Қазақ халқы көз ашқаннан зұлмат соғыстыда, сұрқия саясаттыда , аштықтыда бастан өткізді. Әрине қиын-қыстау кезең адамның жадынан кетседе, тарихтың парағынан өшпесі анық.
Азаттықтың жолындағы күрестердің бірден-бір бірегейі 1986 жылғы қанды желтоқсан еді. Сол жылы 16 желтоқсанда Мәскеу мәслихатының тағайындауымен Қазақстан компартиясының орталық комитетінің бас хатшылығына Г.В Колбиннің сайлануы.
Бұл шавинизмнің қазақ халқын кезекті табанға тапттау еді. Бірақ қазақ енді шыдамады. Халық көтерлісінде айқайға басқан халық: «Қазақстанның басшылығына бұрын-соңды қазақ жеріне аяқ басып көрмеген,жергілікті ұлттың тыныс тіршілігінен мүлдем бейхабар өзге ұлт өкілі сайланғаны қалай? »,«Өз елін басқаруға жергілікті ұлт баласынан бірде бір адамның табылмағаны ма?». Көкейді тілгілеген осы сұрақтар Алматының бас алаңына ағылған жастардың мүлдем үкіметкке қарсы шығу ойында да болған емес. Қарусыз қамсыз күйде, өз наразылығын бейбіт түрде білдіргісі келген жастар мен-мен биліктің, айдаһардай қаһарына тірідей өртенді. Ұлт- намысын жоқтап, көкейдегісін билікке ашық айтқан ел темір таяқтарға жегіліп, сапер күректерінен өлімшеленіп сабалды. Қақаған аязда суық сумен атқыланып, улы газда тұншықтырылып аяусыз қазақ қыздарының арын таптады.
Бұл оқиғадан соң, қазақ жастары құдалауға ұшырады. Барлық одақтық теледидар 17-16 желтоқсанда қазақ жастары ұлтшыл, маскүнем, нашақор деп айыптап газет беттерінен дейін жаза бастады. Желтоқсан қозғалысына орай жалпы 8500-дей адам ұсталып, 99 түрлі мерзімде темір тордың арғы жағында қалды. Жүз деген адам әкімшілік тәртіпте жазаланды, 300-ден аса жас жоғарғы орындарынан, 319 адам жұмыстан, 758 адам бүкілодақтық Ленин комсомолы жастары қатарынан шығарылған. Төлқұжаттарына бүлікші деп басылған таңбасы, енді оларды тек қана қара жұмыстың адамы есебінде көрсетті. Оқиға туралы ақпараттар жер жұтқандай жойылып, елімізде ол оқиға жайында жазуға айтуға тыйым салынды. Желтоқсанның ойқиғасы алаңды өз қандарымен жуған жандардың жанқиярлығымен есте қалды.
Бүгінде Қазақстан тәуелсіздіктің теңдігінде тербеліп келе жатқанына быйыл 30 жыл. Отыз жыл ішінде Қазақстан өз алдындағы дербес ел, зайырлы мемлекет болды. 1991 жылы еліміздің басшысы Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті болып Нұрсұлтан Назарбаев сайланды. Еліміздің азаматтарының құқықтарын , мемлекет заңдарын анықтайтын Конституция қабылданды. Әлем елдері тізімінде жаңа мемлекеттің аты жазылды. Қаншама жылдар бойына тәуелсіздікті армандап келген ата -бабаларымыздың асқақ арманы орындалды. Көкте қыранымыз, жарқыраған күн бұл біздің бейбітшіл мемлекетте отауымыздың құрылғанының нышаны. Ал сол отанға деген махаббатты еш уақытта жүректен сөндірмеу қажет! Ел-ертеңі ұлт болашағында.
Жас жеткіншек білесің бе?
Азаттықтың қалай бізге жеткенін ,
Қазағымның қалай туын желбіретіп тіккенін.
Желтоқсанның ызғарында қанды қырғын кезінде.
Қазақ қызын маңдайынан шашын жулып тепкенін.
Қыршын кетті елі үшін ,жері үшін аянбай,
Қазақ қызы Сәбира мен ер мінезді Қайраттай.
Сол заманның басқа түскен қиындық пен залалы,
Қабырғамды қайыстырып көзіме жас толады.
Ел намысы ,ұлт намысы азаттық деп айқайлап,
Студенттер шықты алаңға бас көтерді маңдайлап.
Ал солдаттар аямады атып жатты бір-бірден,
Айналаның ақ кар беті боялды кеп қанды өзен.
Тәуелсіздік ақ таңына талай ғасыр шайқастық,
Егеменді ел болам деп талай жаумен тартыстық.
Бүгінгі ұрпақ,ұмытпайық қолымыз қалай жеткенін,
Бабамызда аңсап өткен азаттықтың көктемін!
Бәтес Маликқызы
«Тұран» университеті