Бұйдаш ханның өмірі мен қазақ әскері туралы

0
1558

Таһир қайтыс болғаннан кейін хан тағына Бұйдаш отырады. Бұйдаш — Жәнібек ханның Әдік деген ұлының баласы, Таһирдің туған інісі. 

Бұйдаш ханның билігі тек Жетісу жеріне ғана жүрген. Өйткені Таһир ханның кезінде — ақ Қазақ хандығының әлсіреуі күшейіп, қазақ жерінде бірнеше хандар пайда бола бастаған. Бұйдаш — Жетісу жеріндегі қазақ хандарының бірі.  Ол аз ғана (1533-1534) хандық құрды. Оның қол астында 20-30 мыңдай ғана әскер болды.

Бұйдаш ханмен байланысты осы кездегі екі оқиға тарихтан орын алды. 

Біріншісі — оның қырғыздарды моғолдардан қорғауы. Бұл былай болған екен. Бірде көрші елдегі моғол ханының бір ұлы көп әскерімен келіп,  қырғыздарды қырып, көптеген малын олжалап кетеді. Мұны естіген Бұйдаш хан қазақтар мен қызғыздардан әскер жиып, жау әскерін талқандайды.

Екіншісі — Сайрам қаласы түбіндегі жау әскерімен соғысы. Бұл соғыста Бұйдаш хан бастаған қазақ әскері жеңіліске ұшырайды. Шайқас алдында қатты шаңды дауыл болып, қазақтарға қарсы соғады. Осыны жау әскері пайдаланып, жеңіске жетеді.

Бұл соғыста Бұйдаш ханмен бірге Жәнібек ханның баласы Әдік сұлтанның бес ұлынан тараған 24 сұлтан өледі. Жау әскері қазақтың оңтүстігіндегі бірнеше қалаларын басып алады.

Дереккөз:  «Сен білесің бе?» энциклопедиясы. Құрастырған: Райымбеков Қ.Ж, Байғабылова Қ.Т

Басқа материалдар:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ