«Бақытты сәт» атты математикалық сайыс

0
2015
«Мен осындай баламын» тәрбие сағаты

Мұғалімнің аты-жөні: Баймаганбет Ж.К.

Мектеп: «Семей қаласының №37 гимназиясы» КММ

Сынып: 10-11

Тақырыбы: «Бақытты сәт» атты математикалық сайыс

Күні: 31.01.2018 жыл

Мақсаты: оқушылардың функционалдық сауаттылығын, математика пәніне деген қызығушылықтарын, логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, ой-өрісін кеңейту. Оқушыларды белсенділікке, ұжымшылдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Қатысушылар: 10-11 сынып оқушылары

Түрі: топтық сайыс

Көрнекілігі: техникалық құралдар, слайд, таратпа карточкалар, бағалау парағы

Жоспары:

1. Кіріспе сөз. Сайыс шартымен таныстыру

2. І тур. «Математикалық марафон»

3. Көрермендер сайысы

4. ІІ тур «Күш — білімде»

5. Қорытынды. Марапаттау

Барысы:

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер.- деп бүгінгі сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Армысыздар, ардақты ұстаздар, құрметті оқушылар. Бүгінгі «Бақытты сәт» атты сайысымызға қош келдіңіздер.

Сіздерге бір өтінішім бар барлық мазалап жүрген отчет, сабақ, ҰБТ, емтихан, т.с.с. ойларыңызды бір сәт ұмытып, 40 минут уақыттарыңызды «Бақытты сәтке» бөліңіздер! Рахмет!

Енді бүгінгі сайыстың қатысушыларын анықтап алайық. Залда отырған көрермендер отырған орындықтарыныздан стикер тапсаңыздар орындарыңыздан тұруларыңызды сұраймын. Стикердің түсіне сәйкес номерлі топқа келіңіздер. Міне бүгінгі «Бақытты сәтке» қатысатын бақытты, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» сайыскерлерімізді қарсы алайық.

Шеберлікті, білімді
сараптап сіздер көріңіздер
Әділқазы алқасы

Әділ баға беріңіздер! — дей отырып бүгінгі сайысты бағалайтын әділ қазылармен таныстырып шығайын:

Енді сайыс шарттарын мұқият тыңдап алыңыздар. Сайыс 2 турдан тұрады. І турда 4 тақырып беріледі, әрқайсысында 3 сұрақтан. Топ номерлері бойынша кезектесіп қалаған тақырыпты таңдайды. Дұрыс жауапқа сәйкес ұпай беріледі, ал жауап жоқ немесе қате болса келесі топтың жауап беруіне болады. Жүргізушінің рұқсатынсыз, қол көтермей берілген жауап қабылданбайды.

Сонымен І тур «Математикалық марафонды» бастаймыз.

І тақырып. Балалар

100 – Үйде 12 кесе және 9 тарелка болды. Балалар кесенің жартысын және 7 тарелканы сындырып алды. Сонда неше кесе тарелкасыз қалды? (4)

200 – Ағайындылардың үлкенінде 2 кәмпит, кішісінде 12 кәмпит болды. Әділеттілік орнату үшін екеуінде кәмпит саны бірдей болу үшін ағасы кәмпиттің нешеуін тартып алу керек? (5)

300 – Арман мен Саматқа 5 тоқаштан сатып алып берді. Арман барлығын 6 минутта жеп алып, әрбір тоқашты 4 минуттан жеп тұрған Саматқа қарап қызғаныштан есі шықты. Сонда Арман қанша уақыт бойы қызғанып тұрды? (14 мин)

ІІ тақырып. Шеңбер

100 – Шеңбердің екі нүктесін қосатын кесінді? (хорда)

200 – Дөңгелектің хордамен және доғамен шектелген бөлігі? (сегмент)

300 – Дөңгелек пен шеңберге қатысты есептеулерде қолданылатын: үш-он төрт-он бес-тоқсан екі-алты-… Не туралы айтылған? (пи саны)

ІІІ тақырып. Ауызша есепте

4-тақырып. Логика

100 – Егер ертеңгі күн кешегі күн болса, онда жексенбіден кешегі күнге дейін қанша күн өтсе, жексенбіге дейін сонша күн қалар еді. Бүгін қай күн? (сәрсенбі)

200 – Екі бала домбырада, біреуі гитарада ойнады. Егер Марат пен Самат және Самат пен Арман әртүрлі аспаптарда ойнаса, онда Арман қандай аспапта ойнағанын тап. (домбыра)

300 — Жанұяда төрт бала бар, олардың жастары 5,8,13 және 15. Балалардың есімдері : Анар, Болат, Дана және Ғалия. Егер қыздардың біреуі балабақшаға барса, Анар Болаттан үлкен болса және Анар мен Дананың жастарының қосындысы үшке бөлінетін болса, онда балалардың әрқайсысы қанша жаста? (Дана – 5, Болат – 8, Анар – 13, Ғалия – 15)

Осымен І тур аяқталды. І тур қорытындысы бойынша ұпайларын айтып шықса есептеушілер.

Көрермендер сайысы. Ойын «Тригонометриялық функциялардың графигі»

ІІ тур «Күш — білімде» шарттарымен таныстырып өтейін. Мұнда 6 тақырып ұсынылады, әрбір тақырыпта 1 сұрақтан. Топтар кезектесіп қалаған тақырыпты таңдайды. Дұрыс жауапқа 100 ұпай беріледі, ал жауап жоқ немесе қате болса келесі топтың жауап беруіне болады. Жүргізушінің рұқсатынсыз, қол көтермей берілген жауап қабылданбайды. Сәттілік тілеймін! Бірінші болып ең көп ұпай жинаған топ таңдайды.

1-тақырып. Кәсіпкер

Франция мейрамханаларында бір тауықтың екі аяғы әр түрлі бағаланады. Ас мәзірінде тауықтың қай аяғы қымбат тұрады және неге? (тауық оң аяғымен тұрып ұйықтайды, сондықтан сол аяғының еті жұмсақ және қымбат тұрады)

2-тақырып. Банкир

Салымшы жинақ банкіне 200мың теңге көлемінде ақша салды. Жинақ банкінің салым бойынша төленетін жылдық пайыздық мөлшерлемесі 18 % құрайды. Банк жай пайызбен есептейтін болса, салымшы 3 жылдан кейін қанша ақша алады? (308000тг)

3-тақырып. Кітап сөрелері

Кітап сөрелерін дайындау үшін бірдей 30 шыныға тапсырыс беру қажет. Әрбір шынының ауданы — 0,35 м2. Кестеде шынының , оны кесу мен шеттерін тегістеудің бағалары көрсетілген. 3 фирманың ішінен ең арзан тапсырыстың бағасын анықтандар? (В — 7035 тг)

Фирма Шыны бағасы ( теңгемен 1 м2)

Шыныны кесу

(тг – 1 шыны үшін)

А 450 80
В 470 70
С 500 60

4-тақырып. Ықтималдық

Самал теледидарды қосты. Барлық 16 арнаның төртеуі музыкалық арналар. Самалдың музыкалық арнаға түспеу ықтималдығын анықтандар. (0,75)

5-тақырып. Автокөлік

Клиент 1 күнге 600 км жолға автокөлікті жалға алмақшы.Кестеде үш түрлі көліктің жалға беру бағасы, автокөлікке қажет отын түрі мен мөлшері көрсетілген. Жалға алу мен отын үшін төленетін ең арзан нұсқаны көрсетіңдер? (А — 3784 тг)

Дизель отыны – литрі 16 руб., жанармай – литрі 20,5 руб, газ – литрі 15 руб.

Автокөлік Отын

Отын шығыны

(литр — 100 км)

Жалға алу бағасы

(руб. 1 күні)

А Дизель 4 3400
Б Жанармай 8 3000
В Газ 11 3000

6-тақырып. Заңдылықтар

Заңдылықты анықтап, сан қатарын жалғастыр: 1,1,2,3,5,8,13,…,…,… Бұл сан қатары қалай аталады? (21, 34, 55. Фибоначчи қатары, екінші мүшесінен бастап әрбір келесі мүшесі алдыңғы екі мүшесінің қосындысына тең болады.)

Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы да үйренеміз аман болсақ.
Кешіміздің соңғы сәті таяп қалды,
Ал, қазір әділ-қазы сөз алады.
Кешіміздің жеңімпазын анықтап,
Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады.

Сөз______________________________________ беріледі.
Қорытындылау: Жеңімпаздарды марапаттау, сыйлықтар беру

 

БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

І тур «Математикалық марафон»

ІІ тур

«Күш — білімде»

Барлығы Ескерту
І топ
ІІ топ
ІІІ топ

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ