қуатын әлемнің әрбір құбылысынан алуы мүмкін. Олай болса, кез келген оқу пәні балалардың адамгершілігін, жақсы мінез-құлқын қалыптастыру құралы бола алады.\r\n\r\nАлайда соңғы кезде үлкен мен баланың қарым-қатынасы, мұғалімнің оқушыға деген қарым-қатынасы үнемі байланыспай келгені ешкімге де  құпия емес. Балалардың өзінің мұгаліміне деген жақсы көрушіліктен барынша шалғай жатқан  қорқыныш, жек-көру, сыйламау сияқты сезімдерді бастан кешіретіні жиі кездеседі. Мұның себебі, мұғалім мен оқушылардың жеке бастарының сапасы мен оқу әдістерінің сапасына байланысты болуы мүмкін.\r\n\r\nМұғалім әрбір сабақты жан-тәнімен беріле оқытуды, бала жанына әсер ететін құндылықтарды қалыптастыруды өзі үшін сақтау қажет. Үлкен адам қай жерде болмасын өзі рухани белсенділік танытатын болса, сол арқылы тәрбие бере алады.\r\n\r\nШын мәнінде жалпы адамзаттық құндылықтар ұғымына енетін өмір құбылыстарының бәрін сабақтардың кез келгенінде көрсетуге болады.\r\n\r\n Бүгінгі таңда үлкендерге балалардың ынтасы мен назарын өзіне аударуға қол жеткізу оңайға түспейді. Баланың рухани – адамгершілік тағылымына кері әсер етуші факторлар: соғыс ойыншықтары, жат қылықты жариялайтын фильмдер, бейнетаспалар және компьютерлік ойындар бар.Сондықтан мектептен тыс кездегі сабақтарды ұйымдастыруда мұғалім барынша тапқырлық танытқаны жөн.\r\n\r\n                           Отбасылық тәрбие.\r\n\r\n          Жүзеге асырылатын  міндеттер.\r\n\r\n1 .  А)Мектеп  пен отбасыға талдау жасау. Әлеуметтік     қорғауды керек ететіндердің есебін алу.\r\n\r\n      Ә) Әр отбасында адалдық пен мейірімділік, жасы әр түрлі отбасы мүшелерінің рухани жақындығы мен мақсат бірлігіне  негізделген тәрбиені пайдалану.\r\n

    \r\n

  1. А) Бала тәрбиесінде ауыл тұрғындары мен туыстардың жауапкершілігін арттыру.
  2. \r\n

\r\n       Ә) Бала өмірінің кезеңзерін есте қаларлықтай мерейлі, мақсатты түрде атап өту.\r\n\r\n        Б) Ауыл ақсақалы, ауыл ағасы, беделді туыстардың балаға тәрбиелік әсерін, ықпалын тиімді пайдалану.\r\n

    \r\n

  1. А) Бала тәрбиесіне қоғамдық , әлеуметтік сипат беру.
  2. \r\n

\r\n       Ә) Әр отбасын имандылық, адамгершілік тәрбиесінің ошағына айналдыру.\r\n

    \r\n

  1. А) Отағасы – шаңырақ иесі, қорғаны, асыраушысы, ақылшы, әйелінің пірі.
  2. \r\n

\r\n             Ә) Ананы қадірлеу, сүт ақысын өтеу тағылымын жаңғырту, жаңа мазмұн беру.\r\n\r\n   Б) Жергілікті  билік орындар арқылы үнемі отбасы беделін көтеріп отыру.\r\n\r\n    Жоғарыдағы міндеттерді жүзеге асыру жолдары мен құралдары. \r\n\r\n    А) Жиын, жиналыстарда отбасылардағы игі істерді, бастамаларды, тәрбиелік тағылымды, т.б. үнемі насихаттау.\r\n\r\n    Ә) Беделді отағасы мен өнегелі отбасы өмір жолы мен тағылымын марапаттау, кездесулер өткізу.\r\n\r\n  Б)«Ұлын ұяға, қызын қияға» қондырған отбасыларды  үлгі — өнеге ету.\r\n\r\n  В) Әлеуметтік қорғауды керек ететін отбасыларды қамқорлыққа алу.\r\n\r\n  Г) Бала тәрбиесіне қатысты мекеме, ұйымдардың (милиция инспекторы, мектеп басшылары, ата – ана комитеті,  т.б.) есебін тыңдау.\r\n\r\n Ғ) Ата – ана жұртшылығына педагогикалық білім беру, ақпараттандыру ісін жолға қою.\r\n\r\nӘлемдік қоғамдастық қарсы тұрушылықтың, интолеранттылықтың бірқатар шарттарын атап көрсеткен. Олар:\r\n

    \r\n

  1. Заңдылықтар базасының болуы
  2. \r\n

  3. Білімділік деңгейінің көтерілуі
  4. \r\n

  5. Ақпараттарға еркін қол жеткізу
  6. \r\n

  7. Мәселені жеке бас деңгейінде ұғыну және басқалар
  8. \r\n

\r\n            Сондықтан, аталып өткен шарттардың ішінен толеранттылық принциптеріне негізделген білімділікке айрықша көңіл бөлінуі қажет. Оқушының толерантты ақыл-есі өзінің ұлттық, халықтық мәдениетін уағыздай алу үрдісінде және басқа да этностар мен халықтардың мәдениетінің даму және жүру құқығын мойындау үрдісінде қалыптасады. Оның кең көлемде болуы балалардың біртекті этникалық ортада,  мемлекеттік тілде оқытатын мектептерде дамып және өсуіне тәуелді. Біздің мектеп ролінен алатын болсақ – ол кіші жастағы оқушыларды мемлекеттік тілде тәрбиелеп, оқыту және «..өз мәдениетін терең білу – басқаларға қызығушылық қарым-қатынастың фундаменті. Ал көптеген мәдениетпен танысу – рухани баю және даму негізі» делінген Қазақстан Республикасының этномәдениетті білімділік концепциясына негізделе отырып, мектептің іс-әрекетінің мақсаты анықталды: этнопедагогика және этнопсихология моральдарының негізінде дүниені тануға қабілетті адамгершілігі мол, рухани бай тұлға қалыптастыру.\r\n\r\nМектептің рухани – адамгершілік тәрбиесінің міндеттері: өзгені түсіне білуді, жақсылық жасауды, өзара қарым-қатынастардың қоғамдық қабылданған нормаларының бағыт- бағдарларынан адаспау, дау-жанжалды жағдайятты бағалау жолымен шешу және одан этикалы шығуды іздеу біліктерін қалыптастыру, берілетін бағалар мұғалім қолындағы қамшыға айналмай, баланың дамуына, білім мен дағдыға үйрену ықпалына әсер етуі қажет .\r\n\r\n            Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты — балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдыретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты — тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні — өз ұрпағы.Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады.\r\n\r\nОл — бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер — жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы. Бала кішкентай кезінен-ақ әр нәрсеге әуестеніп үлкендерге көмектескісі келеді. Бұған кейбір әке-шеше «жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді бүлдіресің» деп ұрысып жіберуі мүмкін. Бұл қате түсінік. Керісінше, өзің жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызып, оның үйренуіне көмектескен орынды. Осылайша баланың бірте-бірте еңбекке деген болашағына жол ашылады. Әрі істеген ісін ұқыпты да тындырымды орындауына бағыт бересіз. Баланың жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіріп отырса, ол да ересектерді сыйлап, кез келген тапсырмасын орындауға қарсылық білдірмейді. Орынсыз ұрысу,зеку, сұрақтарына дөрекі, келте жауап беру немесе әділ талап қоя алмау ата-ананың беделін түсіреді.\r\n\r\nАта — ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата — аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-қыздармен үй шаруасында жүріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа. Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Бала алдында әке-шеше үй ішінің үлкендердің әдептілік танытқаны жөн. Мысалы, арақ пен темекінің толып жатқан зиянын біле тұра, балалардың көзінше арақ ішіп, үсті-үстіне темекі тартқандар бар. «Көрінген таудың алыстығы жоқ» дейді, ертең-ақ ұл өсіп ер жетеді, қыз өсіп бой жетеді. Адамды дүниеге әкеліп, қалыптастырып, дамытып, жетілдіріп жатса, мектеп ақалы мен білімі адамзаттық құндылықтармен толысқан, жан-жақты жетілген,өз бетімен өмір сүруге бейім, қоршаған ортамен тікелей байланысқа шыға алатын, толыққанды Адам етіп тәрбиелеп шығарады. Осы екі ортаның да мақсаты — ортақ, міндет — біреу. Демек , мұғалім мен тәрбиеші қаумының қиындықтарға жиі кездесіп, үнемі толғаныста жүретініде содан. Сондықтан кез келген мұғалім баламен байланысқа шықпас бұрын, оқу-тәрбие жұмысындағы қызметін өзін-өзі танудан бастағаны жөн.Өзіңнің бала болғаныңды, өзіңнің ата-ана екеніңді, өзіңнің ұстаз екеніңді ой елегінен жиі-жиі өткізіп отырсаң,өзге алдындағы жауапкершіліктің сыры бірден айқындала бастайды. Ғұлама Әл-Фараби «Дүниедегі ең оңай нәрсе ақыл айту,ең қиыны өзіңді өзің түсіну» десе,К.Маркс «Өзіңді өзің тану даналықтың бірінші белгісі» деп ескертеді. Ең бастысы,баланың жан азығына зәру екеніні еш уақытта ұмытуға болмайды.Абай атамыздың жетінші қара сөзінде «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады.Біріншісі — ішсем,жесем,ұйықтасам деп туады.Бұлар тәннің құмары, бұлар болмаса тән жанға қонақ үй бола алмайды,hәм өзі өспейді, қуат таппайды. Екіншісі — білсем екен деп ұмтылып,одан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене ?» «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» «бұл неге бүйтеді ?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі « жан құмары,білсем екен,көрсем екен,үйренсем екен.»деген үлкен пәлсопалық ой жатыр. Яғни,балаға туғаннан тән азығы — тамақ қандай қажет болса,жан азығы — жылулық, сүйіспеншілік те сондай қажет.Ал оның қажетін қанағаттандырмай, түпкі мақсат ешқашан орындалмайтыны белгілі жәйт. Мұны мұғалім де, ата-ана да әсте естен шығармағандары жөн .\r\n\r\n 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ