Қазақ әдебиеті пәні бойынша тақырыптық тест тапсырмалары

0
3054

Қасым Аманжолов дүниеге келген өңір:
А) Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы
В) Қарағанды облысы Жезқазған қаласы
С) Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласы
D) Батыс Қазақстан облысы Жымпиты ауданы
Е) Орал қаласында дүниеге келген

Қасым Аманжоловтың өзі туралы жазған өлеңі:
А) «Өзім туралы»
В) «Өзім жайлы мәлімет»
С) «Дүниеге жар»
D) «Өз жайымнан ақпарат»
Е) «Менің өмірбаяным»

Қасым Аманжоловтың поэмалары:
A) «Боран»
B) «Өзім туралы»
C) «Көкшетау»
D) «Бикеш»
E) «Елге хат»
F) «Дүниеге жар»
G) «Құпия қыз»

Қасым Аманжолов меңгермеген аспап:
А) домбыра
В) скрипка
С) қобыз
D) сырнай
Е) мандолина

Қасым Аманжоловтың «Өмір сыры» атты алғашқы өлеңдер жинағы неше
жасында жарық көрген?
А) 21
В) 25
С) 22
D) 20
Е) 27

Смағұл Елубай дүниеге келген жер:
А) Қазақстан
В) Өзбекстан
С) Түрікменстан
D) Қарақалпақстан
Е) Иран

Смағұл Елубай сценарий жазған тарихи фильмдер:
A) «Батыр Баян»
B) «Томирис»
C) «Сұлтан Бейбарыс»
D) «Қазақ хандығы»
E) «Жау жүрек мың бала»
F) «Алмас қылыш»
G) «Атаманның ақыры»

Тарихта «Ұлы жұт» деген атпен қалған ашаршылық жылдары:
А) 1921–1922 жылдары
В) 1932–1934 жылдары
С) 1933–1935 жылдары
D) 1931–1933 жылдары
Е) 1941–1945 жылдары

Мәтінді оқып, сұраққа жауап бер:
Арғы ата-бабалардан мұралықпен жететін тектілік, пайым-парасат,
адамдық қасиеттерді ту етіп ұстағанда ғана, адам баласының алмайтын,
қамалы, жеңбейтін қиындығы болмайды.

Мұхтар Кәрібай

Пікірдің «Пайым мен парасат» бөліміне қатысы бар ма?
Мұнда қандай құндылықтар туралы айтылып тұр? Қандай пікір айтасың? Ойыңды дәлелде.

Бөлімде берілген көркем шығармаларды салыстыра отырып, ондағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсететін
«Пайым мен парасат» деген тақырып бойынша флипчартта презентация жаса.

Халықара­лық зер­ттеу­лер фор­ма­тын­дағы тап­сырма ­үлгілері

Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап бер.
«Біздің бойымызға біткен қасиеттердің ішіндегі ең маңыздысы және
ізгісі – парасат» деген Габриэль Маблидің пікірін пайдаланып, мәтінді талда.
Парасаттылық – адам бойындағы кісілік қасиет. Парасаттылық ұғымы
ақылдылық пен білімпаздық, мәдениеттілік, көрегенділік, зерделілік мағынасында қолданылады. Парасатты адамға адамгершілік, инабаттылық, салиқалылық, мейірімділік, ізгілік, әдептілік, ұстамдылық, талғампаздық қасиеттері
тән. Көпті көрген, көп білетін мұндай адам сөйлейтін әр сөзін ойланып, ақыл
таразысына салып айтады. Дәстүрлі қазақ қоғамында парасатты адам бойында
кездесетін асыл қасиеттердің біріне айналып, адамгершілік пен өнегелілік тұрғысынан жоғары бағаланған (Қазақ энциклопедиясы).

 Мәтін қандай үлгіде жазылған?
А) Естелік
В) Хат
С) Анықтама
D) Өлең
Е) Өсиет

Төменде ұсынылған мәтелдерді өзің жалғастыр (дәстүрлі жалғасын алуға
болмайды):
Адам аласы ішінде,

Адам жүрген жермен адам жүреді,

Бұрынғының кісісі,

Кісі аты тершең,

Жолдасты жол айырады,

 «Парасаттылық» сөзінің синонимін тауып, онымен сөйлем құрастыр:
А) Толеранттылық
B) Даналық
C) Зайырлылық
D) Саналылық
Е) Көрегенділік

Мәтінде сын есімнен жасалған қанша туынды зат есім бар?
А) 12
В) 13
С) 14
D) 15
Е) 16

Мәтінде айтылмаған сөзді белгіле:
А) Көрегенділік
В) Инабаттылық
С) Имандылық
D) Ізгілік
Е) Мәдениеттілік

Дереккөз:  Қазақ әдебиеті. Жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбының
қоғамдық-гуманитарлық бағытына арналған оқулық. Р.Зайкенова,
Р.Сакенова, Л.Н.Нұрланова, 2020 жыл.

Ұқсас материал:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ