Қазақ әдебиетінен ҰБТ сұрақтары (ІV нұсқа)

0
1559
Иллюстрация: Freepik.com
  1. Қазтуған жырларының арқауы не екендігін көрсетіңіз.

A) Өнер түрлері.

B) Дін мәселесі.

C) Оқу-ағарту.

D) Туған елі.

E) Жастардың өмірі.

  2. Семейдегі Абай оқыған медресені табыңыз.

A) “Ахмет-Риза”.

B) “Медресе-Ғалия”.

C) Қасым қажының медресесі.

D) “Ахун-Рахманкул медресесі”.

E) “Уазифа”.

  3. Қ.Аманжоловтың шығармасын анықтаңыз.

A) «Сыр сандық».

B) «Дариға, сол қыз».

C) «Көзімнің қарасы».

D) «Кел, балалар, оқылық!»

E) «Жолама қулар маңайға».

  4. Абай Құнанбайұлы туралы көлемді туындыны белгілеңіз.

A) «Кім жазықты?».

B) «Өмір мектебі».

C) «Көшпенділер».

D) «Абай жолы».

E) «Қалың мал».

  5. С. Мұқановтың поэмасын табыңыз.

A) «Ботагөз».

B) «Сырдария».

C) «Сұлушаш».

D) «Қамар сұлу».

E) «Бақытсыз Жамал».

  6. Оралхан Бөкейдің шығармасын табыңыз.

A) «Шыңырау».

B) «Жусан исі».

C) «Тортай мінген ақ боз ат».

D) «Қылау».

E) «Бір атаның балалары».

  7. ’’Күлтегін’’, ’’Тоныкөк’’ дастандары қай ғасырдың туындысы екенін анықтаңыз.

A) XІ-XІІІ ғ.ғ.

B) VІ-VІІІ ғ.ғ.

C) ІІІ-ІV ғ.ғ.

D) ІV-V ғ.ғ.

E) ІX-XІІ ғ.ғ.

  8. Әдет — ғұрып жырының түрін анықтаңыз.

Айт келін — ау, айт келін!

 Атыңның басын тарт келін!…

A) Той бастар.

B) Сыңсу.

C) Қоштасу.

D) Жар – жар.

E) Беташар.

  9. Басқа айтыстарға қарағанда анағұрлым кеш туған айтысты табыңыз.

A) Бәдік айтысы.

B) Жар-жар.

C) Жұмбақ айтыс.

D) Ақындар айтысы.

E) Қыз бен жігіт айтысы.

 10. Ш.Уәлихановтың ең алғашқы жазып алған ауыз әдебиеті нұсқасын белгілеңіз.

A) «Айман-Шолпан» жыры.

B) «Манас жыры».

C) «Қозы Көрпеш-Баян сұлу».

D) «Ер Тарғын» жыры.

E) «Қырымның қырық батыры».

 11. «Ескендір», «Масғұт», «Әзім әңгімесі» поэмаларының авторын табыңыз.

A) А.Құнанбаев.

B) Ш.Құдайбердиев.

C) М.Абайұлы.

D) С.Торайғыров.

E) И.Байзақов.

 12. «Ақбілек» романының (Ж.Аймауытов) кейіпкерлерін көрсетіңіз.

A) Балташ, Ұрқия, Мұқаш, қара мұрт.

B) Әмірқан, Ақтамақ.

C) Шолпан, Өрік, Теңге.

D) Шернияз, Алтынай, Күнікей.

E) Бекболат, Әжібай, Зылиқа.

 13. Сексен көл Көкшетаудың саясында,

Әрқайсы алтын кесе аясында,

Ауасы – дертке дауа, жұпар иісті,

Көкірек қанша жұтса, тоясың ба? – үзіндінің авторын табыңыз.

A) “Құлагер” І.Жансүгіров.

B) “Көкшетау” Қ.Аманжолов.

C) “Көкшетау” С.Сейфуллин.

D) “Батыр Баян” М.Жұмабаев.

E) “Сұлушаш” С.Мұқанов.

 14. Өтеген, Сұраншы батыр туралы жазған ақынды белгілеңіз.

A) Ж.Жабаев.

B) М.Мақатаев.

C) Т.Жароков.

D) Н.Байғанин.

E) И.Байзақов.

 15. Ғ.Мұстафиннің’’Қарағанды’’ романында қандай мәселе әңгімеленетінін табыңыз.

A) Білімдендіру, сауаттандыру мәселесі.

B) Колхоздастыру кезеңі.

C) Қазан төңкерісі.

D) Жұмысшы табы мен ұлттық интеллигенцияның қалыптасу жолы.

E) Қазақ ауылының тұрмысы.

 16. Иронияға не тән екенін анықтаңыз.

A) Өтірік.

B) Ұқсату.

C) Келемеж.

D) Ұялту.

E) Масқаралау.

 17. Ұйқастың түрін табыңыз.

Жазса Тарас Днепрді,

Жазса Пушкин Еділді,

Неге маған жырламасқа,

Сырда туған елімді.

A) Шалыс.

B) Аралас.

C) Егіз.

D) Қара өлең ұйқасы.

E) Шұбыртпалы.

 18. Сағындым ғой! Құлағымда, құлағымда тұр міне:

«Қарашығым, тамағыңды іш, деміңді алшы!»- деген үн.

Осы бір сәт отыр ма екен, отыр ма екен ине алып,

Жіңішке ине, жіңішке жіп — өткізе алмай қиналып,-деген үзінді алынған Жұмекен Нәжімеденовтің өлеңінің атын белгілеңіз. 

A) «Әжеме».

B) «Жаманыңды көрмесем».

C) «Еске алу».

D) «Қоңыр түс».

E) «Сен ақылды болсаң екен».

 19. Төлеген Айбергеновтің «Аруана – бауыр дүние» өлеңінің мақсатын ашуда қолданылған аңызды анықтаңыз.

A) Бозінген туралы аңыз.

B) Асан қайғының Желмаясы туралы аңыз.

C) Аруана туралы белгілі аңыз.

D) «Күй аңызы».

E) Қорқыт туралы аңыз.

 20. Ақан серінің қай туындысынан алынғанын белгілеңіз.

Басына ер жігіттің бір іс түссе,

Арасы қас пен достың абайланар.

A) ’’Сырымбет’’.

B) ’’Заман адамы’’.

C) ’’Жақсы мен жаман’’.

D) ’’Асыл мен жасық’’.

E) ’’Балқадиша’’.

 21. Шәкәрімнің Л.Н.Толстойдан аударған шығармасын табыңыз.

A) «Үш анық».

B) «Асархадон патша», «Үш сауал».

C) «Ұждан».

D) «Кешегі басшы піріміз».

E) «Пан-Жи-Зан хан».

 22. М.Дулатовтың ²Бүркіт кегі² деген шығармасы қандай өлеңге жататынын анықтаңыз?

A) Баллада.

B) Айтыс өлең.

C) Қара өлең.

D) Толғау.

E) Мысал өлең.

 23. І.Жансүгіровтің халықаралық тақырыпқа арналған өлеңін көрсетіңіз.

A) ’’Ежелгі дала’’.

B) ’’Тілек’’.

C) ’’Шаттық жыры’’.

D) ’’Гималай’’.

E) ’’Жалпы жасқа’’.

 24. М.Әуезов драматургия саласында барлығы қанша шығарма (драма, комедия, трагедия, киносценарий, опера либреттосын) жазғанын табыңыз.

A) Алпыс.

B) Отыз екі.

C) Отыз бес.

D) Елу.

E) Отыз үш.

 25. Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» романындағы кейіпкерді анықтаңыз.

A) Айгүл.

B) Еркебұлан.

C) Ақбота.

D) Қайрош.

E) Есеней.

 

Дереккөз: Ұлттық Тестілеу орталығы

Ұқсас материал:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ