Бүгін Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың туған күні

0
1447

Қонаев Дінмұхаммед Ахметұлы (1912-1993)  аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, КСРО және шет елдердің марапаттарының иегері.

Алматы қаласында қызметкерлердің отбасында дүниеге келген. Москваның Түсті металл алтын институтын бітірген, тау-кен инеженері.

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында ол тылдағы жұмысты ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түсті. «Алтай-полиметалл» комбинатында, Риддер руднигінде және Лениногор кен басқармасында басшылық қызметтер атқарған.

1942-1952 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары болып қызмет істеді. Осы кезеңде Қазақстан ғалымдарының көрсеткен зор сенімімен  Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі және оның президенті болып сайланады.

Д. Қонаев 1955-1960 және 1964-1986 жылдары Қазақстан Коммунистік Партиясының  орталық комитетінің бірінші хатшысы болды.  Ол Қазақстанның экономикасы мен  мәдениетін өркендету жолына өзінің білімін , мол тәжірибесін және ұйымдастырушылық қабілетін аянбай жұмсай білді.

Д.Қонаве өз заманының ұлы сасаткері бола білді. Ол билік басында болған уақыт қаншалықты күрделі, қарама-қайшылықты болғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді. Түрлі деңгейдегі партия және кеңес қызметін атқара жүріп,  Орталықтың өктем саясатының ығымен кете бермей, ел мүддесін, болашақ қамын да бір сәт естен шығарған жоқ.

Алпысыншы жылдардың басында Н.С.Хрущевтің озбырлығымен Өзбекстанға өтіп кеткен қазақ жерінің біраз бөлігін кері қайтарып алуы соның айқын бір дәлелі еді.

1986 жылы СОКП Орталық Комитетінің Бас хатшысы болып М.С. Горбачевтің келуіне байланысты Д.Қонаев  Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшылығынан босатылды. Орталықтың жүргізіп отырған әділетсіз саясатына қарсы республика жастар өз қарсылықтарын білдіріп алаңға шықты. Бұл әйгілі Желтоқсан оқиғасына ұласты.

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Республика партия ұйымын басқарған ширек ғасырға жуық уақыт ішінде өзінің аса мәдениеттілігімен, иманжүзді ізеттілігімен танылып, халық дәстүрін жақсы білетін, тағылымы терең, ой өресі биік жан екенін көрсетті. Кейін мемлекет ісінен қол үзген кезде де ол білімдар білікті жан ретінде елде жүріп жатқан реформа бағыттарын, қоғамды демократияландыру қажет екенін терең сезініп, қолдай білді.

Өзі өмір сүрген күрделі уақыттың адал перзенті бола білген абзал азаматтың жүрегі 1993 жылғы 22 тамызда 82 жасқа қараған шағында соғуын тоқтатты.

Дереккөз:  «Сен білесің бе?» энциклопедиясы. Құрастырған: Райымбеков Қ.Ж, Байғабылова Қ.Т

Басқа материалдар:

  1. Аңыз адам Дінмұхаммед Қонаев туралы
  2. Бүгін Дінмұхамед Қонаевтің туған күні. Қонаев жайлы деректер

ПІКІР ҚАЛДЫРУ