Қазақстан тарихынан 10-сыныптарға арналған тест сұрақтары жауабымен

1
41202

Жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушыларына арналған Қазақстан тарихы пәнінен тест сұрақтары. Дұрыс жауаптар материал соңында кестемен берілген.

  1. Ғұндардың ұзақ уақыт бойы басты қарсыласы –

А. Үйсіндер

В. Хань империясы

С. Қаңлылар

Д. Римдіктер

  1. Қытайдың VІІ ғасырдағы деректерінде қимақтар қалай аталған ?

А. Теле

В. Юебань

С. Яньмо

Д. Имек

  1. 552 – 603 жылдары өмір сүрген мемлекет

А. Түрік қағанаты

В. Түргеш қағанаты

С. Батыс Түрік қағанаты

Д. Шығыс Түрік қағанаты

  1. «Қазақтың жайылымдық көшпелі қоғамы» еңбегінің авторы

А. В. Шахматов

В. Н. Масанов

С. С. Зиманов

Д. С. Толыбеков

  1. Тарихтағы «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» оқиғасы қай тайпамен байланысты ?

А. Сақтар

В. Ғұндар

С. Қаңлылар

Д. Үйсіндер

  1. Манихей дінінің Қазақстандағы орталығы

А. Отырар

В. Испиджаб

С. Тараз

Д. Фараб

  1. Қарахан мемлекетінің негізін салушы

А. Табар хан

В. Сатұқ Боғра хан

С. Елұй Дашы

Д. Бұйрық хан

  1. Қыпшақ мемлекетінің сол қанатының астанасы

А. Сарайшық

В. Сығанақ

С. Сауран

Д. Баласағұн

  1. Бес дулу, бес нушеби тайпасынан құралған мемлекет

А. Түрік қағанаты

В. Батыс Түрік қағанаты

С. Түргеш қағанаты

Д. Шығыс Түрік қағанаты

  1. Алтайдан Еділге дейінгі жерді Дешті Қыпшақ атаған кім ?

А. Мұхаммед Хайдар Дулати

В. Насыр Хосроу

С. Усман Кухистани

Д. Плано Карпини

  1. Күлтегін мен Білге қаған мәңгі тасындағы жазбаларды кім жазды ?

А. Тоныкөк

В. Иоллығ тегін

С. Қапаған

Д. Елтеріс

  1. Байырғы түрік кешендерін Ұлылар орны деп атаған кімдер ?

А. Қытайлықтар

В. Алтайлықтар

С. Моңғолдар

Д. Гректер

  1. Қазақстан тарихында VІ – ХІІІ ғғ ғасырлар қалай аталады ?

А. Түрік дәуірі

В. Қыпшақ дәуірі

С. Көне заман

Д. Алтын ғасыр

  1. Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк жазбаларын зерттеген Дания университетінің профессоры :

А. В. Васильев

В. С. Кляшторный

С. А. Малявкин

Д. В. Томсон

  1. Ата – Малик Жувейнидің шығармасы

А. «Жылнамалар жинағы»

В. «Жолдар мен мемлекеттер кітабы»

С. «Түрік шежіресі»

Д. «Әлем жаулаушысының тарихы»

  1. Әбілғазы Баһадүрдің шығармасы

А. «Жылнамалар жинағы»

В. «Жолдар мен мемлекеттер кітабы»

С. «Түрік шежіресі»

Д. «Әлем жаулаушысының тарихы»

  1. «Қазақтардың ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қоғамдық құрылысы» еңбегінің авторы

А. В. Шахматов

В. Н. Масанов

С. С. Зиманов

Д. С. Толыбеков

  1. Көшпелі мал шаруашылығының бастауы қай дәуірге сәйкес келеді ?

А.  Б.з. д. ХІІ – ХІ ғғ

В.  Б.з. д. ХІ – Х ғғ

С.  Б.з. д. ХV – ХІV ғғ

Д.  Б.з. д. ІХ – VІІ ғғ

  1. Ратцель, Гумплович, Торнвальд, Тойнби деген ғалымдардың көшпелілер туралы пікірі

А. «Мемлекеттің өзі көшпелілер мен отырықшы – егіншілердің өзара қақтығысынан, қорғаныс мақсатында пайда болды»

В. «Көшпелілер өз бетімен өркениет жасауға қабілетсіз, олар мемлекетті, басқа да өркениет жетістіктерін отырықшы елдерді жаулап алу арқылы ғана үйренді»

С. «Көшпелілерде таптық қоғам болған жоқ, тек рулық қауым болды»

Д. «Көшпелілер отырықшы халықтар сияқты, алдымен құлиеленушілік, содан соң феодалдық қоғамды басынан өткізді»

  1. Геродот қай ғасырда өмір сүрген?

А. Б.з.д V ғасырда

В. Б.з. V ғасырында

С. Б.з.д ІV ғасырда

Д. Б.з.д VІ ғасырда

  1. Н. Масановтың еңбегін көрсетіңіз :

А. «Қазақтардың ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қоғамдық құрылысы»

В. «Қазақтың жайылымдық көшпелі қоғамы»

С. «Қазақтардың көшпелі өркениеті»

Д. «ХVІІ – ХХ ғасырдың басындағы қазақтардың көшпелі қоғамы»

  1. Көшпелілер қоғамын «әділетті, теңдікті қоғам» деген кім ?

А. Фергюсон

В. Адам Смит

С. Ф. Гегель

Д. Монтескье

  1. Халықтардың ұлы қоныс аударуы деп аталатын тарихи оқиға қай тайпаларға қатысты?

А. Сақтарға

В. Ғұндарға

С. Үйсіндерге

Д. Қаңлыларға

  1. Каталаун шайқасы кімдердің арасында болды ?

А. Ғұндар мен римдіктер арасында

В. Ғұндар мен Венгрлер арасында

С. Ғұндар мен қытайлықтар арасында

Д. Ғұндар мен Еуропалықтар арасында

  1. Ғұн тайпалары патшалары қай тайпадан сайланды ?

А. Шаньюй

В. Си люань – ди

С. Ел бөрілі

Д. Хунну

  1. Юебань мемлекетін құрған тайпа

А. Сақтар

В. Ғұндар

С. Үйсіндер

Д. Қаңлылар

  1. Юэчжилерді тас-талқан етіп жеңген Мөденің баласы :

А. Тұман

В. Еділ

С. Чжи – чжи

Д. Лаушан

  1. Өзінің шығу тегін бір желіден алатын қандас туысқандар тобы

А. Тайпа

В. Ру

С. Туысқан

Д. Ағайын

  1. Ақ орданы билеген Жошының тұңғыш ұлы :

А. Орыс

В. Шайбани

С. Орда Ежен

Д. Шағатай

  1. Моғолстан мемлекетінің билеушілері :

А. Ерзен, Орыс, Тоғлық Темір

В. Барақ, Мүбарак, Ілияс қожа

С. Шайх Хайдар, Есенбұға,Сасы – Бұқа

Д. Тоғлық — Темір, Ілияс қожа, Есенбұға

  1. Бастапқыда «Маңғыт жұрты» аталған :

А. Моғолстан

В. Ноғай Ордасы

С. Әбілқайыр хандығы

Д. Ақ Орда

  1. Төмендегі мемлекеттердің қайсысының астанасы Алмалық қаласы

А. Моғолстан

В. Ноғай Ордасы

С. Әбілқайыр хандығы

Д. Ақ Орда

  1. 1396-1411 жылдары Алтын Орданы кім билеген ?

А. Жәнібек

В. Берке

С. Едіге

Д. Ноғай

  1. Мұсылман діни мекемелері мен дінбасыларының жеке меншігіндегі жер

А. Иқта

В. Сойырғал

С. Милк

Д. Вақф

  1. 1271 жылы Орталық Азия мен Қазақстанның оңтүстігіндегі ақша реформасын жүргізген кім ?

А. Масудбек

В. Ұлықбек

С. Мүбарак

Д. Кебек

  1. «Шыңғыс – намэ» кімнің шығармасы ?

А. Рашид ад –Дин

В. Жамал Қарши

С. Өтеміс Қажы

Д. Әбілғазы

  1. Алтын Орданың билеушісі болған Жошының екінші ұлы

А. Орда Ежен

В. Бату

С. Төле

Д. Шайбани

  1. Шыңғыс ханның « Ұлы Жасақ» заңы негізінде әскери істі кім басқарды ?

А. Даруға

В. Беклербегі

С. Басқақтар

Д. Уәзірлер

  1. Шыңғыс ханның « Ұлы Жасақ» заңы негізінде азаматтық істі кім басқарды ?

А. Даруға

В. Беклербегі

С. Басқақтар

Д. Уәзірлер

  1. Шыңғыс ханның « Ұлы Жасақ» заңы негізінде салық жинауды кім басқарды ?

А. Тархандар

В. Беклербегі

С. Даруға,  Басқақтар

Д. Уәзірлер

  1. Әскерлерді астықпен, малмен және т.б. жабдықтау үшін алынатын заттай алым

А. Тағар

В. Хараж

С. Купчур

Д. Баж

  1. Отырықшы халық төлеген жер салығы :

А. Тағар

В. Хараж

С. Купчур

Д. Баж

  1. Дұрыс емес жауапты көрсетіңіз

А. Тархандық сыйды алған адам мемлекет пайдасына салық төлеуден босатылған

В. Тархандар тоғыз рет жазалаудан босатылған

С. Тархан — феодалдардың салықтан босатылған жерлері мен иеліктері

Д. Қазақ даласында тархандар деген мүлдем болмаған

  1. Моғолстан билеушілер әулеті кімнің ұрпақтары

А. Шайбанидің

В. Шағатайдың

С. Үгедейдің

Д. Жошының

  1. 1419 жылы Едіге қаза тапқаннан кейін таққа отырған баласы

А. Нұраддин

В. Ноғай

С. Тайбұға

Д. Тоқтамыс

  1. Ол Шыңғыс әулетінен болмағандықтан хан сайлана алмады , тек «бектердің бегі», «ұлы әмір» деген атақ алды

А. Жәнібек

В. Берке

С. Едіге

Д. Ноғай

  1. 1457 жылы Сығанақ маңындағы Көккесене елді мекенінде ойраттардың Үз Темір тайшысынан күйрей жеңілген кім ?

А. Барақ

В. Әбілқайыр

С. Керей

Д. Орыс хан

  1. Көшпелі ақсүйектердің малшылар мен отырықшы егіншілікпен айналысатын тұрғындарға үстемдігінің бір түрі, сыйға берілетін шартты жер бөлігі

А. Иқта

В. Сойырғал

С. Милк

Д. Вақф

  1. Көшпелі өзбек мемлекеті қайсысы

А. Ақ Орда

В. Ноғай Ордасы

С. Моғолстан

Д. Әбілқайыр хандығы

  1. Ақ Орда мемлекетінің астанасы :

А. Алмалық

В. Сарайшық

С. Сығанақ

Д. Орда базар

  1. Көшпелі өзбектерге кірмеген тайпаны көрсетіңдер:

А. Шайбандықтар

В. Қазақтар

С. Маңғыттар

Д. Моңғолдар

  1. Қазақ даласында ерте заманда да, орта ғасырларда да үлкен саяси және этникалық біріктіруші рөл атқарған тайпа :

А. Қимақтар

В. Жалайырлар

С. Қыпшақтар

Д. Керейлер

  1. Белгілі бір тарихи – этнографиялық аймақта құрылған мемлекет тұрғындары :

А. Этноним

В. Политоним

С. Этнос

Д. Этносаяси қауымдастық

  1. Алтын Орда қашан құрылған

А. 1227 жылы

В. 1428 жылы

С. 1243 жылы

Д. 1348 жылы

  1. Шыңғыс хан Орта Азия мен Қазақстанды қай уақытта жаулап алды ?

А. 1218 – 1220 жж

В. 1219 – 1221 жж

С. 1207 – 1208 жж

Д. 1219 – 1224 жж

  1. ХІІІ – ХІV ғасырларда моңғолдардан қашқан әлем мұсылмандарының бас сауғалайтын жері :

А. Дели сұлтандығы

В. Венгрия

С. Орта Азия

Д. Египет

  1. Отырарды қоршауға алған Шыңғыс ханның екі ұлы

А. Төле мен Үгедей

В. Жошы мен Үгедей

С. Шағатай мен Үгедей

Д. Төле мен Жошы

  1. Қарлұқ бірлестігіне кірген тайпалар :

А. Түргештер, телелер

В. Болат, Шігіл

С. Эймур, Баяндур

Д. Тоқсоба, йетиоба

  1. Оларды орыстар половцы деп атаған

А. Қарлұқтарды

В. Қарақытайларды

С. Қимақтарды

Д. Қыпшақтарды

  1. Қыпшақ хандары қай тайпадан шыққан ?

А. Тоқсоба

В. Елбөрілі

С. Йетиоба

Д. Дурут

  1. Хан құжаттарының елшілік мәселесіне қатысты бөлігі қайда бейнеленеді ?

А. Жарлықтарда

В. Бітіктерде

С. Жарғыларда

Д. Заңда

  1. НоғайОрдасының территориясы

А.Ертістен Жайыққа дейін

В.Сырдарияның төменгі ағысы

С.Жайық пен Еділдің арасы

Д. Арал өңірі

63.Моңғолдардан кейінгі кезеңде Қазақстан аумағында жергілікті этникалық негізде құрылған тұңғыш ірі мемлекеттік құрылым

А. Алтын Орда

В. Ақ Орда

С. Моғолстан

Д. Ноғай Ордасы

  1. Ақ Орда қазіргі Қазақстан аумағының қанша пайызын құрады

А. 90℅

В. 70 – 75 ℅

С. 80℅

Д. 60 — 65℅

  1. Қазақ хандарының атасы атанған Орда Еженнің жетінші ұрпағы :

А. Ерзен

В. Мүбарак

С. Орыс

Д. Барақ

  1. Алтын Орда, Ақ Орда дәуіріндегі мемлекеттік жазба тіл

А. Араб – қыпшақ

В. Қыпшақ – қазақ

С. Түрік – қыпшақ

Д. Араб – парсы

  1. Қыпшақтардың батыс бірлестігі қанша тайпадан құралған ?

А. 16

В. 13

С. 11

Д. 12

  1. VІІ ғасыр екінші жартысы мен VІІІ аяғына дейін қыпшақтар қайда болды ?

А. Қимақ қағанаты құрамында маңызды роль атқарды.

В. Оғыз мемлекеті құрамында

С. Қыпшақ конфедерациясын қалыптастырды

Д. Этникалық қауымдастық құрды

  1. Ерте ортағасырлық мемлекеттерде мемлекеттіліктің нышаны :

А. Тұрақты шекараның болуы

В. Мөртаңбалар болуы

С. Тұрақты әскер болу

Д. Биліктің мұрагерлікпен берілуі

  1. Шыңғысхан өзін 1206 жылы әлем билеушісімін деп жариялаған құрылтай қай өзен бойында болған ?

А. Орхон

В. Керулен

С. Онон

Д. Енисей

  1. Отырар билеушісі :

А. Жалел ад – Дин

В. Қайыр хан

С. Мұхаммед

Д. Қараша Хажиб

  1. Хорезм мемлекетінің аса бай қаласы :

А. Бұқара

В. Самарқан

С. Үргеніш

Д. Жент

73.Шыңғыс хан қолданбаған қаруды көрсет :

А. Қамал бұзатын қондырғылар

В. Отты ысқырғыш жебелер

С. Жарылғыш заттар

Д. Зеңбіректер

  1. Монғол әскері 1221 жылы 5 мамырда қай қаланы басып алды ?

А. Бұқара

В. Самарқан

С. Үргеніш

Д. Ашнас

  1. Калка ұрысында қыпшақтар кімдер жағында шайқасты ?

А. Монғолдар

В. Орыстар

С. Қытайлар

Д. Арабтар

  1. «Бүкіл әлемде бұдан жақсы жер, бұл ауадан таза ауа, бұл судан тәтті су, бұдан кең жайылым жоқ», — деп Жошы қай жерді бағалаған ?

А. Қытай

В. Қазақстан

С. Орта Азия

Д. Хорезм

  1. Найман билеушісі

А. Арсылан

В. Сатұқ Боғра

С. Күшлік

Д. Мұхаммед

  1. Оңтүстік – шығыс Қазақстан, Жетісу өлкесі қай ұлысқа кірді ?

А. Шағатай

В. Төле

С. Үгедей

Д. Жошы

  1. Монғол ұлыстарының шебі қалай белгіленді ?

А. Ұлыстар арасында дәл белгіленген шекара болған жоқ

В. Малдың жайылымына қарай белгіленді

С. Заңмен белгіленген шекара болды

Д. Әскери бекіністер салу арқылы

  1. 1269 жылы Талас бойында құрылған мемлекет билеушісі Хайду кімнің немересі ?

А. Үгедей

В. Шағатай

С. Шыңғыс хан

Д. Жошы

  1. Ортағасырлық түркі және монғол тілдерінде мемлекет мағынасында қолданылған ұғым :

А. Ел

В. Ұлыс

С.Хандық

Д. Қағанат

  1. Шыңғысханның заңдар жинағы

А. Ұлы Жасақ

В. Жеті жарғы

С. Дала заңы

Д. Құқық ережелері

  1. 1651 – 1675 жылдары монғолша жазылған Гүүш Лувсанданзан шежіресі

А. Құпия шежіре

В. Алтын товч

С. Шара туджи

Д. Жами ат тауарих

  1. Жошы орындай алмай кеткен Шыңғысханның өсиетін кім орындады ?

А. Хайду

В. Шайбан

С. Орда Ежен

Д. Бату

  1. Шығыс Түрік қағанатының жұрты қалай аталды ?

А. Он оқ бұдын

В. Теле

С. Қара бұдын

Д. Көк түрік

  1. Біріккен Түрік қағанаты құлағаннан кейін олардың орнын Орхон бойындағы қандай тайпалар басты ?

А. Жалайырлар

В. Керейлер

С. Наймандар

Д. Қарақытайлар

  1. Түркі мемлекеттерінің құрылымында жергілікті жердегі ақсүйектер тобына жатты

А. Жабғу

В. Шад

С. Елтебер

Д. Бектер

  1. Қарлұқтар құрамындағы үлкен үш тайпаға жатпайды ?

А. Болат

В. Түргеш

С. Ташлық

Д. Шығыл

  1. Атлах – Талас шайқасында кімдер жеңіліс табады ?

А. Араб мұсылмандар

В. Қарлұқтар

С. Қытайлықтар

Д. Түргештер

  1. Қыпшақтар Византия, Еуропалық жылнамаларда қандай атпен белгілі :

А. Сарылар

В. Хипчак

С. Құнан

Д. Командар

 

Дұрыс жауап кодтары

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
В С А А В С В В В В
11 12 13 14 15 16 17 18 19 20
В С А Д Д С С Д В А
21 22 23 24 25 26 27 28 29 30
С Д В А В В Д В С Д
31 32 33 34 35 36 37 38 39 40
В А С Д А С В В Д С
41 42 43 44 45 46 47 48 49 50
А В Д В А С В В Д С
51 52 53 54 55 56 57 58 59 60
Д С Д С Д Д С В Д В
61 62 63 64 65 66 67 68 69 70
В С В Д С В С А В С
71 72 73 74 75 76 77 78 79 80
В А Д С В В С А В А
81 82 83 84 85 86 87 88 89 90
В А В Д Д С Д В С Д

 

 


1 ПІКІР

ПІКІР ҚАЛДЫРУ