ҚазҰУ-дағы жұмысалды тәжірибелік мүмкіндіктер

0
944
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті - білім алуға зор мүмкіндіктер мекені

Барлығымызға белгілі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті- еліміздегі жетекші оқу орындарының бірі. Атап өтпеске болмас, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті QS (Ұлыбритания) халықаралық рейтингтік агенттігінің зерттеуі бойынша, 2016 жылы әлемнің үздік 250 университеттерінің қатарына енді. Сонымен қатар, ҚазҰУ әлемдегі ең технологиялық жағынан дамыған 50 университеттің бірі.

Ғылымы мен білімі қатар дамып келе жатқан бұл оқу орнындағы басқа мүмкіндіктер туралы да сөз қозғамауға болмас, яғни тәжірибелік мүмкіндіктер. ҚазҰУ-да тек білім алып қана қоймай, алынған білімді іс жүзінде сынап көруге де көптеп мүмкіндіктер жасалынған. Солардың бірі педагогикалық бағыттағы білім алушылардың арнайы пәндер циклін немесе жалпы теориялық оқыту курсын оқып болғаннан кейінгі ұйымдастырылатын пеагогикалық практика.

Педагoгикалық практика жалпы ғылыми, дидактикалық, әдістемелік, пәндік және психологиялық-педагогикалық дайындықты біріктіруге бағытталған. Педагогикалық практиканың мақсаты — жалпы ғылыми, мәдени, психологиялық-педагогикалық, әдістемелік және арнайы пәндер бойынша білімді бекіту және тереңдету, сонымен қатар теориялық білім негізінде педагогикалық қабілеттер, дағдылар мен құзыреттіліктерді қалыптастыру. Педагогикалық практиканың негізі — орта жалпы білім, бастауыш кәсіптік, орта кәсіптік білім беретін білім беру ұйымдары. Практика ұйымдармен келісімге келе отырып, оқу орны басшылары алынған теориялық білімді практика жүзінде көрсете білуге керемет, қолжетімді мүмкіндіктер ұсынады. Яғни бекітілген білім беру орындарында мамандық бойынша жұмысалды дайындықтар жүргізу, нағыз педагог өмірі мен жұмыс барысын танысу, бастапқы құжаттармен жұмыс жасауды үйрену.

Әрбір мемлекеттің болашағы ол жастардың қолында. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағыдыры ұстаздардың қолында» деген қанатты сөзінің өзі біздерді жарқын істерге апара жолды меңзеп тұрғандай. Осындай білім ордасында сапалы білім алып, кереметтей мүмкіндіктерді қолдана отырып, болашақта ел дамуына үлес қосардай азамат болу, сондай-ақ сондай азаматтарға білім беріп, саналы ұрпақ тәрбилеу, біз сияқты жастардың, болашақ білікті мамандардың, алдыңғы қатарлы мақсаты және міндеті болуы тиіс.

Ғылыми жетекшісі- Медетбекова П.Т.

«Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері» кафедрасының 4-курс студенттері- Сотиболдиева Р.Н., Шарипидин А.М


ПІКІР ҚАЛДЫРУ