«Әкелер дәстүріне адалмыз» атты жауынгерлік кездесу кешінің сценарийі

0
3116

№225 орта мектебінде өткізілетін «Әкелер дәстүріне адалмыз» атты жауынгерлік кездесу кешінің жұмыс жоспары.\r\n\r\n1- жүргізуші: Қазақстан Республикасының жоғарғы бас қолбасшысы еліміздің президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» даму бағдарламасындағы негізгі жеті даму саласында бірінші болып ұлттық қауіпсіздік тұратыны бәрімізге мәлім.\r\n2- жүргізуші: Ал егеменді ел тірегі «қарулы күштер» болса сол Қарулы күштерге жастарды мектеп тпбалдырығынан даярлайтын алғашқы әскери даярлық пәні болып табылады.\r\n1- жүргізуші: Қысқа мерзім ішінде қазіргі заманғы қаруды меңгеру,тәуелсіз демократиялық отанымызға лайықты қорғаушы болу күрделі іс, сондықтан әрбір жасөспірім мектеп табалдырығынан бастап өзін әскери қызметке дайындауға, өз таны ҚР мен оның халқы алдында азаматтық жауапкершілікті кәміл ұғынуы тиіс.\r\n2- жүргізуші: Құрметті қонақтар , оқушылар, ұстаздар қауымы, бүгінгі мектебімізде Ұлы жеңістің 60- жылдығына мерекесі қарсаңында әскери- патриоттық іс- шаралар өткізіліп жатыр соның бірі бүгінгі «Отаншылдық- ең ізгі сезім» атты жауынгерлік кездесу кеші.\r\n1- жүргізуші: Бүгінгі салтанатты кездесу кешімізге Қызылқұм шекара заставасының әскери қызметкері Күлімбетов Сүлеймен ағайларың, жауынгерлер Қожаназаров Серік , Өтегенов Қуаныш ағаларымыз қатысып отыр.\r\n2- жүргізуші: Бүгінгі кешті ашу үшін сіздерге деген тілегін білдіруге\r\n Сөз мектебіміздің тәрбие ісі меңгерушісі Ебелекова Элмира апайға сөз кезегін береміз.\r\n1- жүргізуші: Баяндама «Патриоттық: тәрбие- негізгі мектепте» \r\nАсамадин Т 10 сынып оқушысы\r\n2-жүргізуші: Құрметті қонақтар, ардақты ағалар, сіздер қиындығы мен қызығы қатар жүретін әскери қызметте жүрсіздер, \r\nбіреулеріңіз мерзімді әскери қызметкеріңізді абыроймен атқарып қайтыңыздар дейміз. Келесі сөз кезегі Қызылқұм шекара заставасының әскери қызметкері Күлімбетов С. Ағайларыңа беріледі.\r\nӘн орындалады: Сағымбаева Ж.\r\n «Бейбітшілік сақталады»\r\n1-жүргізуші: Туған жерім менен алыс қалдыңба?\r\nҰзын сонар ,ұзақ жолдар алдымда\r\nАттанар кез бердім адал антымды\r\nОтан ана, анашымның алдында.\r\n Өтегенов Нұралы ағайға беріледі\r\n2- жүргізуші: Құрметті қонақтар, әкелер дәстүрін жалғастырушы бүгінгі ұрпаққа біздің оқушы, ертеңгі отан қорғаушылларына тіркеу куәлігін тапсыру үшін Қызылқұм шекара заставасының қызметкері Күлімбетов С. Ағайға сөз береміз.\r\n Ән орындалады: Қазиұлы Есболат.\r\n1-жүргізуші : Бүгінгі кеш қарсаңында 10-11 сынып оқушылары арасында «Күштілер , ептілер, батылдар» сайысының қорытындысын таныстыру үшін жарыс төрешісі Сексенбай Бақыт ағайға беріледі.\r\nӘн: Амангелді Ринат\r\n2-жүргізуші: Ауыр жорықтарда, жауапты посты да, жауынгерлеріміздің көңілдерінің шипасы ән болғаны рас. Ауылдан алыста, туысқандардан жырақта бөтен жерде, бейтаныс елде туған жердің көгілдір аспаны мен мөлдір бұлақтары талай ұлдарымыздың сағыныштарын шалқытып қиын сәттерде күш- қуат бергені рас. Олай болса, 7 класс оқушысы Шамшырақ .Р әнін қабыл алыңыздар.\r\n1- жүргізуші: Тәуелсіздік тұғырына жол салған \r\n Жас сарбазым баба ісіне адал бол \r\n Жалын атып тұрған жастық шағыңда\r\n Ел қорғаны алынбайтын қамал бол\r\nҚазір сіздердің алдарыңызда 10 сынып оқушылары жаттығулар көрсетеді.\r\n\r\n2-жүргізуші: Бүгінгі кездесуге келген ағалар сіздерге деген ыстық лебізіміздің және құрметтіміздің белгісі ретінде мектеп оқушыларының естелік сыйлықтарын табыс етуге рұқсат етіңіздер.\r\nӘн: «Тыныштық жыры» орындайтын Ахметова .А\r\n 1-жүргізуші: Сонда ғана сен бабаңа тартқансың\r\n Ел сенімін иығыңа артқаның\r\n Біліікті бол, білімді боп мәрт жаны,\r\n Дей алмассың үлгі аламын тек кімнен\r\n Бабаларың батыр болған шетінен\r\n Дәл соларша , сүйе білсең еліңді\r\n Азамат боп шыққандығың сенімнен\r\nҚұрметті қонақтар , бүгінгі кешімізді аяқтай отырып, сіздерге мектебіміздің атынан үлкен алғысымызды білдіріп болашақта зор денсаулық, мол бақыт, ал егемен Қазақстанға бейбітшілік, ашық аспан тілейміз!\r\n\r\n \r\n\r\nКешті өткізген әскери жетекші: \r\n\r\nҚызылорда облысы, Қазалы ауданы, Кәукей ауылы №225 орта мектептің АӘд пәнінің мұғалімі\r\n\r\nСАБЫР Зәріп


ПІКІР ҚАЛДЫРУ