Таһир ханның жүргізген күресі мен жетістігі

0
1090

Мамаштан кейін хан тағына Таһир отырады.

Таһир (Тайыр) — Қазақ хандығының негізін салушы Жәнібек ханның Әдік деген ұлының баласы. Оның туған жылы белгісіз, шамамен 1531-1533 жылдар аралығында дүниеден өткен.

Таһир хан 10 жылдай (1523-1533) билік құрған. Таһирдің тұсында да, өзара талас-тартыс тоқтамай, жалғаса берді. Мұндай жағдайда Таһир сыртқы жаулардың  жорықтарына тойтарыс жасай алмады.

Ол екі рет жау әскерінен жеңіліп қалды. Сондай-ақ, Таһир хан қазақтар мен бұрынғы көршілес әрі туыс Ноғай тайпаларының арасындағы достықты жойып, олармен жауласады. Оларға қарсы соғыс ашады. Бұл шайқастарда да  Таһир хан жеңіледі.

Халық көп қырғынға ұшырайды, олардың малдары тоналады.  Бұған шыдамаған халықтың бір бөлігі батыстан Жетісу аймағына көшіп кетеді. Сөйтіп, Таһир ханға дейінгі кезеңде  Қазақ хандығында 100 мыңдай әскер болса, оның қол астында 40 мыңдай ғана әскері қалады.

Дегенмен, Таһир қазақ хандарының ішінен бірінші болып қазақ жерін қалмақтардан қорғау үшін күрес жүргізген. Ол бір таудың етегінде Жатан деген қамал салдырған. Сол заманда өмір сүріп, қамалды өз көзімен көрген бір тарихшы оның биіктігін және мықтылығын  суреттеп жазған.

Кейіннен бұл қамалды қазақ әскерлері қалмақтарға қарсы соғыста үнемі пайдаланып отырған.

Дереккөз:  «Сен білесің бе?» энциклопедиясы. Құрастырған: Райымбеков Қ.Ж, Байғабылова Қ.Т

Басқа материалдар:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ