Ә.Байжанбаев атындағы дикторлар байқауы

0
1369
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Тақырыбы: Ә.Байжанбаев атындағы дикторлар байқауы

Мақсаты: Қазақ радиосының алтын қорында сақталған дауыстар галереясымен  келер ұрпақты таныстыру. Ұлттың ұлттық мұрасына айналған ӘНУӘРБЕК БАЙЖАНБАЕВТЫҢ  сіңірген еңбегі мен көркем үнін келер ұрпаққа насихаттау арқылы дикторлық қабілетін шыңдау. Үздік дикторларды анықтау.

Қатысушылар: мектеп қызметкерлері

І жүргізуші:

Заман өзгеріп, іргелі елге айналған мемлекетімізде ғылым мен білім, саясат пен экономика, әдебиет пен мәдениет салалары да қарқынды дамып, қоғамымызда жаңа ұғымдар мен терминдер қалыптасып, халқымыз негізін қалаған тіліміз де күрделіленіп, байи түскен бүгінгі күні де, дикторға артылар жүк аз емес. Әдеби тіл нормаларын жүйеге келтіру, тіл мәдениетін қалыптастырып дамыту, мемлекеттік тілдің өз дәрежесінде қолданыс табуына ықпал ету – сан салалы қоғам алдында тұрған басты мәселенің бірі десек, бұл ретте де дикторға артылатын міндет жеткілікті.
ІІ жүргізуші:

Радио немесе теледидар хабарын әр адам жасына, мамандығына, мәдениет деңгейіне, талғампаздық қасиетіне, көңіл-күйіне байланысты әртүрлі қабылдайды. Десек те, адам қоғаммен бірге жасасып, қоғаммен бірге өзгереді. Жаңа дәуір техникасы адам өміріне жан-жақты ықпал етіп, радио тыңдап, телевизор көруді күнделікті әдетіне айналдырған оның дүниетанымын, әлемге деген көзқарасын түбегейлі өзгертіп отырған бүгінгі күнде, дикторға қойылар талаптың да жаңарып, жасара түсуі – табиғи құбылыс.

І жүргізуші:

Өмірде тұла бойын көргенде көңілің толатын, айтқан сөздері құлақ құрышыңды қандыратын, істеген істері тәнті ететін біртуар жандар болады. Солардың бірі — кезінде қазақтың «Левитаны» атанған атақты радио жүргізушісі, Қазақстанның халық әртісі- Әнуарбек Байжанбаев.

ІІ жүргізуші:

Әнуарбек Байжанбаев —диктор, Қазақстанның халық артисі. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1944 ылы елге оралғаннан кейін, Қазақ радиосына диктор болып орналасады. 1944 жылы алғаш эфирге шағын хабарландыру оқып шыққаннан бастап өмірінің соңына дейін Қазақ радиосында, теледидарында (1958—1962) диктор, аға диктор болып қызмет атқарған. Эфир арқылы берілген республиканың тыныс-тіршілігі жайлы әр түрлі жаңалықтар, саяси хабарлар ұзақ жылдар бойы мыңдаған тыңдаушыларына Байжанбаевтың ашық та әуезді, кең тынысты үнімен жетті. С. Жақанова, З.Бекетова, Ж. Асқарова, М.Сержанов, М. Қуатбеков, Ә. Бөлебаев, т.б. қазақ дикторларына ұстаздық еткен.

ІІ жүргізуші:

Жақсы адам шынында да аспандағы жарқыраған жұлдыз секілді . Оның нұр сәулесі тек өзін ғана емес, өзгелерді де нұрландырып тұрады. Осылай қалтқысыз қызмет атқара жүріп, соңына ерген шәкірттеріне де өнегелі ұстаздық көрсетті. Олардың ішінен Сауық Жақанованы ерекше атап көрсетуге болады.

І жүргізуші:

«Тұлпар болар жүйрікті тай күнінде танисың» дегендей, Сауық та ұстазының үздік шәкірттерінің бірі болды.
Ертемен төсегімнен тұрам асық,
Құлағын радионың бұрап ашып.
Себесің Алматыдан жанға жылу
Адамдар көп үніңе болған ғашық.

Атың да ғажап сенің Сауық деген,
Сендегі шабыт берер дауыс дер ем.
Эфирде алдын ала шықпай қалсаң,
Ауырып қалды ма деп қауіптенем – деп радио тыңдаушылардың өлең жолдары да тоқтаусыз келіп жатты.

ІІ жүргізуші:

Бүгінде Қазақ радиосының алтын қорында қайталанбас қос диктордың мыңдаған сағат үн таспалары сақтаулы. Ол үнтаспаларда әдебиетіміз бен мәдениетіміздің өкілдері, еңбек ардагерлері жайлы сырлы да сазды хабарлар жазылған. Алтын қордағы бұл хабарларды дайындауда да Әнуарбек Байжанбаевтың қосқан үлесі орасан көп. Құлақ құрышын қандырған дауылпаз дауысы әрдайым жайнап тұрады.

І жүргізуші:

Қазақ радиосының эфирі арқылы қаншама толқын ұрпақты үнімен тербеген қазақтың Левитаны атанған Әнуарбек Байжанбаев-ұлт мақтанышы

ІІ жүргізуші:

Мектебімізде өткелі отырған ӘНУӘРБЕК БАЙЖАНБАЕВ атындағы дикторлар байқауына хош келдіңіздер!

І жүргізуші:

Байқау ережесімен таныс болыңыздар. Байқауға мектептің барлық қызметкерлері қатыса алады.

ҚАТЫСАТЫН ШЫҒАРМА САНЫ-2

  1. Қатысушы өзінің өңірі немесе мектебінде болып жатқан жаңалықтарын қысқаша жазып әкеліп оқиды. Ұзақтығы: 1 минуттан аспауы керек.(телебағдарламалар арқылы да таныстыруға болады. Мыс: «Айтуға оңай»т.с.с)
  2. Көркемсөз. Өлең, қарасөз, прозадан үзінділер. Ұзақтығы: 3 минуттан аспауы керек

ІІ жүргізуші:

Байқауға қатысатын үміткерлерді ортаға шақырайық.

  1. Оразалина Алмагүл –мектептің әлеуметтік педагогы
  2. Бекен Мирас-мектеп зерткері
  3. Жанасаев Ердос-АӘД пәні мұғалімі
  4. Бижанов Сенбай-қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
  5. Қалыбаева Айбала-математика пәнінің мұғалімі
  6. Жалмұратова Айша-мектептің кіші қызметкері
  7. Кенжеева Әйгерім-мектептің кіші қызметкері
  8. Қойшыбаева Айнұр-бастауыш сынып мұғалімі
  9. Ысқақова Динара–ағылшын тілі мұғалімі
  10. Сайлау Айсұлу-химия пәнінің мұғалімі
  11. Шармуханова Шаттық-математика пәнінің мұғалімі
І жүргізуші:

Байқаудың әділ бағасын беретін әділ-қазы алқасымен таныс болыңыздар

  1. Ізтлеуова Айғаным Қорабайқызы-мектеп директоры
  2. Елманова Райла Хамитқызы-орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
  3. Есенқазақова Ақмарал Еркебайқызы-қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
  4. Құлтанбаева Мира Демеуқызы-музыка жетекшісі және музыка пәнінің мұғалімі

ІІ жүргізуші:

Байқаудың бағалануы:

  1. Қатысушының тіл тазалығы, үнінің әсемдігі
  2. Нақтылық. Берілген тапсырманы өз мақсатына жеткізе алуы
  3. Шешендік
  4. Актерлік шеберлік
  5. Сахна мәдениеті
  6. Киім үлгісі
Жеңімпаздарды анықтау, марапаттау

№4 орта мектебінің тәрбие орталығы

ӘНУӘРБЕК БАЙЖАНБАЕВ атындағы ДИКТОРЛАР БАЙҚАУЫН ЖАРИЯЛАЙДЫ.

Байқауға мектептің барлық қызметкерлері қатыса алады

ҚАТЫСАТЫН ШЫҒАРМА САНЫ-2

Қатысушы өзінің өңірі немесе мектебінде болып жатқан жаңалықтарын қысқаша жазып әкеліп оқиды. Ұзақтығы:

1 минуттан аспауы керек.

(телебағдарламалар арқылы да таныстыруға болады. Мыс: «Айтуға оңай»т.с.с)

  1. Көркемсөз. Өлең, қарасөз, прозадан үзінділер

Ұзақтығы: 3 минуттан аспауы керек

БАЙҚАУДЫҢ БАҒАЛАНУЫ

Қатысушының тіл тазалығы, үнінің әсемдігі, берілген тапсырманы өз мақсатына жеткізе алуы және сахналық мәдениеті  ескеріледі.

Өтетін күні: 14.10.2017ж жерг уақыт 10.00

Өтетін жері: мектептің акт залы

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ