XVII ғасырдың соңы – XVIII ғасырдың басындағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы

0
22955
Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны

XVII ғасырдың соңы – XVIII ғасырдың басындағы Қазақ хандығының мемлекеттік дамуына оның аймақтық байланыстары, қоғамдық қарым-қатынасындағы әлеуметтік өзгерістері, хан билігінің күшеюі, қазақ жерін сыртқы жаулап алу факторы тұрғысында тарихтың қатаң сынағынан өтуі тиіс болды.

Тарихи зерттеулерде Тәукенің хандықтағы билікке келу жылының талас тудыратын мәселе екені белгілі Тәукенің хан жариялануын екінші бағытындағы талдау, оның 1653-1654 жылдардағы хандыққтағы билікке ие болғандығы тарихи оқиғаларды салыстырмалы-сараптау арқылы нақты тұжырым жасау. Тәуке ханның 1678-80 жылдарға дейінгі жазба деректерде есімнің ұштаспауы немесе осы жылдар аралығында Қазақ хандығы жағдайы туралы өзге халықтардың деректерінде кездеспеуінің себебі:

  1. Қазақ хандығының сыртқы саясатындағы тұрақтылығы;
  2. Көрші орналасқан мемлекеттердің өз ішіндегі саяси өзгерістердің әсері болды.

Қазақ хандығы Тәуке тұсында сытрқы жағдайдың бірсыпыра тұрақтанып, нығаюына белгілі. Тәуке хан билігі күшейген кезден бастап сыртқы саясат көрші елдермен бейбіт түрде байланыс жасай отырып, экономикалық қарым-қатынас та орната білді.

XVIIғ. соңы – XVIII ғ.басында қазақтар Ташкент қаласының ішкі билігіне көп араласа бермеген, олар тек жергілікті халықтан салық жинаумен ғана шектеліп отырған. Орта Азия және Қазақ хандығының қарым-қатынастарында негізгі саяси мәселерден гөрі экономикалық талаптар басты.

XVIII ғасырдың бас кезі, – деп атап көрсетті академик Бартольд,-Азия мұсылмандары үшін саяси-экономкалық, мәдени саларында құлдырау болып табылады. Халықтың жағдайы нашарлап кетті. Мал басы кем түсті[14, 80 б.].

Тәуке хан ойрат жасақтарының үздіксіз шабуылын тыю мақсатында Жоңғар ордасымен бейбіт қарым-қатынас орнату үшін ұдайы елшілер жіберіп тұрды. Соның бірі-1703 жылы 25 сәуірде Цебан-Рабданның текестегі ордасына қазақ елшілігі бейбіт қарым-қатынас ортануға келгендігін сол кезде Жоңғар еліндегі орыс мемлекетінің елшісі П.Гордеевке тілмашына хабарлады [15, 65 б.]. Елшілік қандай нәтижеге жеткендігін білдіретін мәліметтер ешқандай құжаттарда кездеспейді. Бірақ,осыдан кейін екі ел арасында ірі қақтығыстар бола қойған жоқ. Оның бір себебі, Жоңғар мемлекетіндегі ішкі қайшылықтардан болса, ал екіншіден қазақ жасағынын тарапынан берілген қатты соқылардың әсерінен болуы мүмкін.

1709 жылдары басталған ойрат феодалдарының жаңа шабуылы, Тәуке ханның қазақ билеушілерінің басын қосып 1710 жылы Қарақұм маңында үш жүздің өкілдерінен құрылтай өткізуге итермеледі.

Ал Құрылтайда үдей түскен жоңғар шапқыншылығына қарсы төтеп бергеніміз бе, әлде келісім жасаймыз ба деген мәселелер әңгіме болды. Құрылтай қатысушылардың бір тобы тағдыр талқысына көніп, жоңғар қалмақтарына бой ұсынуды жөн көрді.басқалар үй-үйін тастап,-деп жазады А.Гавердовский, – Еділдің сыртына көшіп барып жан сауғалағасы келді. Ал енді біреулері қоян секілді жан-жақты бытырап кетпекші болды. Талайы толқып жүрді, бірақ сол кезде ерлігімен әйгілі болған ру басы Бөгенбай мұндай әрекеттердің бәрін тыйды [16, 110 б.].

Ел көпшілігі мал шаруашылығымен айналысқан көрші мемлекет арасында материалдық ахуалын көбейту барысында жайылымдық жерлерді үнемі кеңейтіп отруы қажетсінді. Осыған орай жайылымдық жерлерді жаңадан иелену тартысы басталды. XVIIғасырдың соңында Қазақ хандығы қалмақ жеріне өзі қауіп төндірген болса, оның кейбір жерлерін басып алған кездегі болды десек те, хандықтағы ішкі жағдайдың шеленісу нәтижесінде әлсірей бастағанды. Жоңғар билеушілерінің бірден – бір қызықтырған жерлері Жетісудың құнарлы жерімен, Оңтүстік Қазақстанның мәдени орталықтары болды. Қазақтардың XVIIIғасырдың басындағы жағдайынан хабар берген Ш.Ш. Уәлиханов: «XVIII ғасырдың алғашқы он жылдығы қырғыз халқының өміріндегі сұмдық уақыт болды. Жоңғарлар, Волга қалмақтары Жайық қазақтары мен башқұрттар жан-жақтан олардың ұлыстарын талқандап, малын айдап алып, тұтас семьялармен тұтқынға әкетіп отырды» – деп сипаттады [5, 22 б.].

Қарақұмда өткен құрылтай жоңғарларға қарсы жұмыла қарсы тұру жөніндегі шешім Тәуке хан жасақтарынын жеңістерінің табысты болуына әсер етті. Халық жасағы айырылып қалған қоныстарды қайтарып алып қана қоймай, жоңғар билеушілерінің жерлеріне басып кіріп, көптеген жоңғар әскерлерін тұтқындап, келіп келді…

Тәуке хан тұтқиыл шабуылдан жерін қорғау үшін Түркістан қаласынын маңына 80 мың атты жасақ ұстап тұрды. Жау келер деген жерлерге, асуларға, жол тораптарына күшті күзет қойылды. Жоңғарлардың әскер үстемділігін байқауға Тәуке батыстағы шекаралық шептерін нығайтуда орыс елімен байланысын күшейте түсті.

Мұнан Тәуке хан секілді беделді қайраткерлердің ел арасында жоқтығы бірден аңғарылады. Әр жүз, әр ру өз алдында ел болғысы келді.Тәуке басын біріктіріп батырлар қолбасшылық еткен халық жасақтары жеті-сегіз жеңістен кейін-ақ табысқа мастанып әр ру өз сұлтанын, өз төресін хан көтеріп, әр ел өз батырын биік мадақтап, жан-жаққа даурығып тарап жатты.

Қазақ-жоңғар қатынастары батырлар эпостарында көрініс тапты. «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр», қазақ-ноғай циклі бойынша «Мусахан»,«Ораз және Мамаш», қарақалпақтарда, «40 қыз» сияқты мазмұндағы ортақтық ерекше көзге түсті. Алайда, XVIII ғасырдың бірінші ширегінің соңында жоңғар шабуылы ішкі тартыстың қайта өршуі, сондай-ақ 1717-1718жылдарда Тәукенің дүнеден өтуі Қазақ хандығы шаңырағының шайқалып, шетінеуіне бірден бір себебі болды..

Тәуке хан Ресей мемлекетімен тең жағдайда қарым-қатынас орнатқысы келген болатын. Бірақ Ресей мен Қазақ хандығының арасындағы шекаралық шиеленістерге қарақалпақтар тарапынан жасалып тұрған жорықтардың да әсері болғанын айта кеткен жөн. Оған мынандай мысал келтіруге болады: «Тәуке хан сөзімізді тыңдап болған соң, бізге былай деді: бұдан кейін Тобыл уезі маңындағы қыстақтар мен деревнялар қарақалпақтармен соғыстар болып өткен…»[17, 25 б.]. Қарақалпақтардың орыс шекараларына жасаған шабуылдарын 1693 жылы Түркістанға келген орыс елшісі В.Кобяков та атап өтті.Бұл жағдай Тәуке хан мен Ресей елі арасындағы қарым-қатынастың нашарлығының тағы бір себебі болды. Рас, екі мемлекеттің де көздеген өзіндік мақсаты бар. Мысалы, Ресей мемлекеті өз тарапынан қазақ жеріне жоңғарларды қолдай отырып, айдап салу, екі жүзділік бағытты ұстанса, ал Тәуке хан сауда жолын дамыту арқылы керек кезде әскери көмек алу жолын көздеді. Бірақ сол кездегі Қазақ хандығының билеуші тобы орыс мемлекетімен бейбіт қарым-қатынас жасаудың қажеттілігін жете түсінбеді. Оларды, әсіресе, шекарадағы тонау, содан түсен қыруар олжа барынша қызықтырды.

Тәукенің Ресей елімен тең дәрежедегі мемлекеттік жүйелі басқарудағы ел екендігі оның жасаған іс-әрекеттері дәлелдей түседі. 1709 жылы Кондратии Буловинің патшаға қарсы жасаған көтерілісі жеңіске ұшыраған соң оның тууының астына мындаған орыс қазақтары I Петрдың жазаға тарту саясатынан қашып Еділ мен Жайық өнірінде қоныс теуіп отырған қазақтарға қырғын салады. Тәуке хан Әбілқайыр сұлтан мен Бөгенбай батырды 30 мың сарбазбен жорыққа аттандырады. Тәуке қазақ жерінің шекарасын қорғауға дайын екендігі көрсетеді. Тәуке ханның әскерінің жалпы саны соғыс жылдарында 80 мың сарбазға жетіп отырған,ал бейбіт өмірде 500-1000 мыңға жуық жасағы болған.Мұны Тәуке ханға келген орыс елшілері мағлұматтарында да атап кеткен.

Көптеген тарихи құжаттарда Тәуке ханды 1718 жылға дейін Қазақ ханы болды деген тұжырым басым айтылады. 1716 жылдан бастап Тәуке есімі Ресей мұрағаттарында, сондай-ақ жиһангез, жолкезбелердің жазбаларында кездеспейді. Сонымен бірге Бұқар, Хиуа, Шығыс Түркістан деректерінде де оның есімі аталмайды. Ресей архивіндегі материалдарға сүйенетін болсақ,  1715 жылы татар тілінде жазылған Балгаир батыр ханның көшірмесінде: «Жасы жетті,қартайып Тәуке-Мұхаммед қайтыс болды» немесе Тайқоныр батырдың айтуынша, «қырғыз-қайсақ жерінде бұрынғы Тәуке хан қайтыс болған соң, оның билігі қазіргі Қайып ханға өтті» делінген.

Біздіңше бұл деректерге сын көзбен қарау керек. Өйткені, 1716-1719 жылдар аралығындағы барлық қазақ-орыс байланыстары мен қарым-қатынастарын Қазақ хандығының атынан Қайып хан жүргізіп отырған. Сондықтан, егер билік тұтқасы Тәукенің қолында болса, онда оны орыс билеушілері білмеуі мүмкін емес еді. Себебі, Тәуке хан Тобыл билеушілерімен өте тығыз байланыста болған. Екіншіден жоғарыда айтып өткендей ол 1636(1635)-1638 жылдары дүнеге келді деп болжайтын болсақ, онда оның 1716 жылдағы нығыз қартайған шағы болар еді. Тәукенің балаларының саны деректерге әр-қилы болып кездеседі. Шоқан Уалихановтың хандар шежіресі бойынша төр баласының есімі көрсетілді.Болат,Тұрсын,Мұрад,Сәмеке,Қасым. Зерттеулерде оның сегіз баласының есімі айтылады:Болат,Сәмеке,Қосым,Қасым,Қошын,Ғайып,Мұрат.Орыс мағлұматтарында «Тәукенің екі баласы бар» деп көрсетеді.

Тәуке тұсында Қайып есімі жиі аталып келген. Ол Түркістанда Тәукенің жанындағы ең сенімді деген адамдарының бірі болған. Елшілерді қарсыалып, күткендігі жөнінде елші А.Неприпасов елшілігінің жауаптарының жазбаларында да айтылады. Кейбір зерттеулерде Қайыпты Тәукенің баласы деп береді. Қайып Есім ханның екінші баласы Құдаймендіден тарайды[18, 133 б.]. Қайып сұлтан әрқашан Тәукені қолдап, қуаттап отырған. Сондықтан Тәукенің тақ мұрагері тек Қайып болуы мүмкін екен.

XVII ғ.соңғы ширегі – XVIII ғасырдың басындағы Қазақ хандығының сыртқы саясатында орыс елімен бейбіт қарым-қатынастарды сақтауды көздеген байланыстарын көруге болады. Тәуке хан Ресей елімен жақсы қатынасын сақтап,сауда саттықты өркендету саясатын ұстанған, ол бірнеше дүркін елшілер жіберіп, тату-тәтті, ынтымақта болатын көршіні іздеді. Өкінішке орай, Ресей мемлекеті оның ұстанған бағытын жеткілікті дәрежеде қолдамай, қазақ шекараларына бекіністер сала бастады. (Омбы 1716, Железинск 1717, Семей 1718, Өскемен 1720).

Кеңес дәуірінде Петр I-нің «Қазақ жері Азия елдеріне ашылған бірден-бір қақпа» деген қанатты сөздерді, дәлірек айтқанда, Қазақ жерін қалайда өзіне бағындыру екендігін мұндағы Ресей тарапынан болған отарлау саясаты анық көрсетіп отыр.

Жалпы, Тәуке ханның және Қайып хан тұсында Ресеймен қарым-қатынас бақа кезеңдермен салыстырғанда ең жақындасқан, ең түсініскен дәрежеде болды дей аламыз. Сондықтан Реседе ұлы-Петр, Қазақ хандығында-Әз-Тәуке, көршілес екі мемлекеттің әрдайым тыныштықта өмір сүру Евразия құрылығындағы елдер мен халықтары үшін баға жеткісіз маңызы бар екенін айқын ұғынған.

XVII ғ.соңы -XVIII ғ.алғашқы ширегіндегі Қазақ хандығының сыртқы саясатында салыстырмалы болса да, тұрақтылық орныққан болатын. Бұхар, Хиуа, Ресей, Жоңғар, Қытай сияқты ірі елдермен көршілес жатқан халықтың саяси-географялық орналасуының өзі оның билеушілерінен әрқашан ұстамдылық және бірлікті танытуға талап етті. Көрші мемлекеттер болса хандықтың өз ішіндегі саяси сіне араласуға талпынды. Мұны Тәукеден кейін Қайып, Әбілқайыр, Абылай сияқты хандар өз мүлделеріне тиімді пайдаланған болатын. Әрине Тәукенің тұсында сыртқы саяси жағдай жоғары дәрежеде болды деп біржақтылық таныту дұрыс емес. Өйткені қазақ-хандығындағы биліктің толығымен орталықтанбауы, ондағы жеке сұлтан,би батырлардың сыртқы саяси мәселерді шешуге іс-әрекеттерді, кері әсерін дипломатиялық қарым-қатынас орнатты.

 

Пайдаланылған әдебиеттер.

  1. «Қ 18 «Қазақстан» , Ұлттық энциклопедия /Бас ред. Ә. Нысанбаев – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2001. – 720 бет
  2. Оқушы анықтамасы: 5-11 сыыптар. – «Арман» баспасы, 2003 ж. – 1 – кітап – 352 бет
  3. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. IIтом. – Алматы: «Атамұра» , 1998 ж.-640 бет
  4. А 31 Айбын энциклопедия. /Бас ред. Б.Ө Жақып. –Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011 ж. – 880 бет
  5. «Тарихи зерттеулерге кіріспе» монография/Ш.-В. Ланглуа, Ш. Сеньобос;фр. тіл.ауд. АСеребрякова. – СПб., 1899. – 275с.-(Образоват: б-ка. Сер. 2(1898 г.).№ 3-4). Орыс тілінен ауд Б.а Габдулина. – Астана:Фолиант, 2015 ж.-280 бет.
  6. «Қазақ хандығы» (II бөлім) : Қазақстан балалар энциклопедиясы. – Алматы «Аруна» баспасы, 2006 ж.-224 бет, илл.

 

Тогаев Аслан Уразаевич

 Солтүстік Қазақстан облысы, Есiл ауданы

«Тауағаш орта мектебі» КММ


ПІКІР ҚАЛДЫРУ