Бағдаршам біздің досымыз (әдістемелік сабақ жоспары)

0
5256
«Күн дидарлы-Қазақстан!»

Тақырыбы: «Бағдаршам біздің досымыз»

Мақсаты: Балаларды жолда жүру ережесіне сәйкес бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру. Балаларды жолда жүру ережесін мұқият cақтауға, жауапкершілік сезімдерін дамыту.
Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.

Білімділік: Бағдаршамның үш түсін танып білуге, жол ережесін сақтай білуге үйрету.

Тәрбиелік: Жаяу жүргіншілерге арналған жолмен жүруге, епті болуға тәрбиелеу.

Әдіс — тәсілі: Әңгімелеу, түсіндіру, ойын, сұрақ — жауап.
Көрнекілігі: бағдаршам, жол белгілері, жол қауіпсіздігі туралы суреттер.
Сөздік жұмыс: бағдаршам.
Билингвальді компонент: Бағдаршам – светофор, жол – дорога.

Оқу қызметінің түрі: Сахналық қойылым

Оқу қызметінің барысы:

І Ұйымдастыру бөлімі:

Шаттық шеңбер:

Ал балалар тұрайық

Алақанды соғайық

Алдыменен бәріміз

Амандасып алайық

Сәлеметсіздер ме!

— Балалар бүгін біз «Бағдаршам біздің досымыз» атты ұйымдастырылған оқу қызметінде бағдаршамның сырларымен танысамыз.

— Балалар кәне мен сендерге жұмбақ жасырайын?
Жасыл көзі «жүр» дейді.
Қызыл көзі «тұр» дейді
Сары көзі «дайын бол» дейді.
Бұл не?
— Дұрыс айтасыңдар, балалар.!

Балалар:Бағдаршам.

ІІ Негізгі бөлім
Тәрбиеші: Өте дұрыс, бұл бағдаршам екен. Қазір мен бағдаршамның не үшін керек екенін айтып берейін. Сендер мұқият тыңдап алыңдар. Бағдаршам жол ережелерін реттеуші бізге жол қиылыстарынан өтуге көмектеседі. Жаяу жүрушілерді жол апатынан сақтайды. Жолдан өтерде өте мұқият болу керек. Жолдан жүгіріп өтуге болмайды.
Бағдаршамның үш көзі — үш түрлі. Бағдаршам бар қиылыста адамдар өтетін ақ жолақтар болады. Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда көліктер тоқтайды, ал адамдар жаяу жүрушілер ақ жолақтармен өтеді.
— Ал, ортадағы сары көзі жанса, көліктер дайындалады.
— Ал жасыл көзі жанса, жол ашылады, көліктер жүреді. Бағдаршамның үш көзі жаяу жүргіншілерге және көлік пен жүруге де өте қолайлы, адам өміріне орасан зор.
Олай болса, көшеден өткенде арнайы ақ жолақтардан өту керек. Жол қиылысында аса абай бол, көшелерде, жолдарда доп ойнауға, шанамен сырғанап ойнауға, болмайды балалар.

Жанель:

Үш түсті түрі бар

Жөн сілтер тілі бар

Бағдаршам дегеннің

Сырын жақсы біліп ал

/экраннан слайд көрсетіледі/

ІІІ Сахналық қойылым

/музыка әуенімен ортаға Дымбілмес ойнап кіреді/

Дымбілмес: Не деген көп машиналар. Қалай өтем бұл жолдан? (отырып жылайды)

Тәрбиеші: Сәлеметсіңбе Дымбілмес! Сен қорықпа біз саған көмектесеміз!

Бұл жолдан өту үшін бізге көмекке бағдаршам досымыз керек.

Балалар бағдаршам досымызды шақырайық

-Бағдаршам, бағдаршам!

Бағдаршам: Сәлеметсіңдер ме!

Менің атым бағдаршам

Бар әдемі үш көзім

Кезек- кезек ашамын

Үшеуінен байқасаң

Үш түрлі нұр шашамын

Қызыл түсім жағылса

Айзере: Қызыл жарық жанғанда ,

Қалт тоқтай қал табанда.

Сары түсім жағылса

Гүлназ: Сары шамы жағылса,

Сақ абай бол барынша!

Жасыл түсім жағылса

Нұржамал: Жасыл жарық – жол ашық,

Зымырай бер, бел асып.

Тәрбиеші: Қош келдің бағдаршам! Бағдaршам біздің өмірімізді сақтайды. Бағдаршам біздің досымыз. Бағдаршам, Дымбілмес досымыз жолдан қалай өту керек екенін білмей тұр қане көмектесші бізге?

ІV Сергіту сәті

Бағдаршам: Жарайды достарым сендерге көмектесемін.

— Орнымыздан тұрайық.

Біздер жолға шығайық

Ұзын, қысқа жолдарды

Біліп біздер алайық,

Қызыл жанса — тоқтаймыз,

Сары жанса – дайындал

Жасыл жанса – топ – топ басып жүреміз

/Бағдаршаммен бірге қайталап айтып жаяу жүргіншілер жолымен өтеді./

Дымбілмес: Жарайсыңдар достарым! Сендерге көп – көп рахмет!Жолда жүру ережесін үйрендім. Жолда жүру кезінде бағдаршаммен дос болам. Мен енді басқада достарыма барайын. Сау болыңдар достар!

Тәрбиеші: Сау бол Дымбілмес!

— Балалар бағдаршам бізге қызықты тапсырмасы бар екен қане бірге орындайық.

Бағдаршам: Балалар менің түстерім алмасып кетіпті қане тауып ретімен орналастыруға көмектесіңдерші.

/Балалар көп түстердің арасыннан «қызыл, жасыл, сары» түстерді тауып ретімен орналастырады/

Бағдаршам: Өте тамаша жарайсыңдар балалар!

Бекназар:

Жол жүрудің тәртібін

Ережесін білеміз

Сақтағанда қатерден

Сау саламат жүреміз

V Қорытынды бөлім

Тәрбиеші:

— Балалар біздерге қонаққа кім келді? /Дымбілмес, бағдаршам/

— Дымбілмес досымызға қалай көмектестік? /Жаяу жүргіншілер жолынан өзкізуге көмектестік/

— Бағдаршамның неше түсі бар қане атайық? /Үш түсі бар, қызыл, сары, жасыл,/

— Бағдаршамның қызыл түсті жарығы нені білдіреді? /тоқта/

-Бағдаршамның сары түсі жарығы нені білдіреді ? /дайындал/

-Бағдаршамның жасыл түсі жарығы нені білдіреді? /жүр/

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Бүгінгі «Бағдаршам біздің досымыз» атты оқу қызметіне жақсы қатыстыңдар!

Сау болыңдар!


ПІКІР ҚАЛДЫРУ