Ауған соғысы (сценарий)

0
9375
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Ауған соғысы

Мақсаты:
Оқушыларға Ауған соғысы жайлы  мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу; Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету;
Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.

Көрнекілігі: Слайд, бейнетаспа.

Шақырылған қонақтар: Ауған соғыс ардагерлері
Дөңгелек үстелдің  барысы:

Жүргізуші:
Армысыңдар, ауғандық жауынгерлер,

Жырым бар жараланған жаныңды емдер.
Өлгендердің жанатта болсын жаны
Тірілерің мың жаса, дәуірлеңдер!
— Қайырлы күн құрметті де қымбатты қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! 10 сыныптармен өткізгелі отырған  «Ауған ақиқаты» атты Ауған соғысының ардагерлерімен  дөңгелек үстелге қош келдіңіздер!

Гимн

Жүргізуші:
    1989 жылы, ақпан айының 15 — ші жұлдызында талай аналарды перзенттерінен айырған, мыңдаған жерлес бауырларымыз қаза тапқан, қасіретті де қайғылы да, Ауған соғысы аяқталды. Екінші жаһан соғысына пара — пар зардабы мен залалын шашқан Ауған соғысының тарих қоржынын бір басында жатқанына да 30 жылдың төңірегі болды. Жарасы жазылған жоқ. Жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде сақталуда. Бүгінде «Ауған соғысы қажет пе еді?» деген сұрақтар көп қойылатын кезеңде, біз жастар еліміздің сол соғысқа қатысқан ағаларымыздың  Отан алдындағы борыштарын адал ақтаған азаматтар деп құрмет тұтамыз. Биыл  Ауған соғысының аяқталғанына 30 жыл толып отыр.

Ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатынасып, батырлықпен ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз бүгін біздің ортамызда.Бүгінгі дөңгелек үстелге қатысып отырған құрметті қонақтарымыз, Ауған соғысының ардагерлерімен таныстырып өтсек:
(Қонақтармен таныстыру)

1. Ахметжанов  Мұхтар  Абдіқасұлы  

————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————-

Жүргізуші: Ерлік кездейсоқ болмайды, ол жауынгердің жүрегінде достарын еске алып, Отанынан өзін тыс сезіне алмайтынын түсінгенде ғана туындайды. 3285 күнге созылған алапат апаттың аяқталар күні бар екен. Ол 1989 жылдың 15 — ші ақпаны болатын. Дәл осы күні халықаралық Женева келісімінде бекітілгендей, Ауғанстаннан соңғы кеңес әскерлері шығарылды. Ауған соғысына 22269 жерлесіміз қатысып, жиырманың біріне жат жерден топырақ бұйырған.
Осынау қанды қасапты шейіт болған 10955 боздақтың 761 — і қазақстандық жауынгер. 362 — сі қазақ. Тоғыз жылда соғысқа қатысып, 484 — і жараланып қайтқан. 20 — сынан осы күнге дейін хабар жоқ. Ауған соғысы жайлы баяндама әзірлеп келген   — сынып оқушысы ———————————————————————————————————————————————сөз берсек.

Баяндамашы :
   Ауған соғысы 1979 жылдың 27 желтоқсанында КСРО қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. Соңы аяқталмас соғысқа ұласқан бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес оған сырт мемлекеттердің қатысуымен ұзаққа созылды.

Статистикаға сүйенсек:
10 жылға созылған ауған соғысында КСРО бойынша қайтып оралмаған жалпы адам шығыны – 14453 — ке жеткен.
Ал Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 761 — і қаза тапты, 21 адам хабарсыз кетті. 1000 жауынгерден астам өз жеріне оралып, алған түрлі дене жарақаттарының кесірінен ауырып қаза болды. Бұл соғыстың абырой әпермейтінін түсінген Кеңес үкіметінің басшылары Ауғанстандағы барлық әскерді екі жылдың ішінде алып шығу туралы бір шешімге келді. 1989 жылдың 15 ақпанында қолбасшы, генерал — лейтенант Б. Громов “Кеңес әскері Ауғанстан жерінен толықтай шығарылды” деп мәлімдеді. Бүгінгі таңда елімізде 10000 — ға жуық ауған соғысының ардагерлері бар.Олардың 3000 — дайы мүгедектер қатарында.Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың ауған соғысы туралы: « Ауған соғысында қыруар қаржы шығындадық, мыңдаған өмір қиылды, бәрібір кеңес әскеріне бұл елді тастап шығуға тура келді. Халық үшін бұдан асқан қасірет бар ма?» — деген ойлы сөзі бар.Бұл соғыс жайлы шындық талай жылдар бойы тұмшаланып келді. Тек еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана шындықтың беті ашылды.Осындай ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз біздің ортамызда.

Жүргізуші:
Құрметті қонақтар мен оқушылар алдымен бейнетаспаны көріп , содан әңгімемізді жалғастырсақ.

Жүргізуші:
— 1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғанстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс – зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі , міне өздеріңіз таспадан көрген  – Ауған соғысы.

Жүргізуші:
Құрметті —————————————————————————————————————————————— сіздің Ауған соғысы жайлы сұхбатыңыздан бастасақ.

Жүргізуші: Рахмет, аға, әңгімеңізге. Ардақты ағалар! Біз кітаптың бетінен ғана оқып білген бұл соғысты, сіздер өз көздеріңізбен көрдіңіздер, куә болдыңыздар, сондықтан оқушылардың сіздерге қояр сұрақтары  бар екен, рұқсат етсеңіз.

(Сұрақ-жауап жүргізіледі)

  1. Соғысқа шақырту алғанда қай жерде әскери борышыңызды өтеп жүр едіңіз?
  2. Соғыс кезіндегі қиындықтарды айтып берсеңіз?
  3. Ауған соғысына аттанар алдында соғыстың мақсат — мүддесі түсіндірілді ме?
  4. Кеңес әскері Ауғанстан жерінен шығарылатынын естігенде қандай сезімде болдыңыздар?
  5. Бүгінгі таңда елімізде 10000 — ға жуық Ауған соғысының ардагерлері бар екен. Сіздер бір — біріңізбен майдандас ретінде хабарласып тұрасыздар ма?
  6. Кейінгі ұрпаққа айтар тілектеріңіз?

Жүргізуші:

«Ерлік — жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жазуымен елге аман – сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымызбен кездесіп, бүгінгідей сұхбат жүргізіп, естеліктерін тыңдау – біз үшін бір ғанибет. Құрметті ағалар, сол бір сұрапыл соғыстың естеліктерін ортаға салып  әңгімелеп бергендеріңізге көп рахмет.

Жүргізуші:

Өтер жылдар, уақыт тағы алыстар
Тағдыр талай тауқыметін табыстар
Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың
Ауғанда болып азап шеккен арыстар.
деп ақындарымыз жырлағандай, өмір жылжып жатады, ерлік өлмейді, заманымыз жалғаса береді. Бұған дәлел ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлердің бейбіт өмірдегі жарқын істері. Қоғамдық жұмыстағы белсенділері, түрлі кәсіптік игерудегі бәрінен бұрын жастарды, отан сүйгіштікке ұлтжандылыққа тәрбиелеудегі ерен еңбектері.

— сынып оқушыларының орындауындағы ән өздеріңізге арналады, қабыл алыңыздар.
Ән.

Жүргізуші:
Құрметті қонақтар, әрбір минуты қымбат мына заманда алтын уақыттарыңызды қиып,  келгендеріңізге көп — көп рахмет! Оның өзі сіздердің антқа берік, жауапкершілігі жоғары адам екендіктеріңіздің дәлелі. Бұл кездесу оқушылар үшін үлкен тәрбиелік мәні зор мағыналы іс — шара болды деп есептейміз. Бейбіт өмірдің баға жетпес бақытты күндерінде амандықпен дидарласайық! Келесі кездескенше сау болыңыздар!

Дәл осынау жадыраңқы жай күні,

Болса дағы қай ғасырдың  қай жылы

Боздақтарға  басымды иіп бір минут,

Есіме  алам  сол бір апат қайғыны

Ауған  соғысында  мерт болған ерлердің  рухына, бүгін  арамызда  асқар  таудай болып жүрген  ағаларымызға  басымызды иіп тағзым етейік!

Әрбір сарбаз елімнің боп тірегі ,

Халқым аман болсыншы  деп тіледі.

Егеменді ел болып  етек жаптық,

Төбемізден көк байрақ желбіреді.

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ