Қазақ, орыс және ағылшын мақал-мәтелдеріндегі «әйел» бейнесі (баяндама)

0
2345
Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны

Қазақ, орыс және ағылшын мақал-мәтелдеріндегі «әйел» бейнесі

Тіл бейнелілігінің бірден-бір көрсеткіші мақал-мәтелдер. Мақал-мәтелдерден халықтың ой-санасы, дүниеге көз-қарасы, мазмұн тереңдігімен, түр жағынан ықшамдығымен ерекшеленеді. Онда өмірдің сан салалы құбылыстарына баға беріліп, ой түйінделіп, халықтың ғасырлар бойы тәжірибесі негізінде пікір айтылады. Халық терең ойды аядай қалыпқа иғызып, шебер беруге  тырысады. Сөйтіп, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жинақтап, қорытып береді.

Мақал-мәтелдер – қай тілде болмасын, халық даналығының қайнар көзі, ақылман ойшылдар, ділмәр-шешендер, айтқыш даналар сөзінің мәйегі, ұйтқысы болып саналады. Мақал-мәтелдер бізге сан ғасырлар бойы халықтың қоғамдық даму үрдісінде қалыптасқан ұстанымдары, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, оның тарихы, рухани мәдениетінің қайнаркөздері жайында мол ақпарат беретін тілдік қор болып табылады.

Біз өз зерттеуімізге қазақ, орыс және ағылшын мақал-мәтелдеріндегі «әйел» бейнесін сипаттауды мақсат еттік. Әйелдер туралы сөз еткенде жұмсақтық, нәзіктік, мейірімділік, сезімталдық, күмәншілдік, аса сақтық, байқағыштық, құбылмалылық, тиянақтылық, отбасы ұйтқысы сияқты стереотипті бейнелері мен мінез-құлықтары ойға келеді.

Бәрімізге белгілі, «әйел» дегенді естігенде, ең алдымен, «ана» ойымызға оралады. Яғни, әйелдің негізгі образы ол – ана. Ана – әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі. Мақал-мәтелдерде «ана» образы жағымды сипатталып, тәрбиеші, қамқоршы символын атқарады. Кез-келген тілде ана туралы мақалдар өте көп.

Ананың ойы – балада, баланың ойы – далада.

Ананың алақаны – балаға айдынды қоныс.

Нет лучшего дружка, чем родная матушка.

От солнышка тепло, от матушки добро.

A mother understands what a child does not say.

One mother achieves more than a hundred teachers.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде де ер-азаматтарға жар таңдағанда, алдымен анасына қарап ал деген мақалдар да бар. Яғни ол, қыз тәрбиесінде ана шешуші рөл атқаратындығын білдіреді.

Анасын көр де – қызын ал,

Аяғын көр де – асын іш.

Дочку сватать – за матушкой волочиться.

When buying a house, check the beams,

When choosing a wife, check the mother.

Қазақ мақал-мәтелдерінен қазақ менталитетіне «әйел» концептісін қабылдауда тән әйел затының орнының ер адамнан бір саты төмендігі, бағыныштылығы көрініп тұрады. Мысалы, қазақтың төмендегі мақал-мәтелдері оған дәлел бола алады:

Алтын басты әйелден, бақыр басты еркек артық.

Байтал жүйрік, парқы жоқ, қатын шешен, нарқы жоқ.

Орыс мақал-мәтелдерінде де  жаман әйелге айқын теңеулер қолданылып, оларда жамандық, ашу-ыза, әйелінің өліміне деген үміт анық байқалады:

Лучше хлеб с водою, чем жить со злою женою.

Перед злою женою сатана – младенец непорочный.

Ағылшын мақал-мәтелдерінен де әйел затының еркектерден бір саты төмен есептелгендігін көреміз, және екі тілде де «әйелге» ортақ теңеу – сайтан. Мысалы:

There is no devil so bad as a she devil.

A bad woman is worse that a bad man.

Women is woe to man.

Үш тілде де әйелдің еркектен төмен тұратыны, әйел басқарған үйде береке болмайтыны айтылады:

Байтал шауып бәйге алмас.

Дал муж жене волю – не быть добру.

It’s a sad house where the hen crows louder than the cock.

Үш тілде де әйелге сенбеу, сырын ақтармау туралы мақалдар да кездеседі:

Астыңдағы атыңа, қойныңдағы қатыныңа сенбе.

Не всякую правду муж жене сказывает.

He that tells his wife news is but newly-married.

Мақалдарда әйелдердің көп сөзге жанының құмарлығы, бос әңгімеге әуес болуы жиі айтылады:

Жақсы әйелдің қолы ұзын,

Жаман әйелдің тілі ұзын.

Шила и мыла, гладила и катала, пряла и лощила, а все языком.

Что знает кум, знает и кумова жена, а по ней и вся деревня.

One tongue is enough for a woman.

Three women make a market.

Әйелдердің негізгі кәсібі – үй шаруашылығы. Осыған байланысты, мақалдарда әйелдің сұлуынан гөрі үй шаруашылығына икемі бағаланатындығы туралы баяндалады:

Ерте тұрған еркектің ырысы артық,

Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық.

Не та хозяйка, которая говорит, а та, которая щи варит.

С лица воду не пить, умела б пироги печь.

A woman’s place is in the home.

A woman’s work is never done.

Бәрімізге мәлім, әйел баласы және біз – қыздар жасымыз туралы сөз қылғанды ұнатпаймыз. Бұл туралы ер-азаматтар да біледі. Ұлы халқымыз төмендегі көрсетілген мақал-мәтелдерді осы тақырыпқа арнаған:

Әйел қырыққа келгенде өңін бермесе – қасиет,

Еркек қырыққа келгенше есі кірмесе – қасірет.

Бабий век — сорок лет, а в сорок пять — баба ягодка опять.

Life begins at forty.

Десе де үш тілде де әйелдің еркектерге жанама дипломатиялық қарым-қатынасын байқаймыз.

Алған әйелің жақсы болса, елге сыйлы боласың.

За каждым великим человеком, стоит великая жена.

Behind every great man there’s a great woman.

Келесі мақалдар әйелдердің өз дегеніне жете білетін, тікелей болмаса да ерлерін басқара алу қасиеттерін көрсетеді:

Ер – бас, әйел – мойын.

Жена мужа не бьет, а под свой нрав ведет. (Муж — голова, жена – душа)

Man is the head, but a woman turns it.

Үш тілдің мақалдарында да әйел затын жақсы, жаман деп  екіге бөліп бағалағаны көрінеді. Жақсы әйел — жаман, нашар, білімсіз күйеуін тәрбиелеп, жөнге келтіріп адам ететіні сөз етіледі. Керісінше жары жаман болса, жақсы ер азаматты тұңғиыққа жетелеп, асыл қасиеттерінен бездіріп, көрге сүйрейтіні айтылады:

Жақсы әйел өміріңді ұзартады, жаман әйел үстіңе тұз артады.

Жақсы әйел жарының жақсысын асырады, жаманын жасырады.

Добрая жена – веселье, а худая – злое злее.

С доброй женой горе – полгоря, а радость вдвойне.

The Good Jill may mend the bad Jack.

A good wife makes a good husband.

Жоғарыда айтылғанды сараптасақ, әйел затының қоғамдағы рөлінің жоғары екенін де байқадық. Ал ер адам екі халық дүниетанымында да ел басшысы, отбасының қамқоршысы, асыраушысы бейнесіне баланады. Әйел болса, ер адамның өмірлік жолында оған күш-жігер, қайрат беріп отыратын ерекше бір қасиетке ие адам – отбасы ұйтқысы, жарының жартысы, бала тәрбиелеуші.

Мақал-мәтелдердің гендерлік қырын қарастыру барысында олардың ұлттық-мәдени астарын, рухани мәдениетінің қайнаркөздерін де ашу маңызды, өйткені әр мақал-мәтелдің астарынан халықтық дүниетаным, ұлттық философия, белгілі бір мәдени ақпаратты көре аламыз. Әйел затының қоғамдағы, отбасындағы әлеуметтік-мәдени рөлін үш халықтың мақал-мәтелдерінен анық аңғардық. Әйелдің қай қасиеттерін жоғары бағалап, пір тұтып, оны неге теңегенін көрдіңіздер.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдері түрлі топқа жатқанымен, тарихи тұрғыда түрлі бағытта дамығанымен, мақал-мәтелдердегі толық не жартылай ұқсастық, не болмаса мағынасының ұқсастығының бар екенін дәлелдедік. Яғни, қай ұлт, қай этнос, қай нәсіл болмасын, «әйел» кез-келген қоғамда ерекше орын алып, ал оның бейнесі бірдей екендігін дәлелдеуге тырыстық.

Басқа материалдар


ПІКІР ҚАЛДЫРУ