Жыл мезгілдері, тəулік уақыты, апта күндері (Ұйымдастырылған оқу қызметі)

0
3483
Jennie Kim: кәріс айдолының Голливудтық дебюты
№25 ҰОҚ. Тақырыбы: Қай уақытта болады? Бүгін, кеше, ертең, бүрсігүні; таңертең, кешке, күндіз, түнде.  Математика
Күні:   Педагогтің аты-жөні: Тойчиева Зилола
Сынып/топ: 0 – «ә» Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
Оқыту мақсаттары

0.2.3.1.Түрлі жағдаяттардың/ фигуралардың /уақыттың (күн, апта, ай, жыл) тізбегін орнатып, жалғастыру.

0.2.4.1.Уақыт туралы түсінікті білу: бүгін, кеше, ертең, бүрсігүні; тəулік бөліктері.

Күтілетін нəтижелер

Барлық тəрбиеленушілер:

-уақыт бөлігіне (күн, апта, ай, жыл) байланысты түрлі оқиғалардың бірізділігін түсіндіреді;

-түрлі фигуралардың бірізділігін жалғастырады.

Көптеген тəрбиеленушілер:

-фигуралардың, заттардың, оқиғалардың бірізділігін құрастырады.

Кейбір тəрбиеленушілер:

-өз бетінше заттардың, фигуралардың, оқиғалардың бірізділігін құрастырады, бірізділіктегі қателерді атайды.

Тілдік мақсаттар

Дағдыларын дамыту:

-уақыт бөлігіне (күн, апта, ай, жыл) байланысты түрлі оқиғалардың бірізділігін түсіндіре алады;

-түрлі фигуралардың бірізділігін жалғастыра алады.

Пəндік лексика жəне терминология:

-жыл мезгілдері, тəулік уақыты, апта күндері, алдымен, содан кейін, дейін, кейін, алдында…

Пікір алмасуға арналған сұрақтар:

–  Оқиғалардың бірізділігін түсіндіре аласыңдар ма?

–  Алдымен не болды, содан кейін не болды?

–  Өз бірізділіктеріңді құрастыра аласыңдар ма?

Жазу:

-бастырып жазу, бояу.

Алдыңғы білім Жыл мезгілдері, тəулік уақыты, апта күндері.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-əрекет Ресурстар

Басталуы

0–5 минут

Ынталандыру.

Педагог балалардан сұрайды:

–    Қазір қай жыл мезгілі?

–    Қазір қандай тəулік уақыты? (содан кейін қандай, бұған дейін қандай тəулік уақыты болды жəне т.б.).

Өзектендіру.

(Ұ)Педагог балаларға күн тəртібі туралы айтуды ұсынады.

–  Күн тəртібі деген не?

–  Күн тəртібі не үшін қажет?

Педагог түн, уақыт, апта күндері туралы жұмбақтар жасырады.

«Күн тəртібі» плакат.

Ортасы

6–15

Мақсат қою (проблемалық жағдай).

(Ұ)

–  Біз бүгін күн тəртібі, тəулік уақыты, жыл мезгілдері туралы білімімізді нақтылаймыз.

(Ұ) Балалар1-тапсырманың суретін – күн тəртібін қарайды.

–  Суретте бейнеленген оқиғалар тəуліктің қай уақытында болып жатыр?

Педагог балалардан «таңертең», «күндіз», «кеш», «түн»,

«алдымен», «содан кейін» деген сөздерді пайдаланып, жауап беруді сұрайды.

Педагог балаларға «Бұл қашан болады?» деген ойын түрінде жұмбақтар шешуді ұсынады. Жиынтық полотномен жұмыс жасайды.

Жаңалық ашу.

(Ұ) Педагог балаларға «Бұл қашан болады?» ойынын ойнауды ұсынады (жыл мезгілдері туралы тақпақтарды, жұмбақтарды оқиды).

Педагог жиынтық полотномен жұмыс істеуді жалғастырады.

–  Суреттерді қарап шығыңдар.

–  Олар өз арасында қалай байланысқан? (Жыл мезгілдері, ауа райы, киім).

–  Карточкаларды қалай біріктіру керек?

Талқылаудан кейін балалар өз бетінше карточкаларды біріктіреді, тексеру кезінде өздерінің жауаптарын дəлелдейді (Қыста ауа райы суық жəне қарлы, адамдар жылы киім киеді.)

Əліппе-дəптер.

 

 

 

 

 

 

Кеспе материал.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жиынтық полотно,

№11 кесте

16–22

Жаңаны қолдану.

(Ж) Жыл мезгілдерін бекіту үшін балаларға №21-22 кестелердің қималы суреттерін өздігінен жалғауды ұсынады.

Жұптық жұмыс ұсынуға болады. Бір бала жыл мезгілдерін реттілігі бойынша атайды, екінші бала орналастырады, одан кейін балалар рөльдерімен алмасады.

2-тапсырманы орындау ұсынылады.

Электрондық жиынтық полотно.

№21-22

үлестірмелі материалдар.

 

(Т) 3-тапсырма – «реттілік» ұғымын бекітуге арналған. Педагог алдымен не болатынын, содан кейін не болатынын айтып беруді сұрайды.

Талқылаудан кейін балалар тапсырманы өз бетінше орындайды.

 

Кеспе материалдар.

Рефлексия

23–25

Рефлексия.

Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды. Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы бағалауды ұсынады.

Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі сатыда көңілсіз смайликтің суретін салуға болады.

Қателіктер аз болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті салуға болады. Қателіктер болмаса жəне бала барлығын жақсы түсінсе, жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті салуға болады.

Əліппе-дəптер.

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ