Қазақ қыздарының ұлттық киімдері. Сын есімді қайталау (сабақ жоспары)

0
2802

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақ халқының салт-дәстүрін,мәдениетін және ұлттық киімдерінің мәні мен мағынасын үйлесімділігі туралы айта отырып, оқушылардың ұлттық сана-сезімін ояту. Оқушыларға қазақ қыздарының ұлттық киімдерінің ерекшеліктері, түрлері, пайдалану және тұтыну ерекшеліктері туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушылардың эстетикалық талғамын арттырып, ұлттық киім тарихын
зерттеуге қызығушылығын арттыру, ойын, қиялын, тілін дамыту.

Тәрбиелік: Өз халқының салт – дәстүрін сыйлауға, құрметтеуге, мақтан етуге тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, кітап, слайдтар, суреттер, кестелер, кесінділер.

Оқыту әдістері:  сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу, іздендіру.

Көрнекіліктері: интерактивті тақта, мәтіндер, қағаз, қайшы, видеоматериал
Пәнаралық байланыс: тарих, өнер, технология

Пайдаланған жаңа технологиялар: АКТ, сын тұрғысынан ойлау.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушыларды 3 топқа бөлу.Сәукеле.Кимешек.Тақия.

ә) оқушыларды түгендеу

б)сұрақ-жауап.

Жақсы. Балалар біз қандай модульді оқып жатырмыз?
-Жастар киімі модулі
Ал грамматика тақырыбы қандай?
-етістік,есімше ,көсемше.

Жақсы онда қазір етістікті қайталап жіберейік,тест сұрақтарына жауап бересіз. Тестің 4 нұсқасы бар.

ІІ. Үй жұмысын тексеру. Тест сұрақтары /10 с/
ІІІ.Жаңа сабақ.

Балалар қандай суреттер бойынша бөліндік?
-Ұлттық бас киімдер бойынша. яғни біз не туралы айтамыз?
-Ұлттық киімдер туралы.

Киім адам денесін ауа райының, қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғайтын бұйым. Олардың бәрі де адамдардың ақыл-ойы мен эстетикалық талғамының, еңбегінің жемісі. «Адам көркі –шүберек, ағаш көркі — жапырақ», «Дерево листья украшают, а человека-одежда» демекші, бүгін біз қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрлерімен танысамыз.

«Қазақ халқының ұлттық киімдері» туралы презентацияны көреміз. Тақтада «Қазақ халқының ұлттық киімдері» жайлы видео қойылады, мәлімет беріледі. (3 минут)

Ой қозғау.

-«Сәукеле», «такия» «бөрік», бұл кім киетін бас киімдер?
-Бұл қыздар киетін бас киімі.
-дұрыс,бүгінгі сабақтың тақырыбы «Қазақ қыздарының ұлттық киімдері»

І. Сөздікпен жұмыс:
Бұрыннан-с давних времен
Бойжеткен-девушка
жасына қарай- по возрасту
талғаммен- со вкусом
Тұрмысқа шықпаған-незамужние
Безендірілген-украшены
Биязылығымен-своей воспитанностью

Сөзтіркес құрастыру.
ІІІ. Жақсы ,ендеше әр топқа тапсырма беремін.

Мәтінмен жұмыс.
1 топ

топ Мәтінмен жұмыс 2-тап 179б Синтактис. талдау 4-тап 180б Морфол. Талдау
Сәукеле Кластер 1-2 1-2
Тақия Диалог 3-4 3-4
Бөрік Жоспар 5-6 5-6

Қазақ қыздарының ұлттық киімдері

Бұрыннан келе жатқан киім кию дәстүрі қазірге дейін жетті десек те болады. Қазақтарда қызкеліншектердің киімі алуан түрлі болған. Бір баскиімнің өзі алуан түрлі болған. Бас киімнің өзі бойжеткеннің, келіншектің, әйелдің жасына қарай өзгеріп отырған. Қазақ киімі аса шеберлікпен, әсемдікпен, талғаммен тігілген. Қыздар жазда тақия кисе,қыста бөрік киген.Тұрмысқа шықпаған бойжеткен барынша сәнді киінген.

Қамзолына сәнді ою-өрнек салынып, түрлі тастармен безендірілген. Шашына шашбау тағып, тақиясын үкімен әдемілеген.Қазақтың қызы биязылығымен,әдемілігімен көз тартатын болған. Келін болған кезде басына орамал салады. Қыздар мен келіншектердің ең сәнді киімдерінің бірі қосетек көйлек болған.Қосетек көйлек ақ түсті қымбат жібектен,асыл матадан тігілген.

Ал кимешек кию ана болғанның белгісі болған.Жас келіншектер кимешектерін        оюлап, сәндеп киген.

ІҮ.Жауаптарын тыңдау
Ү.рефлексия
Киім туралы мақалды тап және түсіндіру.

Ескі киімді баптағаның,
Жаңа киімді сақтағаның.
Отан елдің анасы,

Ел ердің анасы
Ағаш көркі — жапырақ,
Адам көркі — шүберек.

Тіл сүйексіз болса да,сүйектен өтеді.

Жаңа сабақты қорытындылау:
Бүгінгі сабақта қандай тақырып өттік?
Қазақ қыздарының ұлттық киімдері?
Қазақ қыздардың киімдерін атаңдар?

Үйге тапсырма:
1. Мәтіннің мазмұнын айтып беру
2. Киім туралы 5-6 мақал, немесе тыйым сөздер жазып, жаттап келу.
3. Эссе жазу: «Ұлттық киім – халық мұрасы»

Бағалау

Дереккөз: «Ұстаз» ғылыми әдістемелік журналы

Ұқсас материал:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ