Қазыналы білім ордасы – ҚазҰУ!

0
1381
Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны

Қазыналы білім ордасы – ҚазҰУ!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті еліміздегі көш бастап тұрған оқу орындарының бірі. Өзінің негізін 1934 жылы 15 қаңтарда қалағаннан бастап, осы уақытқа дейін талай жетістіктерге қол жеткізген. Қазіргі таңда университет құрамында 16 факультет, 67 кафедра, 32 ғылыми-зерттеу институты мен орталықтар, технопарк қызмет атқарады. «ҚазҰУ қалашығында» студенттерге қызмет көрсету мақсатында «Керемет» орталығы жұмыс атқарады.  Сонымен қатар факультет жатақханалары, тамақтандыру комбинаты және желіге қосылу компьютермен жабдықталған кітапхана да бар.

Қазіргі сәтте университетіміздің бетке ұстар факультеттерінің бірі филология және әлем тілдері факультетінің «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығының  4-курс студентімін. Осы уақыт аралығында ұстаздардың берген білімінің арқасында мамандығым бойынша білімім шыңдалды. Себебі ұстаздар қатары заман талабына сай білім беруде шығармашылықпен жұмыс істеп, оқытудың қазіргі жаңа технологиясын жетік меңгерген. Сонымен қатар ҚазҰУ әлемнің ең ірі 418 халықаралық жоғарғы оқу орнымен ынтымақтастық орнатқан.

Бұл білім мекені мені білім нәрімен ғана сусындатып қоймай, жаңа қырларымды ашуға мүмкіндік берді. Атап айтсам, «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының мүшесі ретінде университет өміріне араласып, белсенділер қатарында болдым. Нәтижесінде 2018 жылдың жаз айында «Ыстықкөл спорттық-сауықтандыру лагеріне» университет тарапынан жолдама алдым.

Қызыққа толы студенттік шағымның қарашаңырақ ҚазҰУ-да өткеніне қуанамын. Себебі, білім алған ордамның рөлі тұлға ретінде қалыптасуыма септігін тигізді.

Қазақ Ұлттық университеті,
филология және әлем тілдері факультеті,
4-курс студенті Каримова Б.
Жетекшісі Медетбекова П.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ