Қазақ хандығының шаруашылығы, сауда айырбасы және қала-қоныстары

0
4214

Қазақ хандығының XVII ғ.соңы – XVIII ғ.басында саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайын зерттеу барысында, оның шауашылығын, сауда айырбасының дәрежесін және қала қоныстарының ахуалын қарастырмасақ жұмыс аяқталамаған сипат алады.

Қазақ халқы ертеден қой, жылқы, түйе өсірген. Ірі қара мал қазақ шаруашылығына негізгі орын алмаған. Өйткен, ол қыста қар астынан тебіндеп азық табуға бейімделмеген. Мал қысы-жазы далада жайылған. Мұндай шаруашылықтың түрі қазақ қауымына үнемі жыл мезгіліне қарай, табиғи белдеулерге байланысты көшіп отыруды қажет етті.

Кейбір қазақ мақалалары адамның жақсы, жаман қасиеттерін төрт-түлік малдың мағынасында көрсетті. «Адам жылқы мінезі» қазақтар өздерін жылқы малына тенеп, еркін жүргенді қалайтындығын көрсеткен сияқты. Тағы да жиі кездесетін бір мақал «Қойшы коп болса, қой арам өленді» . Мұнда ру арасындағы бірлікті сақтау үшін ортақ билікке жүгінуді шақырғандай.

Мерзімді көшу жүйесіндегі қазақтардың жайлау, күзеу,қыстау  сияқты жерді пайдаланатын тәртібі болды. Көшпелі қазақ қауымы үшін қыстаудың орны ерекше. Қыстау маңындағы шөбі қалын жерлерді қолға қарайтын малдың ерекшелігіне қарай бөліпол жерге тиісті малын ғана жіберіп отырған.  Мәселен егер бірінші орынның «қорық» одан кейін «келте қыстау», «жалан қыстау», «ала тебін», «қарамал жер», «атарқан», «бұзау жер», «Би жер», «Тұяқ кесті» деп т.б жайылым түрлеріне бөліп оған тек сол өзінің астына сәйкес малды жайған.

Қазақ шаруашылығында тағы бір маңызды орын алатын малдын бірі -түйе болды. «Екі өркешті түйе әр қазақта бар»[19, 235 б.] деп Паллас көрсетеді. Түйе үнемі көшіп-қонып жүретін қазақтардың тұрмысындағы көліктін негізі болады. Түйені құмды жерлерді қоныстанған қазақ рулары кеңінен қолданылды. Табиғаттың әркелкілігі бұл жерді мекендеген халықтардың шаруашылығына тікелей байланысты. Шөлді аймақтардың негізгі малының түрі болды екі өркешті түйелер жүк тасуға пайдаланылады, жүнінен киім тоқып, сүтінен шұбат жасайды. Қазақтар климат жағдайына байланысты бір өркешті түйені өсірмеген. Орта Азияда түйе сауда жолының басты белгісі болды.

Сауда айырбасының дамуы Тәуке хан тұсында XVII-XVIII ғасырларда тоқтамады. Оның басты себебі сыртқы саясатындағы бейбіт қарым-қатынас бағыттарын сақтауға болады. Қазақ жері ертеден сауданың басты жолына айналған. Сауда керуені басып өтетін ұлы жібек жолының торабына орналасқан,қазақ жері хандықтың экономикалық жағдайына тікелей өз әсерін тигізді.

Түркістан қаласының қазақ ордасының орталығы болғандығын XVIII ғасыр басындағы архив матералдарынан да кездестіруге болады: «Түркестан город стариное столицы подселением, против Ташкента».

Түркістан қаласының тарихы бүкіл қазақ халқының тарихымен, дамуымен, құлдырау кезеңдерімен ұштасып жатыр. Қазақ халқының рухани орталығы саналған Түркістан қаласының маңызы ерекше. Тәуке ханның тұсында барлық келіссөздер, халық мәселелерін шешу үшін Түркістанға жиналған болатын. Түркістан аймағы деген атпен деректерде кездесетін Сыр бойындағы қалалар  XVII ғасырдың аяғы – XVIII ғасырда өздерінің ықпалын жоғалтпады.  

Түркістан қалалары Сырдария өзені шаруашылығындағы негізгі егіншілікпен айналысқан аудандарын сумен қамтамасыз етті. Қалалардың орналасуы жағынан Сыр өзенімен бойлады.

Түркістанға қалалары Сығанақ, Сауран, Ясы (Түркістан) Отырар, Сайрам, Аркук, Үзкент Қазақ хандығының саяси – экономикалық жандануында алатын орны айрықша. XV ғасырдың соңында Түркістан қалалары үшін басталған Шайбанилықтар мен Қазақ хандарының қырқысулары XVI ғасырда Түркістан өлкесі Қазақ хандығының құрамына енуімен аяқталған болатын.

Енді осы отырықшы мәдениеттің кіндігі атанған қалалардың соңғы орта ғасырлардағы жағдайы қандай дәрежеде болғандығына шолу жасап өткен жөн.

XVI – XVII ғасырлардағы Сыр өңіріндегі ең ірі қала, Қазақ хандығының бас қаласы ғана емес, жалпы көшпелі және отырықшы мәдениеттің тоғысқан жері болды. Түркістан дін орталығы, рухани мәдениеттің шоғырланған, сауда орталығы болған. Есім хан тұсында оның саяси орталығы болған бұл қала XVIII ғасыр жоңғар шапқыншылығына ұшыраған. Түркістан қаласы туралы деректер XVII ғасырдың соңында орыс елшілердің естелік жауаптарында айтылады.

Әмір Темірдің XIV – XV ғасырлар шебінде таңғажайып Қожа Ахмет Йассауи кесенесі – салдырғаны туралы мәліметтер көп. XII ғасырларда Түркістан Ясы болып аталды.

Осы тарау бойынша төмендегідей тұжырымдар жасауға болады. Тәуке хандықтың ішкі жағынан орталықтандыру бағытында ру арасында әлсіз, кіші руларды туысқандық жүйе бойынша біріктіріп, олардың арасындағы тартысты тоқтата білді. Сыртқы саясатында ұстамдылық танытқанымен Ресей сияқты ірі мемлекеттер Тәуке ханның іс – әрекеттерін дұрыс бағалай білмеді. Хандықтың шаруашылығының даму бағыты географиялық – фактормен тікелей ұштасып жатты. Енді келесі тарауда қазақ қоғамындағы әлеуметтік – экономикалық қатынастардың бағыттарын жан – жақты қарастырылады.

 

Тогаев Аслан Уразаевич

Солтүстік Қазақстан облысы, Есiл ауданы

«Тауағаш орта мектебі» КММ


ПІКІР ҚАЛДЫРУ