Қазақстан табиғаты

0
1431
Гомотетия және оның қасиеттері

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан табиғаты

Сaбақтың мақсаты: Оқушыларды «Қазақстан табиғаты » тақырыбында 5-6 сөйлемнен тұратын әңгіме дұрыс айтуға дағдыландыру.
Сабақтың міндеттері: 1) білімділік: Оқылым, жазылым, сөйлесім, айтылым әрекеттерін жүйелі қолдану арқылы оқушыларды тілдесімге жетелеу. Тақырыптағы лексикалық бірліктерді меңгерту. Грамматикалық тақырып жіктік жалғау, септіктер мен тәуелдік жалғауларына байланысты тапсырмалар орындау.
2) дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу тілдері мен жазба тілдерін дамыту. Сөздік қорларын молайту. Байланыстырып сөйлеу қабілеттерін жетілдіру.
3) тәрбиелілігі: Оқушыларды өз елін, жерін сүйіп қастерлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс — тәсілдері: аудару, сұрақ — жауап, слайд, көрнекіліктер, жұптық, топтық ,жеке жұмыстар.
Сабaқтың көрнекілігі мен жабдығы: суреттер, слайдтар, қима — қағаздары
Сабақтың түрі: қайталау.

Сабақтың кезеңдері
Мұғалімнің әрекеттері Оқушының әрекеттері Модуль уақыт

Ұйымдастыру

кезеңі

Амандасу

Колобаративтік ортаны құру

Кезекшінің рапортын алу

Амандасады

«Досыма тілек» өлеңін айтады,

Кезекші рапортын айтады

Жаңа әдістер
Қайталау-Тіл дамыту «Сен-маған,мен-саған» ойынын ұйымдастыру Оқушылар бір-біріне Қазақстан тақырыбы бойынша сұрақтар қойып,жауап береді, Диалогтың оқыту
Жаңа сабаққа көшу Оқушыларға сөзжұмбақ көрсетіп, сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау: Қазақстан табғаты туралы білімдерін пысықтау

Сөзжұмбақты шешеді, сабақтың тақырыбы мақсатын айтуға тырысады

(Алтай, Ертіс, Алакөл, Арал)

Жаңа әдістер- Өзін-өзі басқару
Жаңа сабақ Презентация көрсетіп, сұрақтар қояды: Қазақстан табиғаты қандай? Неге Қазақстан табиғаты бай? Біздің қалада қандай өзен бар? Презентация қарайды, сұрақтарға жауап береді Сын тұрғысынан ойлау Жұқа ,жуан сұрақтар
Тыңдалым:тапсырманы түсіндіреді, мәтінді тыңдатып, тапсырманы орындатады, тапсырманың кілттерін тақтадан көрсетеді,критерийлерді іліп түсіндіреді Дәптерлерді ашып, мәтінді тыңдайды, карточкадан тест тапсырманы орындайды, кілттер бойынша бір-бірін тексереді Критериалдық бағалаубағалау 10м
Сергету сәті «Көңілді күн» әнін айту,билеу
Топтық жұмыс Топтарға бөледі (сөзжұмбақтағы Алтай,Арал, Ертіс, Алакөл деп 4 топқа бөлінеді) Топтарға бөлінеді
«Адасқан сөздер» ойынын ұйымдастырады: көлдер, өзендер, таулар теңіздер деп 4 тақырыпқа аралас келген 10 сөз тіркес береді, әр топ тиісті сөз тіркестерді таңдап, постер жасайды «Адасқан сөздер» ойыны: белгілі тақырып бойынша керекті сөздерді таңдап, қиып, қағазға жапсырады Өзін-өзі оқыту, көшбасшылық 10м
Критерийлірді еске түсіреді, қорғау мен бағалауды бақылайды Постерді қорғайды,әңгімелейді, бірін-бірі бағалайды Көшбасшылық
Бекіту- Тақтадағы сөйлемдерді оқытып, аудартып септік жалғауларды анықтау, дұрыс жауап үшін топтарға ұпай беріп отырады Тақтадан кезекпен сөйлемдерді оқиды, аударады, септік жалғауларды тауып, атап шығады
Рефлексия Не ұнады? Неге үнады? Деген сұрақтарды қойып, тақтада жауаптарды іліп қою Не ұнады? Неге ұнады? Сұрақтарға стикерлерге толтырып жазу Қалыптастырушы бағалау
Бағалау Топтардың жұмысын бағалайды, қотытынды жасайды Бағаларды, үй тапсырмасын күнделікке жазады

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ