Қазағымның қасиеті осында

Тұлғасы өр, көзінде нұр, жүзі оттай жайнаған,
Қарсыласқа ыза-кекпен қаһар төгіп қайнаған.
Қазағымның қасиеті осында,
Төсінде өскен жаман болды қай балаң?

Ұл-қызы бар дархан елдің даңқты,
Уәде берсе бұлжытпайды, бұзбас берген антты.
Оза алмайсың, қанша ұтқыр болсаңда,
Бұндай жайсаң, байтыл, қайсар халықты.

Ата-баба жолын салып жалғаған,
Бұл халықтан талай қыран самғаған.
Жүйріктері озып шыққан топ ішінен тұлпардай,
Таңданасың жасыра алмас он сегіз мың ғаламнан.

Қызы болған ерке мінез қылықты,
Ұлы болса бас идірген талай дана ұлықты.
Қуаныштан қасіреті көп болған,
Қазағымның қасиетін кім ұқты?

Ұрпақтары әлі батыр, ел үмітін ақтайтын,
Ата-баба жолын қуып, еш мүлтіксіз сақтайтын.
Қазағымның қасиеті-қасіреті осында,
Қырандарын көкке ұшырып, көреген ғып баптайтын.

 

Бибақыт Ерсайынова

Тұран университеті

3 курс студенті


ПІКІР ҚАЛДЫРУ