Қазақстанда радиохабардың таралу тарихы

Радиохабар  —  радио арқылы берілетін информациялық , қоғамдық — саяси , көркем және музыкалық  хабарлар. Шұғыл информация , бұқаралық  үгіт пен насихат және жұртшылықты оқыту  құралдарының бірі.

Радионың негізгі жанрлары: информациялық , қоғамдық — саяси жанрлар; көркем — публицистикалық жанрлар; көркем жанрлар. Pадиохабар сонымен бірге өз хабарларында,  барлық жанрда орындалған әдеби және музыкалық шығармалардың трансляциясында , радиоға  арнайы дайындалған драмалық және опералық спектакльдерді  де пайдаланады.

Радихабар  радиостанциялар  арқылы беріліп , дербес немесе коллективтік радиоқабылдағыштар арқылы , сондай — ақ сым желісіне жалғастырылған радионүктелер арқылы қабылданады . Радионы алғаш ойлап тапқан адам — А. С. Попов . Ол 1895 жылы 7 мамырда өзі жасап шығарған сымсыз сигнал беретін қабылдағышты көпшілікке көрсеткен .

Қазақстан территориясында алғашқы  радиостанция  1915 жылы  Форт — Алексан дровскіде    ( қазіргі Форт Шевченко ) құрылды. Радиостанция  байланыс құралы ретінде пайдаланылды . Совет өкіметі нің алғашқы жылдарында-ақ В. И. Ленин радионың сауатсыздар арасында насихатты өрістету үшін таптырмайтын құрал екендігін әрдайым ескертіп отырды.

Ол 1921 жылы 2 қыркүйекте  почта және телеграф халкомына: « Бұл істің біз үшін ( әсіресе Шығыстағы насихат үшін ) ерекше зор маңызы бар. Бұл арада кідірту және селқос қарау қылмысты нәрсе » , — деп жазды.  В. И. Лениннің кеңесі бойынша көшпелі қазақ халқы арасында партиялық және ағарту жұмыстарын жүргізу үшін Қазақстанның түкпір — түкпіріне радионың  алғашқы қарлығаштары — революциялық  әндер жазылған пластинкалар таратылды . Мұның өзі Қазақстанда Радионы дамытудың бастамасы болды.

1921 жылы  Орынбордағы хабар таратқыш және қабылдағыш радиостанция  арқылы  РОСТА — ның ,қазақ бөлімшесінің хабарлары беріле бастады. 1922жылы қаңтарда  Қазақстанда хабар таратқыш — қабылдағыш 5 радиостанция ( Орынбор , Семей , Гурьев , Форт Александровск , Орал ) және ха бар қабылдағыш 8 радиостанция  ( Қостанай , Ырғыз , Ойыл , Орда , Ақмола , Петропавл , Өскемен , Павлодар ) жұмыс істедi. 1925 жылы  олардың қатарына Алматы , Жаркент Төрткөл радиостанциялары қосылды.

1925—26 жылдары  Республика  көлемінде, радиоәуесқойларының қозғалысы кең өріс алып , жер — жерде Радио достарының қоғамы құрыла бастады. Қазақстан радиостанциялары Москвадан , Ташкенттен , Омбыдан берілген хабарларды , лекциялар мен баяндамаларды , концерттерді  қабылдайтын бастады.

1927 жылы  Петропавл радиостанциясынан  тұңғыш рет жергілікті хабарлар : үгіт — насихат , оқу — ағарту материалдары , « Шаруа радиогазеті » мен « Шаруа радиожурналы , әдеби — драматургиялық хабарлар» беріле бастады.

1928 жылы ақпаннан бастап Алматы және Қызылорда қалаларында радио таратыла бастады.Жергілікті радио тарату ісі басқа да қалаларда қолға алына бастады. 1929 жылы Алматы, Қызылорда, Павлодар, Өскемен, Қостанай қалаларында сымды радиожелісі толығымен тартылды.

Осы жылы Қызылорда қалалық трансляциясынан тұңғыш республикалық  «Советская степь» радиогазеті беріле бастады. Мұның өзі республикадағы тұрақты бұқаралық Радиохабардың  бастамасы болды.

Дереккөз: Қазақ энциклопедиясы

Ерсайынова Бибақыт
Тұран университеті
3 курс студенті


ПІКІР ҚАЛДЫРУ