«Ата — ананы құрметтеу — әрбір адамның борышы» (сценарий топтық сайыс)

0
9907
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Тақырыбы: «Ата — ананы құрметтеу — әрбір адамның борышы».

Мақсаты: Оқушылар бойына ата — анаға деген құрметін арттыру, жылылықты ұялату. Ата-анасының адал да парасатты ұл мен қызы болуға тәрбиелеу.
Ата — анасының берген жақсы тәрбиелерін нәтижелі етуге үйрету, қоғамға жат қылықтардан сақтандыру.

Көрнекілігі: Мектеп залын әртүрлі шарлармен безендіру, Ата-ана туралы қанатты сөздер.

Барысы: «Ата», «Әже», «Әке», «Ана» болып топтық сайыс

1. «Сұрақ – жауап»

2. «Сергіту сәті»

3. «Ой бөліс,пікірлес» ойыны

4. «Жағдаяттан шығу»

Жүргізуші:

Армысыздар ардақты ұстаздар, ардақты ата-аналар! «Ата-ананы құрметтеу-әрбір адам борышы» атты тренингке қош келдіңіздер.

Анаға арнап ақ тілектер айтар күн,

Әкеге арнап,марапатты бастар күн.

Бүгінгі күн мәңгі есте сақтар күн,

Бүгінгі күн есінде мәңгі жастардың – дей келе бүгінгі тренингті әсем әуенмен ашайық.

Орындайтын «Анашым» Оразкелді Балауса.

1 — жүргізуші: 

1-топ: Ата-ана, бала туралы мақал –мәтел дерді мағынасына қарай стрелка арқылы сәйкестендіріп, 1 мақалдың мағынасын түсіндір.

2-топ: Әртүрлі суреттер таратылып «Ата анаңды неге теңер едің?» сұрағына сәйкес келетін суреттердің жанына отбасы мүшелерін жапсырту, себебін анықтату.

3-топ: Олар қандай? сұрағына өлеңнің ұйқасын тауып жазу арқылы өлең құрату.

4 — топ: Сен ата — анаңа не істесең, саған перзентің де соны жасайды» деген негізгі ойға құрылған қандай әңгіме оқып едік. Есіңе түсіріп сол әңгімені сахналап беріңдер

2 — жүргізуші: 

Сергіту сәті:

С. Мәуленовтың «Ата ақылы » өлеңін хормен, іс — қимыл арқылы айтқызу.

1- жүргізуші: 

Әке –шешенің бала алдындағы борышын санасақ сан жетпейді. Бұлардың біразына тоқталар болсақ: жастығын, денсаулығын, күш — қуатын жұмсап, тоғыз ай жүрегінің астында ұстап, өмірге әкелген, емізген және дені сау, тәрбиелі, әдепті етіп өсірген анаға мың тағзым.

О, Ата – анам!

Таянышым, тірегім!

Бар бақытты бір басыңа тіледім.

Бізді жақсы болсын екен деп қашанда,

Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің – дей келе ата – ана туралы дана сөздерді жеткізуші ұрпақтарға берейік.

1- оқушы: Ұл-қыз, ата-анасын, үлкендерді қуанышқа бөлеп, бақытқа кенелтем десе, алдымен адепті болулары керек. Өз жұмыстарын адал да тыңғылықты атқарса, ата — ананың ұл — қызы болып өседі.

2-оқушы: Ата — ананы сыйлау — сәби шағында олар өзіңді қалай бағып қақса,қартайғанда оларды да солай алақанға салып, аялап күту керек.

3-оқушы: Ата — ананың көңілін еш ренжітуші болма, олардың жүрегіне қайғы түсіруші болма.

4-оқушы: Ата-анасын ұмытқан бала опасыздың опасызы, рақымсыздың рақымсызы. (Ғ.Мұстафин).

2 — жүргізуші:

Түн ұйқысын төрт бөлген, түнде бесік таянып, түнде шошып оянған ананың ақ мейірімін, ерекше бағаламасаңдар,ол — қорлық.

Ардақты ана,аяулы ана қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп, талай түн қаттың.

Өміріме нәр береді ақ сүтің,

Кең құшағың-аясындай гүл бақтың.

Мен өзіңмен қайда болсан біргемін,

Махаббатың жүрегімде жүр менің.

Күн нұрындай жадырайды бір күлгенің,

Қуанып көз алдыңда жүргенің — дей келе келесі кезекті «Үкілі қыз» биіне береміз.

Орындайтын: «Айжұлдыз» тобы.

1 — жүргізуші:

Ата-ана алдындағы әдептілік — баланың бармақтай кезінде бойына табиғи дарыған қасиет болуы тиіс. Ата-ананы сыйлау-елді сыйлау. Ата- әжесін құрметтеу — өмірді құрметтеу.

Хормен:

Қымбатты ата — ана, ұстаздар!

Біздің борышымыз — сіздерді құрметтеу.

Оқушылармен ой бөлісу сәті: «Ой бөліс,пікірлес» ойыны.

1. «Ата — ананың ақысы немен өлшенеді?»

2. «Ата — анаңа не қылсаң алдыңа сол келеді» дегенді қалай түсінесіз?»

3. «Ата — аналардың қарттар үйіне қоныс аударуына не себеп болады?»

4. «Ақылды баланың бойында болатын жақсы қасиеттер қандай?»

5.«Үлгілі ата — ананың бойында қандай асыл қасиеттер болу керек деп ойлайсың?»

2 — жүргізуші: 

Ана сіздер, кең байтақ даласыздар,

Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.

Көлеңке жоқ көңілінде,қылауы жоқ,

Үлбіреген жауқазын баласыздар — дей келе әсем әнге кезек береміз.

Орындайтын: «Ана туралы жыр» Аятбек Арсен.

1 — жүргізуші:

«Отбасы — шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел — ана отбасы жылуын сақтаушы, ал әке отбасының тірегі.

Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.

Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.

Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,

Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз-

демекші, біз кешімізді аяқтай келе барлықтарыңызды ортаға қол ұстасып, шеңбер жасап тұруға шақырамыз. Біз қазір «Бар жақсылық — отбасыға» тренингін ойнаймыз. Барлығымыз бір — біріміздін отбасымызға жақсы, игі тілектер тілейміз.

Мысалы: Әсем: сенің отбасыңа мен өмірдегі бар жақсылықты тілеймін.

Асыл аналардың құрметіне әсем ән жолдаймыз.

Орындайтын: «Асыл жан» Нұрмахан Азиз.

2 — жүргізуші:

«Отбас ағашы» атты стендке бүгінгі тренингтен алған әсерлерін стикерлерге жазып жабыстырады.

Көріскенше күн арасы жақын болсын! Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!


ПІКІР ҚАЛДЫРУ