Балаңызды ұялы телефонмен тəрбиелеп жатырсыз ба?

0
505
Иллюстрация: Freepik.com

Қазіргі таңда ұялы телефон адам өмірінде үлкен рөл атқаратыны даусыз. Бүгінде ұялы телефонсыз өмір сүру қиындап кеткендей әсерде жүреміз. Қазір екінің бірінің қолында cол сымсыз телефон. Əрине, керек кезде əрдайым жаныңнан табылатын, сен үшін барлығын жасап беретін НАНО технология барлығымызға тиімдіДегенмен қазіргізаманда ата-ананың орынын ұялы телефон ауысытырыпжатқандай.

Кезінде, жаңалықты, ақылды, кеңесті, өмірдің қызығы мен шышығын ата-аналарымыздан естуші едік. Ал қазіргі балалар ата-анасыз-ақ ұялы телефон арқылы бəрінбіліп отырады. Еңбектеген баладан есейген балаға дейінтəрбиені беріп отырған осы ұялы телефондар болып отыр. Қазір тіпті тілі шықпаған баланың өзіне сөйлеуді үйретіпжатқан сол темір зат па деп таңданасың. Себебі, қай үйгебарма, кішкентай нəрестесіне ұялы телефонды ұстатыпқойып ата-аналары өз жұмыстарын алаңсыз бітіріп жүреді.

Əрине, жылаған баланың көңілін тауып, əлдилепжұбатқаннан гөрі, ұялы телефонды қолына ұстатып бірдентынышталдырған тиімді ғой бəріне. Ал сол өмірдің есігіненді ашқан, жетіліп, есейіп келе жатқан балаға сол темір не тəрбие бермек? Тіпті, денсаулығына қаншалықты зиянытиіп жатқанын біле тұра, былқ етпейміз. Қазір, екініңбірінің көзінің нашар көруі сол ұялы телефонның кесіріекенін білсек те ешқандай шара қолданып жатқан жоқпыз.

Ал баланың жүйке-жүйесіне келер болсақ, тіпті бөлек əңгіме. Ата-анаң ақыл айтса дұрысын айтар, жаңалық айтсасен білуге болатын жаңалықты айтар, ал ұялы телефон сол дүниені түсінер ме екен. Барын жоғын бетіңе басып қойыпкөрсете салады.

Сондай ұлт тəрбиесіне жат дүниені көріпөскен баланың болашағынан не үміт күтпекпіз? Кезіндеұялы телефонды ойлап тапқанда, уақыт өте келе сол кірпішке тəуелді болып қаларымызды білмеген боларбəлкім. Себібі, қазір тыныстап жүрген ауамыздың да, араласып жүрген жақындарымыздың да, бос уақытымыздыңда, оқу құралдарының да орынын басып отырған осы зат. Онсыз өмірді елестету қиын болып кеткендей.

Дегенмен, өмірімізді жалғастырар ұрпақтарымызды жастайынанболашағынан айыру, өз тамырымызға балта шапқанмен тең емес пе? Ендеше, балаңызды ұялы телефонның əлдиіменемес, өзіңіздің жүректен шыққан əлдиіңізбен, ақыл, кеңесіңізбен тəрбиелесеңіз, сіздің ұрпағыңыздың, еліміздіңболашағы жарқын болмақ. Себебі, елдің ертеңі дəл қазіргіөсіп келе жатқан бүлдіршіндердің қолында.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ