Ахмет хан ұйымдастырған шабуыл және оның өмірі туралы

0
549
Ұлттық қолөнер - эстетикалық тәрбиенің негізі

Таһир ханнан кейін елдің бірлігі, хандықтың тұтастығы бұзылып, 1533-1538 жылдар аралығында  елде бір мезгілде бірнеше хан болған. 

Сондай ханның бірі — Ахмет хан. Ахметтің толық аты-жөні — Қожа Ахмет. Жәнібек ханның немерелерінің бірі болып саналады.

Кезінде Таһир хан ноғайларға қарсылық көрсете алмай Жетісуға қарай көшкенде , елдің батыс бөлігіндегі тайпаларды Ахмет хан (XVI ғ. 30-шы жылд) басқарып қалады.

Ол ноғайлардың шабуылдарына қарсы күресті ұйымдастырады.  Одан ноғай билеушілері қорқа бастайды. Ноғай билеушілері арасында болған көрші елдің адамыя өз патшасына «қазақтар күшті, олар ноғайларға қарсы соғысқа дайындалып жатыр, ал ноғай билеушілері болса, қазақтардан қорқып отыр», — деп хабар жеткізіп барған. Дегенмен, соғыс ноғайлардың жеңісімен аяқталады.

Ахмет хан 15 сұлтанмен бірге Едіге бидің ұрпағы Шидақ бидің қолына түсіп, біраз уақыт тұтқында отырады. Орақ батыр (Едіге бидің басқа бір ұрпағы) оны сұлтандарымен бірге өлтіреді. Сөйтіп, қазақ халқының жағдайы нашарлап кетеді.

Дереккөз:  «Сен білесің бе?» энциклопедиясы. Құрастырған: Райымбеков Қ.Ж, Байғабылова Қ.Т

Басқа материалдар:

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ