«Автобус» тақырыбындағы ұйымдастырылған ашық оқу қызметі

0
2450
«Күн дидарлы-Қазақстан!»

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің жоспары

Білім беру саласы: «Таным»

Оқу қызметі: Құрастыру.

Тақырыбы: «Автобус»

Мақсаты: 

Білімділік: Балаларды көлік туралы және олардың түрлерімен таныстыра отырып, автобус туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық: Үлгіге қарай отырып, автобустың бөлшектерін құрастыра білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: Автобус суреті,желім. Түрлі- түсті қағаз

— Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Қараңдаршы, бізге көп қонақтар, апайлар келіпті. Келіңдер шаттық шеңберге тұрып сәлемдесейік.

Саламатсыздарма? Здравствуйте .good morning.

Шаттық шеңбері:

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Баршаңызды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

— Жарайсыңдар, балалар өз орындарымызға жайғасайық.

— Балалар, қазір жылдың  қай мезгілі?

-Қыс мезгілі?

— Қыс мезгілінде ауа-райы қандай болады?

— Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын сендер жауабын ойланып отырып шешуін табыңдар.

Құстан аумайды,

Көкте зулайды.

(Ұшақ)

Арқасында ауыл жүр,

Ала тайым шауып жүр.

(Автобус)

Адам істеп шығарған бір жануар,

Құрғақ жерде жаны жоқ,суда болар,

(Кеме)

Бір-біріне қарай үйлер тіркесіп,

Қара тұлпар жүр әрі-бері көшіп. (Пойыз)

— Балалар, ұшақ, автобус,жүк машина, жеңіл машинаны кеме, пойыз т.б бір сөзбен не деп атайды?

-Көліктер

Балалар – көліктерді түрлеріне қарай нешеге бөлеміз?

-Үшке

Дұрыс, әуеде, суда, жерде жүретін болып үшке бөлінеді.

— Әуе көліктеріне қандай көліктер жатады? ұшақ, зымырант.б)

— Ал су көліктеріне қандай көліктер жатады? (кеме, қайық)

— Ал жер көліктеріне қандай көліктер жатады? (жеңіл машина, автобус, жүк көлігі пойыз)

Дұрыс. Ендеше «Өз орнын тап» деген ойын ойнайық

Таңқалардық сәт: Топқа Автобус айдаған Бауырсақ келеді

Бауырсақ: Сәлем достар, привет, хеллоу.

Тәрбиеші: Балалар бізге кім келді?

Ол немен келді?

Балалар,Мен Ормандағы достарымды 1 наурыз Алғыс айту мерекесіне қонаққа шақырып едім .Олар немен келеміз көлік жибер деп жатыр. Қандай көлік жіберсем болады.

Балалар ормандағы достарына қандай көлік жібереміз?

-Дұрыс, Автобус

Бауырсақ: Ой балалар менде бірақ автобус. Ал менің достарым көп олар симайды.

Тәрбиеші: Бауырсақ сен уайымдама Біздің балалар саған автобус құрастырып береді. Ол үшін автобустық қандай бөліктерден тұратынын айтсаң болғаны.

Жарайды ендеше айтып берейін
  1. Автобустың қаңқасы
  2. Есікгі
  3. Терезесі
  4. 4 дөңгелегі

Балалар ендеше жұмысымызға кірісейік орындарыңа отыра қойыңдар.

Тәрбиеші. Балалар біз құрастыру жұмыстарын бастамас бұрын қауіпсіздік ережесін есімізге түсірейік. Желімді аузымызга салмаймыз.

Жұмыс аяқталғанда желімді жауып қоямыз.

Мен сендерге құрастыруға қажетті деталдарды дайындап келдім. Ең алдымен қаңқасын жасап аламыз

1.Ол үшін мына қатты картонды алып ортасына беттестіре бүктейміз.

2.Бұрыштарын бүртейміз

Міне балалар қаңқасы дайын болды

Енді терезелерін жапсырайық

Содан соң есігін жапсырайық

Енді 4 дөңгелегін жапсырайық

Балалар жұмысымызды аяқтап болсақ апайларға көрсетейік.

Бауырсақ: Қандай әдемі автобустар, менің достарым қуанатын болды рақмет сендерге. Сау болыңдар.

Тәрбиеші: Балалр сендер шаршаған боларсыңдар

Сергіті сәті. Қыдырып қайтайық әніне сергіту сәті.

Рахмет сендерге

Балалар біз қандай көлік құрастырдық. автобус.

Автобустық құрылысы қандай екен

. Қаңқасы-кузов

Есігі-двер

Терезесі-окна

Дөңгелегі-колесо

Жарайсыңдар балалар сендер бүгінгі іс әрекетке жақсы қатыстыңдар сол үшін мен сендерге мынандай бағалай күлкілерін сыйға беремін .Ол жай сыйлық емес ата-аналарыңмен бірге жаттап алатын автобус өлеңі бар. Рақмет сендерге.

Күтілетін нәтиже:

Қайта жаңғыртады: көлік түрлерін ажыратады;

Түсінеді: жұмысты ұқыпты, реттілікпен жасауды, автобустың басқа көліктерден айырмашылығын;

Қолданады: түрлі-түсті қағазды пайдалана отырып, бөлшектерді жапсырып құрастыруды..


ПІКІР ҚАЛДЫРУ