Мамандықты таңдау туралы жоғары сыныптарға арналған ақпараттық-танымдық сабақ

0
16310

Мұғалімнің аты-жөні: Баймаганбет Ж.К.

Мектеп: «Семей қаласының №37 гимназиясы» КММ

Мерзiмі:

Сынып: 10-11 сыныптар  арасындағы ақпараттық-танымдық сабақ

Тақырыбы: «Мамандықты таңдау – болашақты ойлау»

Мақсаты: мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру, оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау, кәсіби бағдар беру, мамандық әлемінен ақпараттар алу, қазіргі заманның тапшы мамандықтарын көрсетіп, сол бағытқа қарай бағыттау, өз пікірін еркін айтып, өзгенің пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу, оқушыларды терең білім алу жолында үздіксіз еңбектенуде еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Міндеттері:

-Мамандық таңдаудың негізгі шарттарын таныту.

— Мамандық таңдауда оң шешім қабылдауға, өзінің бойындағы қасиетін тануға жетелеу
— Еңбекқорлыққа, еңбекті қадірлей білуге, табысты болуға тәрбиелеу.

Әдіс- тәсілдері:сұрақ – жауап, дискуссия, тренинг, топтық жұмыстар.

Көрнекілігі: проектор, тақырыпқа сай әзірленген слайдтар, плакат, үлестірмелі қағаздар.

Өткізіу формасы: танымдыө сағат

Қатысушылар: 10-11 сынып оқушылары.

Сабақ барысы:

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Саламатсыздар ма құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі кешімізге қош келіпсіздер!

Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,

Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,

Үлкен болып қалу үшін ғаламда,

Үлкен арман керек екен адамға.

Әр адам ерте ме, кеш пе өз өмірінде «Қандай мамандық иесі боламын?» деген сұраққа жауап іздейді. Мамандық таңдау – өте жауапты іс. Өйткені, таңдаған мамандығың ертеңгі сенің өмірің, болашағың, қоғамның болашағы, еліміздің ертеңі.
Ал осы мамандықтың қанша түрі бар деп ойлайсыңдар?
Американдық кәсіптер сөздігінің мәліметтері бойынша 40 мыңға жуық мамандық түрі бар екен. Соның ішінде шамамен 500 –і жыл  сайын  жоғалып  кетеді және сондай  шамада   жаңалары пайда  болады. Көптеген  мамандықтардың  өмір  сүруінің орташа уақыты 8-10 жыл.. Міне  сондықтан  заманауи  мамандықтармен  танысу бүгінгі  уақытта өте қажет  болып  тұрған  мәселелердің  бірі. Мамандық әлемінің зор көптүрлілігі өмір үшін барлық қажеттіні жалғыз адам  атқара  алмайтындығының салдары. Өз жұмысын  орындау үшін адамға  белгілі бір білім мен ептілік қажет. Осылайша мамандықтар пайда болған. Күн сайын миллиондаған адамдар  жұмысқа асығып бара жатады. Олар немен айналысады?  Өз жұмысын жақсы көреді ме? Жұмыс түрін қалайша  таңдады екен,өздерінің кәсіби  жолын  қайталар ма еді немесе  басқа іспен  шұғылданар  ма еді?  Мамандықты  таңдау  ең  маңызды  өмірлік шешімдердің біріне жатады.

  1. Негізгі бөлім.
  2. «Мамандық дегеніміз не? Мамандықтың негізгі салалары», ақпарат беру
  3. «Жойылып кеткен мамандықтар» — 10 «А»
  4. «Сұранысқа ие мамандықтар» — 10 «Ә»

«Психогеометрия» сергіту сәті

  1. «Болашақта қандай мамандықтар пайда болады?» — 10 «Б»
  2. «Қызықты мамандықтар» — 10 «В»

IІI. Қорытынды бөлім.

Ой бөлісу (тұжырымдарды дәлелде)

Рефлексия

  1. Негізгі бөлім.
  2. «Мамандық дегеніміз не? Мамандықтың негізгі салалары» слайд арқылы жүргізушілер ақпарат береді.

Мамандық дегеніміз — адамның белгілі  бір қызмет атқаруына мүмкіндік беретін материалдық, не  рухани өндірісте алған білімі мен өмірлік дағдысының жиынтығы. Мамандықтар 5 типке бөлінеді:

  1. «Адам-техника» мамандығы тасымалдау, көтеру құралдарын слесарь-жөндеуші, технологиялық құралдардың наладчигі, жүргізуші, техник, механик.
  2. «Адам-адам» мамандықтар типі. Тәрбиелеу, білім беру, ақпараттандыру тұрмыстық, сауда, денсаулық сақтау қызметіне бағытталған.
  3. «Адам-табиғат» жер бетіндегі барша дүние тіпті адамның өзі де табиғаттан жаратылған. Осы саладағы мамандықтар: микробиолог, балықшы, тракторшы, ветеринар, фельдшер, малшаруашылығы механик комплексінің оператор және бақшашы. т.б.
  4. «Адам-таңбалар жүйесі» ауызша және жазбаша сөйлеу, сандар, химиялық, физикалық символдар, нота, сызба , карта, графика, сурет, жол белгісі т.б.
  5. «Адам-бейнелеу образ» бейнелеу, музыка, әдеби бейнелеу және актерлік еңбек түрлері. конструкторшы-модельер, витражшы, суретші-фотограф, музыкант, артист, музыкалық аспаптарды жөндеуші, журналист, кілем тоқушы т.б.
  6. «Жойылып кеткен мамандықтар» — 10 «А»

Көше шамдарын жағушы.Оператор коммутатор. Мұз ойғыш. Ұйқыдан оятатын адамдар.Боулинг тастарын (кегля)қоятын адамдар.

  1. «Сұранысқа ие мамандықтар» — 10 «Ә»
  • Менеджер
  • Басқармалы есеп, бухгалтерия, кәсіпорындардағы қаржы бөлімі
  • Әкімшілік басқару, ұйымдастыру, үйлестіру жөніндегі қызметкерлер
  • Офис-менеджерлік, іс-қағаздар мен құжат айналымының маманы
  • Ақпараттық технология, интернет
  • Инженерлер мен телекоммуникация
  • Жарнама, маркетинг, PR менеджер (қоғаммен байланыс)
  • Банк, инвестиция, лизинг
  • Несие менеджерлері мен корпоравтиті тұтынушылармен жұмыс істейтін мамандар
  • Тамақ өнеркәсібінің мамандары
  • Машина құрастырушылар мен металлургтер
  • Жобалаушылар мен сәулетшілер
  • Көлік және логистика саласының мамандары
  • Туризм, қонақүй ісі
  • Медицина, фармацевтика
  • Масс-медиа мен іс-шараларды ұйымдастыру

«Психогеометрия» сергіту сәті

Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналана адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздікадминистратор шығады.
Зигзаг. Сенде әсемдікті көре білу қабілетін жоғары қалыптасқан, сондай — ақ шығармашылық қабілетін, ой — өрісін дамыған. Сенде табиғи өткіройлылық бар, өз айналана қабілетті адамдарды жинай аласын. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.
Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесінді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесін, басқаның ауарпатылығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан. Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.
Үшбұрыш. Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Ең бастысы – еңбек нарығында сұраныс бар мамандыққа ие болу. Бұл, әсіресе, ақпараттық технологиялар, өндірісті цифрландыру және компьютерлендіру дәуірінде өзекті болмақ. Таяу болашақта қазіргі мамандықтардың 50 пайызына сұраныс болмайды. Сондықтан, уақыт талабына сай болу керек»,-деген болатын.
«Болашақта мүлдем жаңа мамандықтарға қажеттілік туады. Роботтар жұмыс істей бастайды. Қазір ғылым генді инженерия мен биология саласын дамыту үшін жұмыс істеуде. Әзірге барлық компьютерлер адам миын алмастыра алмайды. Бірақ жасанды интеллект бар. Барлық қиын жұмысты компьютерлер мен роботтар атқарады. Біздің мамандық туралы барлық түсініктеріміз өзгереді. Сондықтан, біз қаласақ та, қаламасақ та жұмыс орындары қысқара бастайды»,- деген еді.

  1. «Болашақта қандай мамандықтар пайда болады?» — 10 «Б»

Инженер, IT саласының мамандары, Нанотехнология саласының мамандары, Электроника және биотехнология мамандары, Маркетологтар, Қызмет көрсету  бойынша мамандар, Логистер, экологтар, химиктер, дәрігерлер.

  1. «Қызықты мамандықтар» — 10 «В»

Ойын инспекторы, Гольф добын суда жүзіп алып беруші, Жыланның уын алушы, Печеньелерге арналған анықтамалар жазушы, Құрт жинаушы, Иттердің тағамының дәмін татып көруші, Иттердің тағамының дәмін татып көруші, Манекен адамдар

IІI. Қорытынды бөлім.

Ой бөлісу (тұжырымдарды дәлелде)

Тұжырымдарды таңдап алып, ойыңды дәлелде.

  • Мамандық бір — ақ рет біржола таңдалады
  • Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланысты
  • Отбасы және достарыңның ақылына сүйеніп мамандық таңдауға болады
  • Қартайғанда да мамандық таңдауға болады
  • Жақсы білім алу үшін қымбат оқу орнына түсу керек
  • Мамандық таңдау – күн көріс қамы
  • Ауыл экономикасын көтеру үшін, ауылға ең алдымен бизнесмендер қажет.
  • Белгілі бір кәсіптің иесі болу үшін міндетті түрде жоғары білім алу қажет.
  • Жақсы маман болу үшін көп тілді меңгеру қажет.
  • Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, ол бақытты өмір сүре алады.

Рефлексия

«Саған не тілесем екен, менің қымбатты досым?» жаттығуы
Өз ойларындағы бақыт құсын жасап, тілектерін басқа сыныпқа сыйлау.

Түйінді ой: Мамандық таңдаудың  6 қадамы.

  • Еңбек етсем, ертеңгі — бақытыма сенемін.
  • Мақсатыма жеткізер — уақытыма сенемін.
  • Достық іспен қасты да — жеңеріме сенемін.
  • Ақыл, сана білім мен — өнеріме сенемін.
  • Арым — таза, ақ көңіл — адалдыққа сенемін.
  • Абыройлы, ақ ниет — адамдыққа сенемін!

 

Мамандық туралы басқа да материалдар

Мамандықтар туралы өзге де материалдар
  1. Еліміздегі жұмысқа орналасу көрсеткіші жоғары мамандықтар
  2. Әлемдегі ең керекті мамандық (Ұстаз туралы шығарма)
  3. Болашақта әлем елдері қажет ететін 10 мамандық
  4. Қандай мамандықтарға грантқа түсуге мүмкіндік бар
  5. Дипломсыз істеуге болатын мамандықтар
  6. Ең көп таңдалатын мамандықтар
  7. Талапкерге кеңес. Биология, география, химия пәнін таңдаған түлектерге арналған мамандықтар тізімі
  8. Талапкерге кеңес. Әдебиет таңдаған түлектерге қандай мамандықтар бар
  9. ҰБТ мен КТ бейінді пәндері көрсетілген жоғары білімнің мамандықтар тізбесінің жобасы
  10. Мамандықты дұрыс таңдай біліңіз…

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ