Бала тәрбиесіндегі жетістік- мектеп пен ата-ананың өзара ынтымақтастығы (ата-аналармен жұмыс)

0
3316
Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны
Сабақ тақырыбы:
Бала тәрбиесіндегі жетістік- мектеп пен ата-ананың өзара ынтымақтастығы
Жалпы мақсат: Түрлі тапсырмалар беру арқылы ата-аналармен ынтымақтастық орнату , бала тәрбиесіндегі мектеп пен ата-аналар арасында өзара терең байланыс орнатуға талпыну
Сілтеме:
  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 41-49
Оқу нәтижесі Қатысушыларға тапсырмалар арқылы бала тәрбиесіндегі мектеп пен ата-аналар арасында терең байланыс , ынтымақтастық орнайды
Түйінді идеялар: Бала тәрбиесіндегі жетістік-ата-ана мен мектептің ынтымақтастығы
Сабақта қолданылатын материалдар: парақтары,стикер,интерактивтітақта,флипчарт, маркер, қалам, аудио жазба, суреттер
Оқыту әдістері:

1.Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер

2. есту және көру арқылы ойлауға мүмкіндік жасау

3. Ата-ананың ойын, пікірін , үнін тыңдау

1. Жеке жұмыс

2. Топтық жұмыс

Дерек көздері: Әдеби материалдар, газет-журналдар, портал материалдары
Тапсырмалар: «Интернет дороже сына »атты бейнежазбаны тамашалау және ойын , пікірін айтқызу , сұрақтар арқылы постер қорғату
Оқуға арналған тапсырма:

Топтарда жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулық

Мұғалімге арналған нұсқаулық.

Коуч пен ата-аналардың іс-әрекеті:
Кезеңдері Коучтың іс-әрекеті Ата-аналардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

«Шаттық шеңбері»

Шеңберде тұрып, «Менің балам …(ақылды)

Жағымды орта қалыптастырады.

Жақсы көңіл күймен барлығы қосылып , «Бұл керемет қой!» дейді
Топқа бөлу

«Мектеп», «Ата-ана», «Бала» сөздері жазылған қағаз қиындылары арқылы топқа бөлу.

«Балауыз шамы» суреті.

Болжам жауап:

Бала: (тортқа қойып, тілек тілейді немесе свет өшкенде жарық қылуға пайдаланады)

Мектеп: (әр бала шам тәрізді біз оның лапылдап жануына ықпал етуіміз керек)

Ата –ана: (Шам деген жарық бала –адамның шырағы)

Топқа бөлінеді осы сөздердің маңыздылығына қарай топқа отырады.

«Балауыз шамы» суретіне топтар шамға қатысты өз ойларын білдіреді

«Сөздерді алмастыр»
Ата-аналардың баламен қарым — қатынасында баланың үмітіне балта шабатын, кінәлайтын сөздер беріледі. Осы сөздерді олардың өз күшіне сенім тудыратындай, жақсы қолдау көрсете алатындай сөздермен алмастыру керек. /әр топқа екі сөйлемнен беріледі/

1. Сенен ешқандай жақсылық шықпайды, нөлсің.

2. Неге сен басқа балалардай емессің?

3. Неменеге ұсқынсыз болып кеткенсің, шашың дудыраған, үстің кір — кір.

4. Тағы осылай істесең, менен таяқ жейтін боласың.

5. Сенің кесіріңнен өмірі жолымыз болмады.

6. Жұмысыма барарда сенің мектебіңнің жиналысы да жағаласып қалды ғой.

7. Айтатының ылғи өтірік, сенің сөзіңе қалай сенемін.

8. Сені жиналыста жамандағанда жерге кіріп кете жаздаймын.

Ата-аналар осы сөздерді былай алмастыруына болады:

1. «Сенің де қолын өмірде бір нәрсеге жететініне сенгім келеді. Оқу озаты немесе оқу екпіндісі боласың» — деп, үміт артуы керек.

2. «Сенің де басқалардан өзгеше болуыңа құқың бар, сенің де қолыңнан келеді» — деп, сенім артуы керек.

3. «Үстіңді ретке келтір, шашыңды тара, киіміңді ауыстыр» — деп, баланың өзін жақсы сезінуіне көмектесу керек.

4. «Біз саған қиыншылықты жеңуге көмектесеміз, екіншілей жаман қылық жасама».

5. «Үлкендердің өмір жолында болып жатқан ыңғайсыз жағдайларға сен кінәлі емессің. Сенің болашағың алда, үлкен ғалым боласың, жақсы дәрігер, білімді ұстаз болуды арманда» және ата-анасын сыйлау керек екенін айтып отыру керек.

6. Балам бүгін жұмыстан сұрана алмаймын, бос уақытымда сынып жетекшіңе барып жолығамын

7. Қателеспейтін адам болмайды, мен саған сенемін, сырлас болайық.

8. Сен туралы айтылған әрбір жақсы сөз маған күш, қуат береді.

Міне, осындай біз көңіл аудара бермейтін қарапайым нәрсенің өзі немесе ойланбай айтылған ұрыс сөзі де баланың жанын ауыртуы мүмкін, өмір сүру ағынын өзгертуі де ғажап емес. Бала жат қылықтарға бой алдыруы мүмкін.

Бейнежазба тамашалату

10 минут

Бейнежазба тамашалату

«Интернет дороже сына»

Сіз балаларыңызға  уақытыңызды қалай бөлесіз?

Бейнежазбаны көреді , өз ойларын ортаға салады.

Постер қорғау

10 мин

РАТАЦИЯ әдісі

Топтарда сұрақтарды талдау.

1-топ : (Ата –ана)Баланың сапалы білім алуы үшін ата-ана тарапынан жасалатын жағдайлар. Ата- ананың міндетіне не жатады?

2-топ: (Мектеп) Үлгілі ата-анаға тән қандай қасиеттер бар?

3-топ(Бала) : Бала үшін мұғалім мен ата-ананың арасында байланыс қалай болуы керек?

.

Әр топ өздерінің постерін ұсынады және қорғайды , басқа топтар ойларын жалғайды, толықтырады.

Рөлдік ойын

1.Ата –ананы ортаға шақырамыз.

2.Ортаға шар жібереміз.

3 Шарды ұстап алу керек және бірдей шар түсіне қарай жұптасады.

4. Жағдаяттық тапсырма.

1 –жағдаят

«Балаңыз мектептен шағым айтып келді. Мұғалім ұрысқанын, енді сабаққа барғысы келмейтінін айтты. Сіз қандай әрекет етесіз?»

2 – жағдаят

«Балаңыз ұялы телефон алып бер деп жылады. Сіз: «Шамалы шыдай тұр, уақыты келгенде алып беремін» — дедіңіз. Балаңыз тыңдамай есікті тарс жауып кетіп қалды. Сіздің әрекетіңіз?»

3 – жағдаят

«Марат сабаққа дайындықсыз келді. Мұғалім сабақ түсіндіріп жатты. Марат сабақты да тыңдамады. Онымен қоса жанындағы оқушыларға да тыныштық бермеді. Мұғалім ескертулер берсе де қорытынды шығармады. Мұғалім оқушының сыныптан шығып кетуін талап етті. Марат үйге келіп шағым айтты. Ата – анасы әй – шәйға қарамай, директорға кіріп айқай шығарды. Ата – ананың бұл әрекеті дұрыс па? Сіз қандай әрекет етер едіңіз?»

4 – жағдаят

«Балаңыз түнімен теледидар көріп, ұйқысы қанбай қалды. Балаңыз: «Басым ауырып тұр, сабаққа бармай – ақ қояйыншы», — деді. Сіздің әрекетіңіз?

Рөлдегілер жағдаятты көрініспен көрсетеді, топтар пікір алмасады.

Мәселені шешу жолдарын ұсынады.

Талқылауға тапсырма
«Ащы пияз» қазіргі заман аңызы

Өз балаларыма көңіл бөлуге әрдайым менде уақыт болмайтын. Жұмыс, қызмет бабында өрлеу, жеке бас өмірім. Бірақ, менің балаларым ештеңеден тарықпай өмір сүріп жатты, менің олардың тәттілік – компьютерлік қажеттіліктерін қанағаттандыруға қаражатым жетіп отырды.     Менің олардың кемшіліктеріне көз жұмып қарасам, олар менің тарапымнан көңіл бөле алмайтынымды кешіріп жатты. Бірақ мейірімді, жібектей балалық шақтың уақыты тез өтіп кетті.

Күрделі жасөспірімдік кезең басталды. Алғашқы өзара кінә қою, алғашқы шынайы сезімдерМенің жасаған ашылуым: менің балаларым сүйіспеншіліксіз өскен. Мен олардың есеюіне көңіл бөлмеппін, олардың нашар қылықтары мен әрекеттеріне тосқауыл қоймаппын және жамандықты жақсылықтан ажырата білуді үйретпеппін.

Кезекті келеңсіз жағдайдан соң ас үйде пиязды аршып тұрып, көзімнен жас кетті.

   Анам кіріп келіп:

— Неге жылап тұрсың? – деді.

— Білесің бе, ащы пияз қолыма түсіпті. Көзді жасаурататын сұрыптары болады ғой, сол шығар , -дедім

— Демек, оны аз суарған шығар деді анам да, Мен бір маңызды нәрсені түсіндім: егер де балаларға балалық шағында аз су құйылса, өздерінің ересек өмірінде олар басқаларды көп жылатады

Жинақтау

5 мин

Сұрақ метафора: ата – аналарға: егер де отбасында осындай қарым –қатынас пен сезімдер болмаса бала қандай болып өсуі мүмкін?

Ватманда бейнеленген жуаның үстіңгі бөлігінде жасыл жапырақты өскін бейнеленген. ата –аналарға әрбір отбасында балаға қандай сезім мен қарым – қатынас болу керектігін айтады.

Коучингті қорытындылайды, Ата-аналардың жұмыс бойынша ойларын, пікірлерін сұрайды .

Мысалы:мейірімділік, махаббат, түсіністік…..т.с.с. Осындай жақсы сөздермен жуаның жасыл өскінін толтыруды ұсынады

Ата-аналар ойларын, көзқарастарын білдіреді .

Рефлекция: «Жылулық шеңбері»

Ал енді барлығымыз бір-біріміздің қолымыздан ұстап  үлкен шеңбер жасайық. Өздеріңізді үлкен тұтас дененің бір бөлшегі ретінде сезініңіздер, әр қайсысымыздың өз орнымыз, өз есебіміз бар….

Көздеріңізді жұмыңыздар, ал енді ойша осы шеңберде тұрған адамдарға жақсы, жылы, қайырымды тілек тілеңіздер. Біздің оларға бергіміз келетіндігін барлығы сезінетіндей етіп жасау біздің күш- жігерімізде. Біз қаншалық көп берсек, соншалықты өзіңізге қайтады, себебі біздің әрқайсымыз- тұтас үлкеннің жартысымыз, сіздің өз отбасыңыздың бір бөлшегіміз… ( сезіну мен жанасу коммуникациясы)

VІ.Кері байланыс «Тілек кітапшасына» сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу тапсырылады. Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын«Тілек кітапшасына» жазады.
1-топ : (Ата –ана)Баланың сапалы білім алуы үшін ата-ана тарапынан жасалатын жағдайлар. Ата- ананың міндетіне не жатады?

2-топ: (Мектеп) Үлгілі ата-анаға тән қандай қасиеттер бар?

3-топ(Бала) : Бала үшін мұғалім мен ата-ананың арасында байланыс қалай болуы керек?

1 –жағдаят

«Балаңыз мектептен шағым айтып келді. Мұғалім ұрысқанын, енді сабаққа барғысы келмейтінін айтты. Сіз қандай әрекет етесіз?»

2 – жағдаят

«Балаңыз ұялы телефон алып бер деп жылады. Сіз: «Шамалы шыдай тұр, уақыты келгенде алып беремін» — дедіңіз. Балаңыз тыңдамай есікті тарс жауып кетіп қалды. Сіздің әрекетіңіз?»

3 – жағдаят

«Марат сабаққа дайындықсыз келді. Мұғалім сабақ түсіндіріп жатты. Марат сабақты да тыңдамады. Онымен қоса жанындағы оқушыларға да тыныштық бермеді. Мұғалім ескертулер берсе де қорытынды шығармады. Мұғалім оқушының сыныптан шығып кетуін талап етті. Марат үйге келіп шағым айтты. Ата – анасы әй – шәйға қарамай, директорға кіріп айқай шығарды. Ата – ананың бұл әрекеті дұрыс па? Сіз қандай әрекет етер едіңіз?»

4 – жағдаят

«Балаңыз түнімен теледидар көріп, ұйқысы қанбай қалды. Балаңыз: «Басым ауырып тұр, сабаққа бармай – ақ қояйыншы», — деді. Сіздің әрекетіңіз?

Топқа бөлу

Қағазда жазылған сөздерді алады,сөйлем құрай отырып топқа бөлінеді. 1.Кім үй салады,сол 1 жыл бұрын ойланады 2.Кім күріш егеді,сол 10 жыл алдын-ала ойланады 3.Бірақ кім бала тәрбиелейді,сол өмір бойы ойланады

Алдабергенова Г.Ш

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ