Бәрі де, ана, бір өзіңе арналады (Аяулы Аналарға арналған мерекелік кеш)

0
4600
Иллюстрация: Freepik.com

Мақсаты: Баланың ата-анаға құрмет көрсетуін таныту, ана құдіретін,өмірдегі алатын орнын айта отырып аналарға алғыс айтыумыз керектігін оқушы бойына сіңіру,ата-аналарды, ұстаздарды мерекелерімен құттықтау. Оқушы бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық, парасатты мейірімді болуға т.б. жақсы қасиеттерді қалыптастыруда тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ана туралы шазылған қанатты сөздер, шарлар, гүлдер, қабырға газеті, итерактивтік тақта, слайдшоу.

Мұғалім сөзі: Сәлеметсіздер құрметті аяулы аналар, ұстаздар,оқушылар.Сіздерді бүкіл халық аралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құтықықтаймын.Бұл мейрамды тойламайтын халық жоқ Бәріміз ананың ақ сүтінен нұр алып,өсіп-өніп келеміз.Адам баласы үшін ең аяулы,ең қадірлі сөз-Ана.

Тіршіліктің қайнар сөзі,мейірімнің кәусәр бұлағы-АНА есімнен артық қасиетті,киелі ештеңе жоқ. Күллі дүние абзал да асыл жандардың алдына бас иеді,аналарға ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбес емес.Сіздер құрметті аяулы аналар-өмірдің гүлі,көңілдің жыры,сұлүлықты,жарасылымдықты,көкі-ректілікті,барша игілікті бойына сіңірген тұлға.

Ана деген асыл заттан жаралған,

Аналардың бойындағы қасиет,

Жер бетіне нұр боп шалқып таралған.

Бар жақсылық ақ сүтінен жаралған,

Бүкіл әлем аналардың құдіретінен таралған,

Айтыңыздаршы халайық,

Бұл өмірде қымбат барма АНАДАН? дей отырып « Бәрі де, ана бір өзіңе арналады» атты мерекелік кешімізді тамашалаңыздар. Барша әйел-аналар мейрамы құтты болсын!!!

1 – жүргізуші:  Дүниедегі ең қадірлі, ең сұлу жан – Ана! Ана тіршілік атаулы бұлақтың көзін ашты. Әйел – Ана – сұлулықты, жарасылымдықты, көкіректілікті, барша игілікті бойына сіңірген тұлға.

2 – жүргізуші: Өмірді ана – бақыт, ана –пана,

Өмірді өркендетер ана ғана.

Өсірген – талай көсем, талай шешен.

Талай ер, тала     ақын, талай дана.

  1. Оқушылар өлең жолдарын оқиды. (қазақша) Ақнұр, (орысша)

Ажар, (ағылшынша) Темірлан.

Өлең жолдары: Ана туралы (Дамила, Ақнұр, Ұлпан, Аида)

1-жүргізуші: Бүкіл әлем аналардың ақ сүтінен нәр алған,

     Бүкіл әлем аналардың үмітімен таралған.

Әлемде сен болмасаң осылайша,

Туар ма еді жүрегімде биік мақсат, игі арман.

2– жүргізуші. Қос ішектің бірін қатты,

 Бірін сәл – сәл кем бұра.

Нағыз қазақ, қазақ емес,

Нағыз қазақ домбыра.

  1. Оркестр: Қыздар (Дамила, Ұлпан) кеш жарық

1 – жүргізуші: Ана деген – адамзаттың данасы,

   Ана деген – сәбилердің панасы.

Ана деген – жарық жұлдыз шырағың,

Ана деген – қайнар ыстық бұлағың.

Ана деген – өмірдегі қамқорлық,

Ана деген – сүйінерің, жан құрбың.

Өлең жолдары: (Аружан, Темірлан, Нұрбол, Әсет, Ақнұр,

Ажар,Ерқанат, Мағжан)

2– жүргізуші: Аналарды ардақтайық мәңгілік,

Сіздер үшін жыр жазамын ән қылып.

Барлық ана қамқор болған балаға,

Құрметтемей аналарды болар ма?!

1 – жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең мен ше сүй.

Ұлпан «Қоғалай», Ақнұр, Аида, Ажар «әй-әй» әнімен қыздарды

шақырамыз.

 1 – жүргізуші: Халқымызға билік айтар даналар,

Даналардың бәрі анадан жаралар.

Жүрегінің бір бөлшегі бала үшін,

Сізден жақын адам бар ма, аналар.

2– жүргізуші: Қыз сұлу көрінеді қылығымен,

Тізіліп сөз маржанын тергенімен.

Майысып бұратылып, майда басып,

Құлпырып қыз сұлу көрінеді өнерімен.

Би: қыздар (Аида, Ұлпан, Ақнұр, Ажар, Дамила, Жанель)

1 – жүргізуші: Балаға ең жақыны сіз ғой, ана,

 Сіздің ыстық құшағыңыз – бізге пана.

Сіздерге теңестірер еш нәрсе жоқ,

Теңесе алар бірақ нәрсе – Отан ғана.

2– жүргізуші: Ән – дауыстың ырғағы,

 Шырқалады жыр – әні.

Өмір сәнді күйменен,

Әсем әуен гүл бағы.

Ән: ұлдар (Әлемнің жарығы)

1 – жүргізуші: «Ана», ол біздің елде ардақты адам,

 Кішіні, үлкенді де ардақтаған.

Өзінің аяулысы Отанын да,

«Ана» деп біздің халық текке айтпаған.

2– жүргізуші: Бұл домбыра тоғыз перне тағылған,

Естіген жан үнін аңсап сағынған.

Бабамыздың қаныда сенсің домбыра,

Анамыздың жаныда сенсің домбыра.

Күй: Кәмшат

1 – жүргізуші: Анам менің жасыл бағым жайнаған,

 Біз бағында асыр салып ойнаған.

Пәк жүрекпен жыр жазады перзентің,

Бар бақытты бір өзіңе сыйлаған.

Грузин биі: ұлдар

1 – жүргізуші: Ардақты ана, аяулы ана қымбаттым,

Түн ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.

Өміріме нәрін берді ақ сүтің.

Кең құшағың – саясында гүл бақтың.

Өлең: (Дамила) домбыра

2– жүргізуші: Анашым, бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,

Жүрегіңе жүрегімді жалғадым.

Өзің мынау сыйға берген өмірде,

Ақ сүтіңді ақтап өту арманым.

1 – жүргізуші: Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр нұр көктем.

Жарығың мен, шуағыңмен «Күн Ана»,

Алып келдің жер бетіне гүл көктем.

М.Мақатаевтың өлең жолдары. Көктем келді (Дамила, Ажар,

Мағжан, Аида)

1 – жүргізуші: Адамзат қуат алар ақ сүтіңне,

Мәпелеп әлдилеп пейілің кең.

Аналық махаббаттың кәусар юұлақ,

Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ.

2– жүргізуші: Тіршіліктің шыққан күннен нәр алады,

 Ананың ақ сүтінен жаралады.

М.Мақатевтің «Анама» деген жазған әні,

Аналар, бір сіздерге арналады.

Өлең: Ана сен бақыттысың

1– жүргізуші: Адам барма ана сүтін татпаған,

Алуан – алуан ауыр сынды аттаған.

Адалдықты ар – намысты сақтаған,

Мен ананың сонысына мақтанам.

2– жүргізуші: Сөз керек – ару, әйел, ананың,

Сұлулығын айтып жеткізуге.

Сөз керек – дүниенің алтын діңгегі Ана екендігін әйгілеуге.

Сөз керек – анаға деген махаббат пен құрметті тіл ұшына үйіруге.

Көрініс: Армия (өлең жолдары: Елестетші анаң жоқ болса үйде)

1 – жүргізуші: Көз керек – ананың өнерін, парасатын көруге,

 Көз керек – арудың, әйелдің, ананың сұлулығын көруге.

Көз керек – ұйқысыз түндер мен уайымды күндер салған,

Ықыласты қолымен ұстап сезінуге.

2 – жүргізуші: Алдымен сүй, ардақта ана – анаңды,

 Бар жақсылық балаға бұл ғаламда,

Мейірімнен ананың жасалады.

Би: Жамбо

1 – жүргізуші: Ол – ана, азаматқа қанық үні,

 Әр жүрек, әр көңілдің жарық үні.

Ол деген алыбығой алыптардың,

Ананың тілі емеспе халық деген.

2 – жүргізуші: Ана десем алғыс алам халқымнан,

Ана десем теңіз болам шалқыған.

Ана десем ашылады қабағым,

Ана десем әділдікті ұғамын.

Көрермендер мен ойын: (Соқыр мерген, обруч, сурет салу)

Вальс (Нұрбол – Ұлпан, Темірлан – Аида, Мағжан – Ажар,

Мәрлен – Кәмшат, Ерғанат — Жанель)

1 – жүргізуші: Ана дейміз бәрімізде аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана деген – бәйтерегі өмірдің,

Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.

2 – жүргізуші: Арулар – аяулылар, ардақтылар,

Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар.

Арулар – тіршілікке күретамыр,

Өмірді бір – бірімен жалғап тұрар.

Өлең: Дәмила «Үкілімай»

1 – жүргізуші: Ана – деген асыл жандар болаттай.

  Ана – десең – мөлдір жандар бұлақтай,

О, адамдар, қадірлейік Ананы.

Жат халыққа ақыл – ойды тонатпай

2 – жүргізуші: Ананың әрбір сөзі, ой талабы,                           

  Жүректің тереңінде сақталады.

   Өсеміз елін сүйген ұландар боп,

Ардақты Ана еңбегі ақталады.

Фокус: (Ұлпан, Аида, Кәмшат, Дәмила, Мағжан)

1 – жүргізуші: Туғаннан құлыным деп аймалаған,

  Өзіңнен қымбат адам қайда маған.

Дүние аналармен көрікті ғой,

Он сыз бір бұлбұл да сайрамаған.

2 – жүргізуші: Ақ сүтінен жаралған,

Ақ сүтінен нәр алған.

Анаға бас иеміз,

Туған елдің, тілі деп.

Туған жердің үні деп,

Анаға бас иеміз.

Барлығы хормен: Анамызға бас иеміз.

Хор: Бағала

Қорытынды: Қымбатты, аяулы аналар, ұстаздар және оқушылар!

Сіздерге арналған мерекелік кешіміз осымен аяқталды келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!!!

 Дереккөз: internet-konkursy.com

Ұқсас материал: 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ