Байқауымыздың қатысушылары «Сәбилерге өмір сыйла» қайырымдылық шарасына атсалысты

3
335

Құрметті «Skills academy» мекемесі және байқау қатысушылары!

«Skills academy» мекемесі 2016 жылдан бері білім саласында қызмет көрсетіп келе жатқан мекемелердің бірі. Құрамына кіретін Martebe.kz, Qaztest.kz және Ozattar.kz сайттары мұғалімдер мен оқушыларға арналған білім байқауларын, олимпиадаларды өткізумен айналысады. Мекеме басшылығы 2019 жылдан бастап қатысушылардың жарнасының белгілі бір пайызын қайырымдылық қорына жұмсауды қолға алған болатын. Қайырымдылық жасау – қоғамдағы жақсы өмірге ұмтылдыратын азаматтық іс. Осындай игі істі жасауға атсалысқан  «Skills academy» мекемесінің құрамына кіретін білім сайттарының қолданушыларына өз алғысымызды білдіреміз!

2019 жылдың ақпан айында ұйымдастырылған байқаулардың нәтижесінде «Добровольное Общеcтво Милоcердие» қорына қаржылай көмек аударылды. Ол қаржы Кемелхан Арсен есімді бүлдіршіннің еміне жұмсалды. Дәл қазір Арсеннің жағдайы отадан кейін жақсы деп хабарлайды. 

Қайырымдылық қорының алғыс хаты

Қаржылай көмектің қайда жұмсалғаны туралы толық ақпарат осы сілтемеде.

Арсеннің еміне аударылған ақшалай көмекке байқауға қатысқан әрбір ұстаздың үлесі бар. Нақтырақ айтсақ, martebe.kz білім порталында ұйымдастырылған ІІІ Республикалық «Үздік жас маман» байқауының және Qaztest.kz сайтында ұйымдастырылыған «Үздік сынып жетекші» және «Үздік балабақша қызметкері» олимпиадаларының қатысушылары.

Осы қоғамның бір бөлшегі ретінде жақсылыққа жасауға ұмтылу әрбіріміздің азаматтық парызымыз. Сіздер байқауға қатысып, біліміңізді сынап жетілдірумен қатар, осындай игілікті іске өз үлесіңізді қосып, ерекше балаларға өмір сыйладыңыз! Жақсылық жасауға атсалысқаныңыз үшін сіздерге алғыс білдіреміз!

Жақсылық жасап жарысайық!

Құрметпен, Skills academy мекемесінің басшылығы

3 ПІКІРЛЕР

  1. Жарайсыздар! Игі істер жасауға бізді де қосқаныңызға көп рахмет! Ұжымдарыңызға тек жақсылық тілеймін!

  2. Бұл жақсы бастама екен! Ұжымның ұйыса істеген ісі көңілімізді көріктей көтеріп тастады. Дәйім, жұмыстарыңыз берекелі де мерекелі болсын!

  3. Жарайсыздар!!!Жаксы бастама екен!!! ұжымдарынызға раxмет!!!Осындай шаралар болса куана катысамыз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ