Ұқсас фигуралар және олардың қасиеттері. Үшбұрыштар ұқсастығының белгілері

0
5316
Jennie Kim: кәріс айдолының Голливудтық дебюты

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Мұғалімнің аты-жөні: Баймаганбет Ж.К.

Мектеп: «Семей қаласының №37 гимназиясы» КММ

Сынып: 9

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 9.2.А Жазықтықтағы түрлендірулер

Сабақтың тақырыбы: Ұқсас фигуралар және олардың қасиеттері. Үшбұрыштар ұқсастығының белгілері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме):

9.1.4.14 Үшбұрыштар ұқсастығы белгілерін білу және қолдану

Сабақтың мақсаты:

  • Барлық оқушылар:

Үшбұрыштар ұқсастығы белгілерін біледі және қолданады

  • Оқушылардың басым бөлігі:

Үшбұрыштар ұқсастығы белгілерін қолдана отырып дәлелдейді

  • Кейбір оқушылар: Үшбұрыштар ұқсастығының белгілері арқылы салу есептерін шығарады

Бағалау критерийі:

  • Үшбұрыштардың ұқсастық белгілерін есеп шығаруда қолданады
  • Үшбұрыштардың ұқсастық белгілерін дәлелдеуде қолданады

Тілдік мақсат:

Оқушылар:

Үшбұрыштардың ұқсастық белгілерін тұжырымдайды

Дәлелдеуге берілген есептердің шығару жолын түсіндіреді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Үшбұрыш, бұрыш, қабырға, гомотетия центрі, гомотетия коэффиценті

Диалогқа, жазылымға қажетті тіркестер:

Үшбұрыштар ұқсастығының І белгісі?

Үшбұрыштар ұқсастығының ІІ белгісі?

Үшбұрыштар ұқсастығының ІІІ белгісі?

Пәнаралық байланыс: Алгебра

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу
  • Оқушыларды түгендеу
  • Сабаққа әзірлігін тексеру
  • Сабаққа жағымды психологиялық ахуал туғызу

«Көрші»

ІІ. Топқа бөлу. Оқушылар алдарына таратылған кеспе қағаздардағы үшбұрыш ұқсастығының белгілері бойынша топтасады.

  • 1-топ «Үшбұрыштар ұқсастығының І белгісі»
  • 2-топ «Үшбұрыштар ұқсастығының ІІ белгісі»
  • 3-топ «Үшбұрыштар ұқсастығының ІІІ белгісі»

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушылар дәптерлерімен алмасып, экранда көрсетілген жауаптар арқылы бірін-бірі тексереді.

«Бумеранг» әдісі

  • Үшбұрыштар ұқсастығының І белгісі
  • Үшбұрыштар ұқсастығының ІІ белгісі
  • Үшбұрыштар ұқсастығының ІІІ белгісі
  • Ұқсас түрлендіру, оның қасиеттері?

ҚБ: «Сөздік» бағалау

Мақсат пен бағалау критерийлерін оқушылармен талқылаймын

І. Топтық жұмыс. «Ойлан, жұптас, пікірлес» әдісі

2.105. Қабырғалары 0,8 м, 1,2 м және 2м болатын үшбұрышқа ұқсас болып келетін үшбұрыштың периметрі 5,5 м. Екінші үшбұрыштың қабырғаларын табыңдар.

2.111. BD кесіндісі АВС үшбұрышынының биссектрисасы. АС=30, AD=20, BD=16 және , АВ-ны табыңдар.

2.110. Ұқсас үшбұрыштардың сәйкес қабырғаларына түсірілген биіктіктерінің қатынасы сол қабырғалардың қатынасына тең болатынын дәлелдеңдер.

Қарқыны жылдам оқушыға арналған тапсырма:

2.119. Екі бұрышы және үшінші бұрышының биссектрисасы бойынша үшбұрыш салыңдар.

Сергіту сәті. «Пирамида»

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар:

Бағалау критерийі: Үшбұрыштардың ұқсастық белгілерін есеп шығаруда қолданады

Тапсырма 1

Қабырғалары 2,5см, 4,5 см, 5см болатын үшбұрыш берілген. Бұған ұқсас үшбұрыштың үлкен қабырғасы 6 см. Екінші үшбұрыштың периметрін табыңдар.

Дескриптор:

Білім алушы

  • үшбұрыштың сәйкес қабырғаларын анықтайды;
  • үшбұрыштардың ұқсастық белгісі арқылы пропорция құрады;
  • екінші үшбұрыштың қабырғаларын табады;
  • екінші үшбұрыштың периметрін есептейді

Дескриптор:

Білім алушы

  • ұқсас үшбұрыштарды анықтайды;
  • үшбұрыштардың ұқсастық белгісі арқылы пропорция құрады;
  • х-ті табады табады;
  • у-ті табады

ҚБ: «Өзін-өзі бағалау» әдісі

Рефлексия: «БББ кестесі»

Үйге тапсырма: №2.109.

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ