Қазақ тілінен тақырыптық тест

0
2275
Иллюстрация: Freepik.com

1.Қазақстанның мақтаға, жеміс-жидекке бай өлкесін анықтыңыз.

А. Оңтүстік Қазақстан   В. Солтүстік Қазақстан   С. Шығыс Қазақстан    Д. Батыс Қазақстан   Е. Орталық Қазақстан

2.Шоқан Уәлихановтың шын атын көрсетіңіз.

А. Мұхаммедханафия   В. Шоқан   С. Шыңғыс   Д. Ораз-Мұхамед  Е. Мұхаммед

3. Аптаның жетінші күні қалай аталатынын белгілеңіз.

А. Дүйсенбі    В. Жұма  С. Сенбі   Д. Жексенбі    Е. Сейсенбі

  1. Шоқан Уәлихановтың кім екенін анықтаңыз.

А. Жазушы   В. Биші    С. Ақын   Д. Ғалым   Е. Қайраткер

  1. Қаңтар айының 1-ші күні қандай мереке болып есептелетінін белгілеңіз.

А.Наурыз күні   В.Бейбітшілік күні   С.Отанды қорғау күні  Д.Жаңа жыл  Е. Дін мейрамы

  1. Қазақстан солтүстігі мен батысында қай елмен шектесетінін көрсетіңіз.

А. Түркиямен   В. Қырғыстанмен   С. Ресеймен   Д. Қытаймен   Е. Өзбекстанмен

  1. Кіші планетаға аты берілген қазақтың ғалымын белгілеңіз.

А. Ш.Уәлиханов   В. Қ. Сәтбаев  С. А. Байтұрсынов   Д. Т. Рысқұлов   Е. М. Әуезов

  1. «Шабғар» деп Қазақстанда қай қаланы атағанын көрсетіңіз.

А. Тараз    В. Шымкент   С. Алматы   Д. Отырар    Е. Түркістан

  1. «Геральдика» сөзінің мағынасын табыңыз.

А. Рәміздер   В. Тарих   С. Мәжіліс     Д. Елтаңбаны тану    Е. Түс

  1. Өлеңде қай жыл мезгілі туралы айтылғанын белгілеңіз.

Қар еріп, су ағады, Сарқырап сайға толады.

А. Жаз    В. Қыс    С. Көктем   Д. Қаңтар    Е. Күз

11.Қазақ бейнелеу өнерінің негізін салған суретшіні көрсетіңіз.

А. Г. Исмаилова   В. Ә. Қастеев   С. М. Кеңбаев   Д. С. Мәмбеев   Е. Қ. Телжанов

  1. Қазақ, қырғыз халықтарының әдеби мұраларын зерттеген ғалымды белгілеңіз.

А. А. Құнанбаев   В. А. Байтұрсынов  С. Қ. Сәтбаев   Д. Ы. Алтынсарин  Е. Ш. Уәлиханов

  1. Мұсылман мәдениетінің орталығы саналатын қаланы белгілеңіз.

А. Шымкент   В. Алматы   С. Түркістан   Д. Қызылорда    Е. Астана

  1. Қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаушы суретшіні көрсетіңіз.

А. Ә.Қастеев   В. Қ. Сәтбаев   С. Д. Нұрпейісова  Д. Г. Ысмайылова  Е. Ш. Уәлиханов

  1. Абылайдың кім болғанын көрсетіңіз.

А. Жырау    В. Болыс   С. Ақын   Д. Би   Е. Хан

  1. Жыртқыш аңды көрсетіңіз.

А. Жылан   В. Қоян   С. Қасқыр   Д. Піл   Е. Тиін

  1. Әжелерді, аналарды, апа-қарындастарды құттықтайтын халықаралық мерекені табыңыз.

А. Халықаралық әйелдер күні   В. Наурыз мерекесі   С. Тәуелсіздік күні  Д. Білім күні

Е. Мұғалімдер күні

  1. Алтай тауының арасында орналасқан көлді көрсетіңіз.

А. Марқакөл   В. Лепсі   С. Балқаш    Д. Сырдария     Е. Алакөл

  1. Ең ұзақ түндер қай айда екенін анықтаңыз.

А. Мамырда   В. Желтоқсанда   С. Қаңтарда    Д. Ақпанда   Е. Наурызда

  1. Күз айларын белгілеңіз.

А. Сәуір, шілде, тамыз    В. Мамыр, маусым    С. Маусым, шілде, тамыз   Д. Наурыз, желтоқсан   Е. Қыркүйек, қазан, қараша

  1. Елтаңбаның түсін табыңыз.

А. Қызғылтым түсті    В. Қара қоңыр түсті   С. Жасыл түсті   Д. Қара көк түсті   Е. Алтын және көгілдір түсті

  1. «Барсакелмес» қорығы қайда орналасқанын көрсетіңіз.

А. Арал теңізінін қасында   В. Оңтүстік Қазақстан облысында   С. Торғай облысында

Д. Семей облысында   Е. Алматы облысында

  1. Қазақстанның көне қалаларын көрсетіңіз.

А. Түркістан, Қызылорда   В. Қарағанды, Алматы   С. Отырар, Түркістан   Д. Алматы, Астана    Е. Талдықорған, Тараз

  1. Орхон-Енисей жазуын зерттеген ғалымды анықтаңыз.

А. В.Радлов   В. А. Байтұрсынов  С. Н. Сауранбаев  Д. В. Бартольд   Е. Ш. Уәлиханов

  1. Көктемгі табиғат өзгерістерін табыңыз.

А. Күн суытады, жапырақтар сарғаяды.   В. Алғашқы қар жауады.  С. Қар ериді, күн жылынады. Д. Күн ыстық, жемістер піседі.   Е. Қар жауды, аяз болады.

Дереккөз: goo.kz

Ұқсас материал:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ