Балабақша — тәрбиенің алтын бесігі

«Бала естігенін айтады,көргенін істейді» деп қазақ халқы бекер айтпаған.Бүгінгі талқылайтын тақырып «Балабақша» мәселесі.

Балабақша — тәрбиенің алтын бесігі. Қазіргі таңда біздің елімізде балабақшаның саны арта түсуде. Балабақшаның саны көп,сапасы жоқ. Барлық балабақшаға топырақ шашқым келмейді,алайда шындық осы. Әр нәрсенің артықшылығы мен кемшілігі қатар жүреді,сол секілді қазіргі таңдағы балабақшалардың артықшылығынан кемшілігін айқын көреміз. Балабақша баланың жүйелі түрде білім,тәрбие алатын ең алғашқы қоғамдық ошағы.Балабақшаның балаға беретін тәлім-тәрбиесінің қаншалықты мықты болуы,сол балабақшада қызмет ететін педагогикалық ұжымға,нақтырақ айтар болсақ,тәрбиешіге байланысты.

«Тәрбиеші адам — тағалы атпен тең» деп халық даналығы көрсеткендей,тағаның беріктігін қазіргі кейбір тәрбиешілерден байқамаймыз. Қазіргі таңда балабақшаларда балаларды ұрып-соғып жатқан жерінен камераға түсіп,ұсталып жатқан тәрбиешілерді көреміз. Ал ұсталмай жазадан қашқаны қаншама. Бұл көріністерде кімді кіналаймыз ? Тас жүрек тәрбиешіні ме,әлде тағы да шіріген балықтың басын айтып басшыларды айыптаймыз ба? Статистикалық мәліметтер бойынша әр облыста кемінде 5-6осындай жағдай орын алған. Міне,біздің қазіргі дертіміздің бірі,балабақщша кемшілігі де осы болып отыр. Бүлдіршіндеріміз аман болуы үшін,осы мәселе қолға алынып шешімін табуы тиіс. Сол үшін әрбір оқу жылында,білім министрлігі тарапынан қойылатын мақсат-міндеттерге жаңартулар енгізі қажет. Жаңартулардың ішіне «Баланың өміріне қауіпсіз орта құру» міндеті болуы тиіс. Яғни,тек тәрбиеші жағынан ғана емес,өрт қауіпсіздігі,сырттан келетін егде адамдарды тіркеу қауіпсіздігі жазылу қажет. Ең басты мәселе барлық балабақшаларға камера орнатып,тәрбиешілермен арнайы тренингтер жасалу қажет.

Егемен еліміздің талабына сай мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру,қазіргі заманға сай білімді де тәрбиеді ұрпақ тәрбиелеу — білімді,жан-жақты тәрбиешілердің еншісінде. Бүлшіндеріміз аман,қабілетті,өнегелі болсын десек жұмылған жұдырықтай бірегесіп жұмыс жасайық ағайын.Бала — болашағымыз,бала — қуанышымыз.

 

Бибақыт Ерсайынова

Тұран университеті

3 курс студенті


ПІКІР ҚАЛДЫРУ