Қазақ тілі пәні бойынша бөлімді қорытындылауға арналған тест тапсырмалары

0
3959
Freepik.com

1. Сөйлемнің стилін ажыратыңдар. Өзендердің нитраттармен,
фосфаттармен ластануы артуда.
A. Көркем әдебиет стилі
B. Ресми ісқағаздар стилі
C. Публицистикалық стиль
D. Ғылыми стиль
E. Ауызекі сөйлеу стилі

2. Айтыс дегеніміз не?
А. Сөзталас
B. Пікірталастың өнер деңгейіне көтерілген ерекше түрі
C. Ойталқы
D. Жер дауы
E. Шешендік сөз

3. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойыңдар. Суды ысырапсыз пайдаланудың нәтижесінде Арал теңізінің … төмендеп, … 30–200 км-ге дейін қусырылды.
A. Деңгейі, су айдыны
B. Биіктігі, кеңдігі
C. Көлемі, ені
D. Суы, қамысы
E. Тереңдігі, жалпақтығы

4. Шешендік сөзге қойылатын талаптар:
А. Шытырман оқиғаға құрылуы
B. Өз пікірінің дұрыстығына көз жеткізуді мақсат етуі
C. Мәнді, мағыналы, мазмұнды болуы; ұтқыр шешімге, тапқыр
қисынға, суырыпсалмалыққа құрылуы
D. Қарсыластың кемшілігін таба білу
E. Психологиялық дайындық

5. Сыни пікірдің өзіндік ерекшелігі:
A. Жеке тұлғаның кез келген жағдайдағы мәселені зерттеп, қо­рытып, өз ойын еркін жеткізе алуы
B. Нақты сөзге дайындық
C. Бірнеше адамның жиынтық ойы
D. Терең ойлау
E. Жұмыстың қысқаша мазмұны мен өзектілігін, артықшылығы мен кемшілігін көрсету, сыни талдау жасау

6. Тыныс белгілері дұрыс қойылған сөйлемді анықтаңдар.
A. Арал теңізі Қазақстанның інжу-маржаны.
B. Қойнауы бағалы балықтарға бай, жағасы қамысты теңіз еді.
C. 1960-жылдардан бастап Арал теңізін игеру қолға алынды.
D. Халық санының, өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты.
E. Апатқа ұшырағанға дейінгі тұздылығы – 10–12‰ болған.

7. Ахмет Байтұрсынұлының сынға берген анықтамасы:
A. Адам ісінен шыққан нәрсені тексеріп, баға беру
B. Шешендік нақыл, мақал, мысал, жұмбақ, жауап
C. Бір адамға арнайы айтылған сәлем, сын, әзіл, бата
D. Күнделікті дайындық
E. Тезис

8. Жұрт алдында сөйлеудің дайындық жолдары:
A. Тыңдаушылармен жиі сұхбаттасу
B. Шығармашылығын дамыту
C. Жиналыс, конференция, съездерге көп қатысу
D. Өз бетінше дайындық
E. Психологиялық дайындық, нақты сөзге дайындық, күнделікті дайындық

9. Төле бидің нақыл сөзін табыңдар.
A. Тату болса, ағайын жақын,
Ақылшы болса, апайың жақын.
B. Ақыл деген – дария,
Алдын тоссаң, тоқырар.
C. Сөз анасы – құлақ,
Су анасы – бұлақ,
Жол анасы – тұяқ.
D. Шешендіктен не пайда,
Артында сөзі қалмаса?
Батырлықтан не пайда,
Халқына қайран қылмаса?
E. Өсиетке терең бол,
Өсек сөзге керең бол!

10. Сөйлемнің берілу формасын анықтаңдар. Еркіндігіңе қамыт
түссе, елдігіңнен не қайыр?
A. Мақал
B. Мәтел
C. Нақыл сөз
D. Проблемалық сұрақ
E. Сілтеме

Дереккөз:

  1. Қазақ тілі: жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбының
    жаратылыстану-математикалық бағытына арналған оқулық. / Т.Н.Ермекова, К.Ә.Бертілеуова, Р.Н.Мұнасаева.

Ұқсас материал:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ