Балаларға арналған  дәрі түрлері.

0
4864
Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні.

Дәрілер технологиясының ең маңызды бағыттарының бірі   балаларға арналған дәрі түрлерін жасау. Дәрілердің фармакокинетикасының өзгеруі, әсіресе, осы жас топтарында байқалады, сондықтан фармакотерапияны дұрыс жүргізу ушін арнайы дәрі түрлері болуы керек.

Жоспары

I Кіріспе

Балаларға арналған  дәрі түрлері.

II Негізгі  бөлім

  1. Балаларға арналған дәрі түрлерін дайындауға қойылатын жалпы талаптар.
  2. Сұйық күйде қолданылатын пероральді балалар дәрі түрлеріне қойлатын талаптар.

III Қорытынды

  1. Қатты дәрілер үшін қойлатын талаптар
  2. Ректальды дәрі түрлеріне қойылатын талаптар

IY Пайдаланылған әдебиет

    

Дәрілер технологиясының ең маңызды бағыттарының бірі   балаларға арналған дәрі түрлерін жасау. Дәрілердің фармакокинетикасының өзгеруі, әсіресе, осы жас топтарында байқалады, сондықтан фармакотерапияны дұрыс жүргізу ушін арнайы дәрі түрлері болуы керек.

Қазіргі кезде балаларға арналған дәрі түрлері проблемасының өзіндік ерекшеліктері туралы фармацевтік көзқарастан көп материал жинақталған және олар физиология, экспериментальді медицина, педиатриялық клиника мәліметтермен толықтырылған. Белгілі шетел және отандық ғалымдар балаларға арналған дәрі түрлерін жасаудың ңегізгі принциптрін дайындады. Фармацевтік технологияда балалар дәрі түрлері проблемасын шешуде ең маңызды қиын сұрақ — дәрі түрі мен ауырсыну болып түр.

Балаларға арналған дәрілер жасау проблемасын дәрі түрі мен оны енгізу жолдарының ерекше ролі қиындата түседі, себебі, дәрі түрін және оны енгізу жолын дұрыс таңдау фармакотерапияның тиімді болуының негізгі шарты болып табылады. Бала организмінің ересектер організміне карағанда, көп айырмашылықтары бар.

Өсіп келе жатқан организмнің әрбір жас сатысы (емшек жасындағы, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар) әртүрлі     органдардың     және     системалардың     функцияларының белсенділігі, олардың реттелуі бойынша ажыратылады.

Балаларда  дәрілік  заттардың  сіңірілуі   ересектерге  қарағанда, белсенді жүреді.  Организмнің әртүрлі клеткалары мен ішкі ортада жүретін дәрілік заттардың метаболизмі де балаларда ерекше жүреді. Дәм сезу де әртүрлі топтағы балаларда әртүрлі болып келеді.  Балалар үшін ауырсыну өте ауыр жүйке — психикалық травма болып, фармакотерапевтік әсерді жоққа шыгаруы мүмкін. Сондықтаң,   балалар   организміне   дәрі   енгізу   тәсілі   ерекше қиындықтар тудырады.

Фармацевтік  технологияда   балалар   дәрілерінің   проблемасын шешуде екі негізгі факторды ескеру керек:

— балалар организмінің   психосоматикалық   және   физиологиялык ерекшеліктері;

— дәрілік түрге системаның барлық компоненттері оның терапевтік активтігі  үшін  жауапты  күрделі   физикалық-химиялық ретінде биофармацевтік көзқарас.

Дәріханалардың   рецептурасын   зерттеуге   қарағанда,      70°/0-ке  жуық балаларға арналған дәрілік түрлер —  сұйық дәрілер ретінде қолданылады. Сұйық дәрілік түрлердің бірқатар артықшылықтары бар болғандықтан, оларды балалар практикасында колдану қолайлы. Бірақ сұйық дәрілік түрлердің жағымсыз  дәмі  мен  иісі  аурудың асқынуына себеп болады. Сондықтан, дәрінің дәмін жақсарту мен оған тартымды сырткы көрініс беру — осы дәрілік түрге қойылатын талаптардың бірі болып табылады.

Дәрінің жағымсыз дәмін белгілі корригенттер көмегімен түзетуге болады. Корригенттер ретінде таңқурай, қара қарақат, щие, лимон мен қант шырыны, лимон қышқылы, натрий хлориді және әртүрлі тамақ эссенциялары колданылады.

Корригенттерге бірқатар шарттар қойылады: олар дәрінің дәмі мен иісін жақсартуы және сыртқы көрінісін тартымды етуі, сонымен қатар әрекеттесуші затпен жақсы араласуы, терапевтік активтілгі мен тұрақтылығын төмендетпеуі қажет.

Соңғы жылдары эксперименттер негізінде, зерттеуіділердің мәліменттеріне қараганда қант шырынымен салыстырғанда, сорбит-қант   қоспасы   тамақ   эссенциясымен   бірге   жоғары   корригентті потенциал көрсетеді.

Қышқыл дәмді микстуралар үшін сорбит сахароза қоспасы 5:2 ара қатынаста, ащы дәмді микстуралар үшін 5:3 ара қатынастағы сорбит-сахароза қоспасы корригенттік эффскт  көрсетеді. Бұл жағдайда микстуралар тұрақтылығы сакталынады.

Корригент ретінде пектинді қосу арқылы фламиннің, кофеин-натрий бензоаты мен фитиннің қышқыл дәмін жөндеу табысты қолданылуда. Осы корригенттің көмегімен балалар үшін ерітуге арналған гранулалар алынады.

Корригенттерді қолданғанда бірқатар заттардың тұрақтылығы төмендеп, олардың сіңірілуі баяулайды, бұл организмде дөрілік заттардың   сіңірілу   және   бөліну   процестеріне   әсерін   жан-жакты зерттеуді қажет етеді.

Балалар  практикасында  кең   қолданылатын   әдістердің бірі дәріні тік ішек арқылы енгізу болып табылады.

Терапевтік әсердің тездігі, дәріні енгізгенде ауыртпауы, дозаның дәлдігі, жағымсыз иіс пен дөмді бүркеу жағынан ректальді педиатрияда алдынғы орындардың бірін алады.

Бірақ ескеретін жай — балалар жасында дәрілік заттың тік ішік арқылы  сінірілуі  онша  тұрақты   болмайды.   Бір  жағынан, қорыту ферменттерінің жоқтығы мен сілтілік орта, дәрілік заттардың ішік арқылы қарқынды сіңуіне мүмкіндік туғызады. Препарат тік ішек тамырларына түсе отырып, бауырға соқпай, тікелей төменгі қуыс венаға барады, яғни аз жойылады. Осыған байланысты дәріні тік ішік енгізгенде, қанда препарат концентрациясы көбейіп кетеді де, терапевтік әсері үлкен болуы мүмкін. Екінші жағынан, сіңірілу қарқыны әрекеттесетін беттің көлемі мен дәрінің сол бетпен жанасу уақытына байланысты болады. тік ішек беті асқазан мен ішек бетіне қарағанда едәуір кіші. Шырышты қабықпен байланысу уақыты өте вариабельді. Сондықтан да, ауыз қуысы арқылы енгізумен салыстырғанда олардың сіңуі баяу болады. Балалар жасында тік ішектің шырышты қабығы өте жұқа және нәзік болады, бұл дәрілердің сіңуін жеңілдетеді, бірақ ол қатты тітіркенуі де мүмкін, сондықтан, балалар үшін арнайы суппозиториялық негіздер алу қажет. Балаларға арналған суппозиторлық негіздер үшін ең жарамдысы – майлы негіздер болып табылады.

Фармацияның, педиатрияның, фармакологияның қазіргі жетістіктері, жоғарғы ғылыми дәрежеде балалар дәрілік түрлерін алу проблемаларын шешуге мүмкіндік береді.

Балаларға арналған дәрі түрлерін дайындауға қойылатын жалпы талаптар:

  1. Балалар үшін арналған дәрі түрлерінің орауышында ерекше белгілер болуы керек; орауыштың безендірілуі баланың қөңілін қызықтыратын болуы тиіс.
  2. Орауыш қолдануға ыңғайлы және дәрінің сақталуының сенімділігін қамтамасыз етуін тиіс,  қажет жағдайларда баланың жасына қарай дозалау құралдарымен жабдықталуы керек.
  3. Көп қайтара қолданылатын дәрілер үшін, әсіресе, әсері күшті дәрілер үшін 2 жастан 5 жасқа дейінгі балалар аша алмайтындай арнайы қорғаныс жабдықтары болуы керек.
  4. Дәрілерді енгізу жолдары неғұрлым қарапайым және ыңғайлы болуы керек, яғни, басым көпшілігінде пероральды, баланың психикасын жағымсыз дәмімен, иісімен, түсімен, ауыртатын немесе жұтуды қиындататын сезімдермен жараламайтын болуы керек, осы себептен көбінесе дәмі жағымды пероральды, сұйық түрде қолданылатын дәрілер жасауға мән берілуі тиіс.
  5. Бала организмінің анатомо-морфологиялық жас ерекшеліктерін, олардың жалпы көңіл-күйін ескере, сонымен бірге жедел жәрдем көрсету үшін ректальді, инъекционды, жұмсақ, қатты, ұнтақ тәріздес және т.б. дәрі түрлері жасалынуы керек.
  6. Балалар дәрі түрлерінде қосымша заттар ретінде тек зиянсыз, көбінесе, табиғи заттар қолданылып, қосымша заттардың мөлшері  өте аз негізді,  дәрі түрінің тұрақтылығы мен барынша айқын фармакотерапевтік әсер көрсетуін қамтамасыз ететін болуы тиіс.
  7. Балалар дәрі түрлерінде этил спирті тек негізделген ерекше жағдайларда ғана енгізілуі керек.
  8. Инъекциялық емес дәрі түрлері микробиологиялық тазалығы бойынша компендиум Медикаменторум талаптарына сәйкес болуы керек; нәрестелерге арнлған ерітінділер, көз тамшылары, тері қабатына жағуға арналған майлар стерильді болуы керек.

Осы жалпы талаптардан жеке дәрі түрлеріне қойлатын ерекше талаптар қалыптасады.

Сұйық күйде қолданылатын пероральді балалар дәрі түрлеріне қойлатын талаптар.

  • мектеп жасында дейінгі балалар үшін басым жағдайда пероральды, дәмі түзетілген, сұйық күйде қолданылатын дәрі түрлері жасалуы тиіс – шырындар, ерітінділер, суспензиялар, эмульсиялар, ерітуге арналған ұнтақтар мен гранулалар және т.б.
  • пероральды балалар дәрі түрлерінің дәмі мен иісі Тенцова А.И. ұсынған бес балды система бойынша органолептикалық анықталу керек;
  • заттар композициясының тұрақтылығы шектелуі болған кезде “араластыру” орауыштарын қолдану тиімді. Бұл жағдайда сустанция мен корригент ерітіндісі бөлек оруыштарда босатылады (мысалы, сустанция бөлек бір рет қолданылатын пакетте, ал еріткіш — флаконда), қолданар алдында араластырады.

Сонымен қатар ұнтақ – концентараттар мен гранулалар жасау мақсаты алға қойлады, оларға қолдану алдына су қосылады. Бұл технологиялық операциялар кей жағдайларда дәрі түріне енгізіліп тұрақтандырғытардың, консерванттардың және т.б. заттардың мөлшерін азайтады, демек бала организміне түсетін толықтырғыштардың жалпы салмағын төмендетеді.

балалар дәрі түрлеріне арнайы дозалау құралдары, ата-аналар үшін қажетті нұсқаулар қоса берілуі керек және т.б.

Қатты дәрілер үшін қойлатын талаптар
  • мектеп жасындағы балалар үшін сұйық дәрі түрлерінен басқа қатты дәрі түрлері де жасалу керек: таблеткалар, дражелер, капсулалар, еритін таблеткалар, шайнау үшін таблеткалар, тіл астына қойлатын таблеткалар;
  • қатты дозаланған жұтуға арналған дәрі түрлері бірнеше дозаларда, кіші көлнемдерде, жұтуды жеңілдететін жылтыр қабықшалармен қапталуы тиіс;
  • жеке жағдайларда таблеткаларды бірнеше дозаларға бөлетін кертік салынуы керек.

Ректальды дәрі түрлеріне қойылатын талаптар.

  • ректальды енгізілетін дәрі түрлері суппозиторийлер, ректальді жұмсақ капсулалар, микроклизмалар, көбікті аэрозольдар, ректальді жағар майлар және т.б. түрінде шығарылуы керек;
  • суппозиторийлер салмағы 1,0-1,5г аспауы керек, көлемдері кіші болуы тиіс;
  • негіздер ретінде тек липофильді негіздер қолданылуы тиіс және т.б. дәл осындай ерекще талаптар басқа балалар дәрі түрлеріне де қойлады.

Әдебиеттер:

  1. Фармацевтическая опека / Под ред. И. А. Зупанец, В. П. Черных, В. А. Усенко.— Х.: Золотые страницы, 2002.— 264 с.
  2. Справочник Видаль. Лекарственные препараты в Казахстане: Справочник. – М.: АстраФармСервис. – 2009г. – 928с.
  3. Компендиум 2001/2002 — лекарственные препараты /Под ред. В. Н. Коваленко, А. П. Викторова.— К.: Морион, 2001.— 1564 с.
  4. Шаповалова В. М., Даниленко В. С., Шаповалов В. В., Бухтиарова Т. А. Лекарственные средства, отпускаемые без рецепта врача.— Х.: Торсинг, 1998.— 528 с.
  5. Петков В. Современная фитотерапия.— София, 1998.— 504 с.
  6. Современные лекарства безрецептурного отпуска / Под ред. А. Л. Трегубова.— М.: ООО «Гамма-С. А.», 1999.— 362 с.
  7. Федина Е. А., Таточенко В. К. Фармацевты и самопомощь.— М.: Классик-Консалтинг, 2000.— 116 с.
  8. Михайлов И. Б. Основы рациональной фармакотерапии: Учебное пособие по клинической фармакологии.— СПб: Фолиант, 1999.— 480 с.
Басқа да материалдар Мұғалімдерге Ашық сабақтар Сабақ Жспарлары Оқушыларға Рефераттар ҰБТ Шығармалар СӨЖ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ