Бақыт баспалдағы — балабақша!!!

0
1497
Иллюстрация: Freepik.com

Көнелі көзді мұра етіп, талды түске бей-жай назар салмай, қас қағымнан жас-жарым жырына дейін ұрпақтан-ұрпаққа үйлесін тауып,ардақтысынын еселеп, еңгезердей әкемізден көңілі ояу болашақ қалаушыларына жалғай жүрген асылымыз екені баршамызға мәлім. Жібегіне қырық үйден тыйым салып, Төлегенін өзге үйден тойдырмаған қазағым, әуелден-ақ тәрбие мәндісіне ерекше көңіл аударған. Ұрпақ тәрбиесін ұлт  тағдырынан мүлде тысқары бөліп қарамаған.

Атаулы мәселе барысында баланың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіруді маңызды мақсат тұтқаны ақиқат. Тарихқа көз тартып, өткенімізден ой өрнектесек, балаларын шешен болуға,қара қылды қақ жаратын әділетті қалауға, ауыз әдебиетінен сусындап өсуге,жыраулардың жырын тыңдауға үйреткен. Көсем сөзден шабыт алып, ерек сезімге бөленіп,өскен алдыңғы ұрпақтың қазіргі біздің заманымызда таңдай қақтырып жүргендігі көрер көзге аян. Тау суындай тасынып, шәйі бұлттардан шәлі байлап, жұрт алды үлгі болу – көптің қызығар тұсы болары даусыз, шіркін! «Ел боламын десең, бесігіңді түзе», — деп ақиық жазушымыз Мұхтар Әуезов сөз еткендей, әлем кезген алпауыт алдында еңсесі биік көрінереміз де, бәсекелестерімізге жер боларымызда өз қолымызда. Сондықтан өркениетті ел тізгінін ұстайтын азаматтар – ол бүгінгі тәрбиені иек еткен жастар екендігін ұмытпайық. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлт болашағы – білімді, саналы ұрпақ қолында» дегені жарқын істерге меңзеп тұрғандай. Расында, бүгінгі жас – ертеңгі елдің тірегі, келешектің келбеті емес пе?

Заманы қарқынды дамып, бой көтерген қайсы бір елдің болмасын, шыр етіп дүние есігін кеңге құлаш кере ашқан баланың тәтті шаққа жаны қос балалығы басталары белгілі. Жетілдіріп барып, ес кірген уақытына дейін әрбір дүниені тану үшін аузына салып,қай нәрсені қалай пайдаға жаратарын сәбидің өзі-ақ ұғынып алады. Одан жылжып, білім негізінің іргетасы, тәрбие мен білім өзегі – балабақшадан бастау алатыны бүгінгі күні білім беру әлемінде дәлелденіп отырғанын ескеріп,балапанымызды «бақыт баспалдағы балабақшаға» апарамыз. Осы орайда, адамзатты қалыптастырудың бастауы, тәрбиенің тал бесігі – балабақша табалдырығынан  қалам тартып, ізгілікпен пен парасаттылыққа жол көрсетер іргелі орынның бала тәрбиесінде маңызды рөл атқаратындығын есімізден шығармағанымыз абзал. Тағылымды тәрбиенің тамырын бала бойына қалыптастыратын,ұлт сүюшілік пен адамгершілікті оның сәби жүрегіне ұялататын тәрбие ордасының қазіргі ахуалда қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеуде өзіндік орны мен үлесі ерекше. Алдағы он жылдығыңды ойласаң тал ек, ал бүкіл өміріңді ойласаң бала тәрбиеле деген асыл сөздің астарынан үкіліген үмітіміз – бала келешегінің кемеліне ерекше мән беру керектігін аңғарамыз.

Өмір шындығына жүгінсек, тәрбие бастауы, оның қайнар көзі, ананың сүтінен нәр алып  өскен ортасына тікелей байланысты. Бау – бақшаны баптап, күтіп суарсаң ғана жемісіне кенелесің дегендей, сол секілді баланың теріс мінездерін үнемі қадағалап,түзету – қоршаған ортаның, яғни ата-ана мен білім ошақтарының міндеті. «Бала тәрбиесі – өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер» деп Мағжан Жұмабаев сөз еткендей, осы өнердің биік шоғырында өрім өріп,адал қызметін атқарар, көпке насихаттар шаңырағымыз – балабақша.

Қай бір өлкенің балдырған балабақшасы болмасын, түгелдей ұрпағымыздың жауапты да жігерлі,өресі биік,денсаулығы мықты өкілдері атануына толықтай сенім білдіреді. Сондықтанда беталды жазық ойларға ой қоспай,қадірлі еліміздің қастерлі байрағын заңғар биікке самғатып,көлдеткен жаннан көпті елдің көзі түсер азуынды ұрпақ жалғауымыз үшін,бақыттың толы кезбесі,әрбір үйдің еркесін жетілдірген балабақша табалдырығына есіле аққан бұлақтай дарытайық!

              Келешектің іргетасын қалау үшін , ең алдымен басты жыр еткендей елдің жастарының саналы ұрпақ болып өркендеуіне күш салу керек. Қазіргі таңда өзіміз куә болып отырғандай Елбасымыз дәл осы бағытта көптеген жұмыстар атқаруда. Әрбір жастың алаңсыз, білім нәрімен сусындап, түзу жолдан тайынбай,санаға сәуле шашар жағдайлар толықтай барынша жасалғандай . Нұрлы болашақтың даңғыл жолында шабысы қатты тұлпардай жүйткіген Қазақстанның жастары текті ұлттың ұрпақтары екеніне келер күн мен атқан таң бірден – бір куәгері болмақ!!!

Аслан Бағланұлы

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ