Балапандарды бағып – күту әдістері.

0
117
Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні.

Өндірістік құс шаруашылығы нарық сұраныстарын жеңіл диетикалық тағамдармен қамтамасыз етуге өзінің сүбелі үлесін қосатын, аграрлық кешениің әрі үдемелі, әрі жедел өзгеріп, тез дамитын саласы болып  табылады.

Мазмұны

  1. Аннотация
  2. Кіріспе.
  3. Негізгі бөлім.

3.1. Балапандарды бағып – күту әдістері.

3.2. Балапандарды еденінде бағып – күту гигенасы.

3.3. Балапандарды торда бағып – күту гигиенасы.

3.4. Балапан қораларына қойылатын гигиеналық талаптар.

3.5. Балапан қораларындағы микроклимат және оны жетілдіру.

3.6. Балапанды өсіру гигиенасы.

  1. Техникалық қауіпсіздік.
  2. Қорытынды.
  3. Қолданылған әдебиеттер.

 

1 Кіріспе

Өндірістік құс шаруашылығы нарық сұраныстарын жеңіл диетикалық тағамдармен қамтамасыз етуге өзінің сүбелі үлесін қосатын, аграрлық кешениің әрі үдемелі, әрі жедел өзгеріп, тез дамитын саласы болып  табылады.

Келешекте жұмыртқа және құс етін өндіру технологияларын жетілдіру, әрі шаршы метр жерден өнім шығымын көбейтіп, оның өзіндік құнын төмендетуді көздейді. Бұл жағдайдағы негізгі мақсат және міндет, бүкіл шығынды барынша азайту болып табылады. Құсты дұрыс та тиімді пайдалануға бағытталған ортаның жан – жақта көрсеткіштерін, құстың  тұқымдық ерекшеліктерін түгел қамтитын технологиялық процестің басты мақсаты – құстың күнделікті тіршілігіне қажет жем мөлшерін барынша азайтып, оларды адамға қажет өнімдер алуға (жұмыртқа, ет, мамық) пайдалану.

Алға қойылған мақсатқа жету үшін, ең алдымен мынандай мәселелерді шешу қажет: бірнеше бағыттағы құс шаруашылықтары мен фермаларын мамандандыру, шаруашылықтарды пайдалы технологияға ауыстыруды, құсты инфекциядан қорғауды қамтамасыз ететін қажет құрал —  жабдықтары бар құсханалардың жаңа түрін салу, құсты және құс клеткаларын пайдалану мерзімін ұзартатын клеткалық батареяның ыңғайлы конструкциясын жасау, құсты клеткалық батареяда ұстағандағы сұрыптау және өңдіру жұмыстарын ұйымдастыру.

Сонымен қатар, көліктің және басқару міндеттерін орындайтын машиналардың технологаялық жүйесі жасалынады, автоматтандырылған басқару бағдарламасымен жабдықталган құс фабрикаларын құру мәселесі шешіледі. Бұл салалық автоматтың басқару жүйесін дайындап, оны өндіріске енгізудегі ең басты талап.

Келешекте құс шаруашылығының үдемелі дамуы, өте жоғары мамандандырылған әрі шағылыстырғанда мол өнімді будан алынатын құс тұқымдары мен тізбектері болса ғана үдемелі дамытуға болады.

3.1. Балапандарды бағып – күту әдістері.

Қазіргі уақытта құс өнімдерін алуда, Ірі мамандандырылған құс шаруашылығының, құс фабрикасының және де жеке құс шаруашылықтарының маңызы өте зор. Құстарды күтіп – бағумен, азықтандырудың  әдістерін және  жаңа техника дамыған жетістіктерін пайдалану жағдайында бір шаруашылықта құс саны көп мөлшерде ұстауға (бірнеше мың), әрбір мекиен тауықтан  жылына 280 – 290 дана жұмыртқа, 50 – 60 күндік еттік балапандардың салмағы 1800 – 2000 г мөлшерде алуға мүмкіндік туады. Немесе жақсы күтіп – бағуға нәтижесінде қаз балапандарының 60 -70 күндегі салмағы 3,5 – 4,5 кг дейін болуына толық жағдай бар.

Жоғарыда келтірілген мәселелерді дұрыс шешу үшін құс шаруашылығында түрлі малдәрігерлік – санитарлық жұмыстарды жақсарту, аталынған шараларды дер кезінде өткізу, құс фирмаларында тұрақты микроклимат жағдайын туғызу, дұрыс азықтандыру, нысандарды дұрыс жобалау, құрылыс және қайта құру кезінде зоогигеналық талаптарды орындау және де құстардың биологиялық ерекшеліктерін ескеру қажет. Құстардың биологиялық ерекшеліктері олардың:

  • күтіп – бағу мен азықтану жағдайына өте сезімталдығы;
  • зат алмасу қабілетінің жоғарылығы;
  • Өсімталдығының жоғарлылығы (құстардың негізгі өнімдік қасиеті – олардың жұмыртқалағыштығы);
  • тез жетілуі (7 – 8 апталық балапандардың салмағы 1,6 – 1,7 кг жетеді);
  • ішкі анатомиялық құрылыстарының ерекшеліктері, яғни тістерінің болмауынан түскен азық олардың жемсауында қорыталады;
  • ең маңызды ерекшелігі – аналық организмнен тыс дамуы, яғни жұмыртқадан пайда болуы;
  • Көру қабілеті нашар, ал керісінше есту қабілеті жақсы жетілген;
  • Үйрек етінің калориясы жоғары және сіңімді;

3.2. Балапандарды еденінде бағып – күту гигенасы.

Ересек құстар мен балапандардың барлық түрлерін қора еденінде бағып-күтеді, оның серуендететін орны болады. Тауықтарды шарбақтардың ішінде бағып-күтеді, балапандар мен күркетауықтарды серуендетпей және күн шуакқа шығармай, топтастырылған немесе жекелеген шарбақта бағып-күтеді. Ересек құстарды және балапандардың барлық түрлерін лагерьде күтеді.

Құстарды қора  еденінде бағып-күту гигиенасы. Интенсивтендірілген құс шаруашылығында негізінен ересек құстарды және балапандардың барлық түрлерін қора еденінде бағьп —

Күтеді. Еден жағдайында күтіп-бағу тәсілінің екі

түрі бар:

  1. Қалың ауыстырылмайтын төсеніште.
  2. Жұқа тақтайшадан жасалған еденде немесе торлы еденде. Еден жағдайында күтіп — баққанда құстардың санына қарай арнаулы типті құс қоралары салынады.

Құс қораларының едені тақтайдан салынады /түгелдей тақтайдан немесе жұқа тақтайшадан/ немесе асфальтталады, болмаса тор көзді болады. Ересек құстарды торлы немесе жұқа тақтайшалы не еденде ұстағанда олар негізгі еденнен 40-80 см биіктікке орналастырылады. Балапандар қорасына бұл биіктік 20-25 см, тор көздің мөлшері туғанына 20 күн болған тауық балапандары үшін 12 х 12 мм, ал 45 күн толған балапандар үшін 15×15 мм.

Құс қораларда жылжымалы тұрақты жем берілетін астаумен су құйылатын науа болады. Бұлардың саны балапанардың азықтану кезінде алатын орын мөлшеріне қарай белгіленеді.

Құс қоралары тұрақты жинап алатын, немесе бөлшектеп алатын етіп құс қонактайтын ағашпен жабдықталады. Тұрақты құс қонақтайтын ағаштың астынан қорап түрінде немесе терең траншея қазып, саңғырық жинағыш жасалады. Ересек құстар қонақтайтын ағаштың биіктігі еденнен 60-80 см, балапандар үшін 50 см аспауы керек.

Қазіргі уақытга өнеркәсіп құс қораға арнап  жасалған механикаландырылған жабдықтардың (Ресейлік немесе шетелдік) комплектісі бар. Бұл комплектіде жемді шөпті таратып — беретін құрал, науалы суат, түбі көтерілмелі ұя және  механизм күшімен жұмыртқа жинағыш аспап, құс қонақтайтын сырғауылдар, ұяларды және құс өтетін жолдарды ашып жабатын механикаландырылған қондырғылар, құс саңғырығын жинайтын механизмдер, өндірістік процестерді автоматы жолмен басқаратын станция бар. Құс қораларға жабдықтарды орналастыру жобасы кора құрылысының конструкциясынаа байланысты болып, құстарды еден жағдайында қолайлы орналастыру тығыздығы белгіленген.

1 — кесте

Балапандарды  еденге орналастыру нормасы

Құстың түрі мен жас тобы 1  м2 еденге келетін құс саны.

Бройлер балапандар (1 – 9 апта)

Күркетауық балапандар (1 – 16 апта)

Үйрек балапандары (1 – 3 апта)

Қаз балапандары

18

5

18

8

 

3.3. Балапандарды торда бағып – күту гигиенасы.

балапандар мен ересек құстарды торда ұстайтын қораларда  өсіру жер алаңын неғұрлым тиімді пайдалануға, өндірістік қоралардың қажетгігін 3-3,5 кемітуге, ауыр жұмыстарды механикаландыруға, балапандарды өсірудің маусымдылығын болдырмауға, оларды ауруға ұшыратпауға, су құбырының, канализацияның, электр жүйесінің ұзындығын едәуір кемітуге мүмкіндік береді. Мұның бәрі құрылысқа жұмсалатын қаржыны кемітеді және құс шаруашылық тауарлылығын арттырады.

Құстарды торда бағып-күтуге арналған қораның жеке залдары және қосалқы қора бөліктері болады. Топтасқан және жеке-жеке торларға бөлінген залдар арнаулы стандартты батареялармен жабдықталады.

Жұмыртқалайтын мекиендерді торда бағып-күту үшін өнеркәсіп орны арнайы батарея комплексін әзірлеп шығарады. Бұл батареялардың көлем мөлшері торлардың типі мен конструкциясына байланысты. Торлы батареялардың құрамында жем берілетін арнаулы оттық, жем-шөп таратқыш, мөлшерлегіш, науа, жұмыртқаларды түсіретін лотоктар және жұмыртқа жинайтын қол арбалар, тордағы құс саңғырығын жинайтын тасымалдау қондырғысы бар. Торлар қабат-қабат орналастырылады. Торлы батареялар ұзыннан-ұзақ немесе қосарлап, жарыстыра орналастырылады. Бұлардың арасынан жүріп өтетін жолдың ені 0,8 м-ден кем болмайды. Әр жастағы балапандар тобы бір-бірінен оңаша торлы батареяларда бағып күтіледі. Торлы батареяларға азық бункер, азық таратқыштар, минералды азық берілетін астаулар, аспалы науалар, саңғырық салынатын қорап және құс саңғырығын жинап шығаратын штангалы транспортерлер кіреді. Жабдықтарды басқару ісі автоматтандырылған.

Етке арнап өсірілетін 1 күннен 70 күнге дейінгі балапандарды батареялы торларда 20 балапаннан, яғни еденнің 1 м2 көлеміне 12 балапан орналастыру есебімен, серуенге шығатын алаңы жоқ қорада бағып күтеді. Секцияларды жем салатын оттықпен, су беретін науамен жеткілікті етіп жабдықтайды. Сонымен қатар мұндай балапандарды еденге төсеніш пайдаланып өсіру тиімді деп танылуда.

Құс қоралары пешпен немесе бір орталықтан келетін ыстық сумен, ыстық бумен, ауамен және электр қуатымен жылытылады. Жергілікті жылытқыш ретінде қалқанды құрылғылар, жылытқыштар қосымша қолданылады, ал соңғы уақытта инфрақызыл сәулелі қондырғылар қолданылады. Балапандарды торларда бағып – күтетін қораларда механикаландырылған ағынды желдеткіштермен ұштастырылған ауамен жылыту жолын қолданған тиімді болады.

Құс қораларында таза ауаны механикалық жолмен беріп тұратын табиғи және жасанды желдеткіш болу алдын ала көзделеді. Желдеткіш  арқылы келетін ауаның мөлшері құстың  тірідей салмағының 1 кг-на балапандар үшін 1,2-1,5 м3 болуы тиіс, ал ересек құстарға — 1 м3, ет үшін бордақыланатын балапандарға — 5 м3 жазда, қыста — 1,5 — 2 м3 көлемде болуы керек. Құс қоралары табиғи түрде терезе арқылы желдетіледі яғни терезе жақтауына кере тартылған матадан ауа кіріп тұрады, мұнда өтпе жел болмауы тиіс. Жылытылатын құс қораларында отжағылатын қондырғылардың дұрыс-бұрыстығын бақылап, балапандарды уландыратын иісті газды болдырмайтын желдеткіш жүйесінің жұмысты жақсы атқару жағын бақылап отырған жөн. Механикалық желдеткіш балапандарды торда бағып — күтетін қораларға, инкубаторлардағы күс соятын цехтарға, сондай-ақ құс еденде бағып күтілетін қораларға орнатылады.

3.4. Балапан қораларына қойылатын гигиеналық талаптар.

Құс шаруашылығында қора — жайдың дұрыс бағытпен салынуының санитариялық-гигиеналық жағынан үлкен манызы бар.

Құсты өсіру және бағып-күту үшін инкубаторларды, құс қораларды, клеткада бағып күтетін цехтар және лагерьлік құрылыстар салу алдын ала ескеріледі.

Құс өсірілетін қораларды арнаулы типтік жоба бойынша салады. Құстарды бағып-күту тәсіліне байланысты қоралар мынадай типтермен салынуы мүмкін: балапандардың есеюіне карай еденде еркін жүріп тұруы үшін секцияларға бөлінген құс қоралар, құстарды  клеткаларда  бағып – күтетін цех, жаз айларында бағып – күту үшін жылжымалы немесе тұрақты үйшікті және балапандарды күннің суық кезінде өсіру үшін ауа – райына шынықтыратын лагерь типіндегі құрылыстар.

Құс қоралардың жобаларында құсқа қажетті микроклимат жасау, еңбекті көп керек ететін процестерді механикаландыру көзделеді. Жұмыс көлемінің жобалануы, оларды жүзеге асыру прогресті әрі тиімді жүргізілуі керек. Белгілі бір фермаға арналған жобаны таңдауда олардың жергілікті жердің жағдайына сай келу жағын ескеру  керек.

Балапан өсірілетін  құс қоралардың типі климат жағдайына, жергілікті құрылыс материалдардың түрлеріне, құстарды орналастыру мөлшеріне қарай және құрылыстың тиісті алаңдарының мөлшеріне қарай белгіленеді. Қораларды секцияларға бөледі, бұларға қанша құс орналасуы өсірілетін құстардың түрі мен жасына байланысты болады.

Асыл тұқымды тауық өсіретін шаруашылықтарда туғанына 45 – 60 күн болған балапандарға күн шуақ немесе серуен алаңы 0,5 м2 есебімен жасалады,ал туғанына 25күн болған үйрек балапандарына 0,2 м2 есебімен, ересек үйректер мен тауықтарға 2 м2 есебімен, ересек күрке тауыққа 3 м2  есебімен жасалады. Құстардың серуен алаңына көлеңке болатын жаппа жасайды, бұған ағаш бұта немесе арнаулы қалдықтарды пайдаланады. Тауықтарға арналған торлы қоршаумен қоршалды, оның биіктігі 1,6-2,2 м болады, ал  күркетауықтар үшін 2,2 – 2,5 м, қаздар мен олардың балапандары үшін  0,8 – 1 м, үйректер және олардың балапандары үшін 0,5 — 0,6 м, ал балапандарға 1,5 -1,6 м, күркетауықтар балапандарына 1,6 – 1,8 м етіп жасалады. Күн шуақтағы қоршаулы алаңдарды секцияларға бөледі, олардың құс қора секцияларына сәйкес қатыс жолдары болады.

Балапандар үшін салынатын құрылыстардың алдыңғы жағы есігі оңтүстікке немесе оңтүстік — шығысқа қаратылады: суда жүзетін құстарға арнап салынған қоралардың алдыңғы жақтағы үлкен қақпасы оңтүстікке, оңтүстік-шығысқа қаратылады, су қоймасына құс осы жақтан шығады. Құс өсіретін қора жайлардың лайықты түрін құсты бағып-күтуге кабылданған жерге байланысты, шаруашылықтың көлемімен бағытына қарай, сондай-ақ климат және жергілікті жердің жағдайларына қарай тандап алынады.

3.5. Балапан қораларындағы микроклимат және оны жетілдіру.

Қорадағы микроклиматтың құс организміне әсері температураның, ауаның ылғалдылығы мен оның қозғалу жылдамдығының, сондай-ақ ондағы техникалык қосталардың ықпалы аркылы байкалады. Жабық қораларда ауа күрт нашарлап кетуі мүмкін, бұл құстың өнімділігі мен өсімталдығын төмендетеді, еңбек шығыны көбейіп, мал өнімдерінің өзіндік құны қымбаттап сапасы кемиді. Құс қораларында қолайлы климат болу үшін, оларда ауа температурасының, оның ылғалдылығының, қозғалу шапшандығының, ауа құрамының зоогагаеналық нормативке сай келуінің, сондай-ақ қораларды құстың түріне, жасына, бағу технологиясына сәйкес жобалаудың, техникалық нормаларда көзделген басқада жағдайлардың болуын қамтамасыз ету керек. Жасанды жарықтың көзі қораның ішіне бір қалыпты мол жарық түсіріп тұруы қажет. Құстарды еденде баққанда оның жарықтылығы шамамен 15-20 лк болуы керек, бұл қызулы шамдардың қуаттылығы бір шаршы метр көлемге кем дегенде 4-5 Вт есебімен алынады.

Құс қораларының ауа тазалығының көрсеткішін көмір-қышқыл газының көлемімен бағалайды. Құс қорада бұл газдың көп болу себебінен басқа малдардай құстар да тыныс алу жиілігі артпай, керісінше құстарда тыныс алу жиілігі кеміп, кейбір жағдайда тоқтауга әкеліп соғады.

Құс организміне аммиак пен күкірттісутек әсерінен, құс денесіндегі оттегінің құлдырауына әкеп соғады. Сондықтан да олардың мөлшері белгіленген қалыптан аспауы керек.

2 – кесте

Балапан қоралардағы қолайлы микроклимат көрсеткіштері

Құс, түрі жыныстық топтары, инкубаторлардың жайлары Асау температурасы, 0С Салыстыр-малы ылғалдығы, % Жылдың суық кезеңінде ауа қозғалысы, м/с Ауаның шаңдауы-ның шекті мөлшері, мг/м3 Газдардың шекті мөлшері
Көмір-қыш-қыл газы, пайыз Аммиак,  мг/м3 Күкіртті сутегі, мг/м3
Еденде ұстағанда Торда ұстаған-да
Еден-де Локаль-ды жылы-ту орын-дары
                     
                     
                     
                     

 

Микроклиматты жетілдіру мақсатында ауаның физико-химиялық көрсеткіштерін реттеумен қатар оның биолопіялық белсенділігін жоғарылату керек. Ал құстың төзімділігін арттыру үшін жүйелі түрде ауаны тазалау және зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізу орынды.

Қазіргі кезде ауадағы шанды азайту мақсатында және зарарсыздандыру үшін әрі оның биологиялық белсенділігін арттыратын тиімді тәсілдер бар. Олар, атап айтсақ; ауа сүзгіштерін қолдану, ионизациялау, қысқа толқынды УК-радиацияны қолдану, химиялық зарарсыздандыру (құстың барында). Ауаны зарарсыздандыру үшін (аэрозольды тәсілмен) қолданатын препараттар: резорцин, триэтиленгликоль, сүт және янтарлық қышқылдар. Осы мақсатта құс қораларында бактерицидтік шамды да (ДБ-30) қолданған тиімді (0,5 – 0,6 Вт/м2 ).

3.6. Балапанды өсіру гигиенасы.

Жас балапандарды дұрыс күтіп-бағудың өзі келешекте ересек құстардың өнімділігін арттыруда маңызы зор, сондықтан да құс балапандарын жасынан жақсы азықтандырып, күтіп — бағу қажет.

Балапандарды күтіп — бағудың ең жауапты кезеңі алғашқы 3 апта уақыты. Жоғарыда көрсетілгендей балапандарды күтіп – бағу жүйелері әртүрлі болады.  Соңғы уақытта ірі құс шаруашылықтарыңда балапандарды торда ұстау әдісі қолданылады. Бұл жағдайда тор батареясының жоғарғы қабаттарында әлсіз балапандарды, ал төменгі қабаттарында тіршілікке бейімдеу балапандар орналастырылады. Балапандар үшін микро-климаттың  ерекшелігі оның негізгі көрсеткіштерінің жоғары деңгейде болуында. Атап айтқанда, ылғалдылық 6(1-70 пайыз, ал жарықтылықтың ұзақтығы 17-24 сағ. аралығында ауытқу керек. Балапаңдарды өсіруге арналған қораларда арнайы жабдықтар (брудер) арқылы олар орналасқан шектеулі жерді жылытып, алғашқы күндері температура 33+37°С аралығыңда ұсталып, микроклиматтың басқа көрсеткіштерін реттеп отыруы үшін қора ауасы жиі желдетіліп тұруы қажет. Мысалы: тәуліктік балапандарға қажетті ең төменгі температура 29+30°С, ал 6 күннен кейін температура көрсеткіші 26°С-қа төмендетіліп және әр апта сайын 3°С-қа төмендетіліп, ақырында айдың аяғында оның көрсеткіші 18°С болуы тиіс.

Әртүрлі жастағы балапандарды өсіруі кезіндегі зоогигиеналық және технологиялық нормативтер, күн, торда

Көрсеткіш 1…30 31…60 61…1.19 1…119
Тор еденінің ауданы 1 басқа, см2 14,5 270 300 300
Азықтандыру ауданы, см 2,5 5 8 8
Тордың биіктігі, см 22 28   34
Кіретін есік шыбықтарының        
арақашықтығы, см 21 32 42 21…42

 

Технологиялық жобалауға байланысты балаландарды торда ұстағанда олардың жастарына байланысты орналасу тығыздығы, азықтандыру және суару фронттары нормасына сәйкес болуы маңызды.

Күркетауық балапаңдарын бағуды ересектеріне арналған қораға ауыстырғанға дейін төсеніште жалғастырады.

Балапан басатын күркетауықтарды орналастыру тығыздығы: төсеніште — 1-17 аптада 3-4 бас/м2; 18-30 аптада 2-3 бас/м2; торда — 1-8 аптада 20 бас/м2; 9-14 аптада 8-9 бас/м2.

Етке арналған балапандарын жабық қораларда реттелетін микроклиматпен еденде өсіреді. Балапандарды тәуліктік жасынан сойғанға дейін терең төсеніште ұстайды. Балапаңдарды торлы батареада ұстағанда қора-жай сыйымдылығы 2-3 есеге, балапандардын тірі салмағы 7-11 пайызға артады, ал азық шығыны 11,2-15,2 пайызға және өнімнің өзіндік құны 12,6-16,1 пайызға төмендейді. Бірақторда ұзақ ұстаудың нәтижесінде көп жагдайда балапандардың бұғанасы сынады және гематома пайда болады.

Күркетауық балапандары тауық балапандарына қарағанда төменгі температурага өте сезімтал келеді. Сондықтан да күркетауық балапандарын алдын ала жылытылған қора-жайға орналастырады. Алғашқы 5 аптада ауа температурасын брудерде 37-21°С, ал қорада 30-19°С шамасында ұстайды және оны біртіндеп 16°С -қа дейін төмендетеді.

Алғашқы күндері күркетауық балапандарын жалпақ астаушада азықтандырады. Балапандарды алғашқы рет жүмыртқаны жарып шыгысымен 12-16 сағатган кешіктірмей, яғни брудерге немесе торға ауыстырғаннан кейін бірден азықтандырады.

Күркетауық балапандарын азықтандыруды ұйымдастыру барысында олардың биологиялық ерекшеліктеріне көңіл аудару керек. Басқа құс балапандарымен салыстырғанда күркетауық балапандары азықты бірден жемейді және олар азықтың ауысуына сезімтал келеді, сонымен қатар азық сапасын талап етеді. Үйрек балапандарының тіршілігінің алғашқы күндері қоралар тәулік бойына жарықтандырылады, содан кейін жарықтандырылу ұзақтығы біртіндеп қысқартылады және екінші аптадан бастап үйректерге 10-12 сағаттық жарықтандыру жеткілікті болады.

Қаздарды еті үшін өсіргенде тәуліктік немесе 10—20 күндік балапаңдарды қалың төсеніште ұстайды. Алғашқы үш аптада жылыту үшін брудерлер колданылады.

Тәуліктік-жастан бастап сойғанга дейін каз балапандарын орналастыру тығыздығы бір шаршы метрге 5 бастан болады. Қаз балапандарын 20—30 күндік жастан бастап, жабык қораларда торлы еденде 10 бас/м2 орналастыру тыгаздығымен өсіруге болады.

Алғашқы 3-4 аптада брудердегі балапандар үшін ауа температурасы 30—24°С, ал қорада 26—22°С болады және оны өсіру соңына қарай 18—20°С-қа дейін төмендетеді.

9 апталық қаз балапандарын торлы еденде әр бөлімі 35 бастан тұратын топтарда ұстау — тиімді әдістердің бірі болып табылады. Бұл кезде торда өсіру жағдайына ұқсас жадай жасалады.

1-7 күндік қаз балапандары үшін жарықтаңдырылу тәулік бойына қажет, ал кейінірек оны 14 сағатка қысқартып, балапандарды сойғанға дейін осы шаманы тұрақтандырады. Жарықтандырылу интенсивтілігі балапандар үшін 30 лк, ал ересек қаздар үшін 15 лк болады.

 

Өндірістік құс шаруашылығы нарық сұраныстарын жеңіл диетикалық тағамдармен қамтамасыз етуге өзінің сүбелі үлесін қосатын, аграрлық кешениің әрі үдемелі, әрі жедел өзгеріп, тез дамитын саласы болып  табылады.

Келешекте жұмыртқа және құс етін өндіру технологияларын жетілдіру, әрі шаршы метр жерден өнім шығымын көбейтіп, оның өзіндік құнын төмендетуді көздейді. Бұл жағдайдағы негізгі мақсат және міндет, бүкіл шығынды барынша азайту болып табылады. Құсты дұрыс та тиімді пайдалануға бағытталған ортаның жан – жақта көрсеткіштерін, құстың  тұқымдық ерекшеліктерін түгел қамтитын технологиялық процестің басты мақсаты – құстың күнделікті тіршілігіне қажет жем мөлшерін барынша азайтып, оларды адамға қажет өнімдер алуға (жұмыртқа, ет, мамық) пайдалану.

Алға қойылған мақсатқа жету үшін, ең алдымен мынандай мәселелерді шешу қажет: бірнеше бағыттағы құс шаруашылықтары мен фермаларын мамандандыру, шаруашылықтарды пайдалы технологияға ауыстыруды, құсты инфекциядан қорғауды қамтамасыз ететін қажет құрал —  жабдықтары бар құсханалардың жаңа түрін салу, құсты және құс клеткаларын пайдалану мерзімін ұзартатын клеткалық батареяның ыңғайлы конструкциясын жасау, құсты клеткалық батареяда ұстағандағы сұрыптау және өңдіру жұмыстарын ұйымдастыру.

Сонымен қатар, көліктің және басқару міндеттерін орындайтын машиналардың технологаялық жүйесі жасалынады, автоматтандырылған басқару бағдарламасымен жабдықталган құс фабрикаларын құру мәселесі шешіледі. Бұл салалық автоматтың басқару жүйесін дайындап, оны өндіріске енгізудегі ең басты талап.

Келешекте құс шаруашылығының үдемелі дамуы, өте жоғары мамандандырылған әрі шағылыстырғанда мол өнімді будан алынатын құс тұқымдары мен тізбектері болса ғана үдемелі дамытуға болады.

Құс шаруашылығының еңбегінің жағдайынан жақсартуға арналған ветринарлық – санитариялық шаралар және антропозоондардың алдын алу. 

Техникалық қауіпсіздік және өндірістік-санитариялық шаралар жиынтығы малшыларды зооантропонозды аурулардан сақтауды, еңбек өнімділігін жоғарылатуды және жоғары сапалы өнім алуды қамтамасыз етуі керек.

Малшылар еңбек қорғау ережелерімен танысуы үшін әкімшілік оларға алғашқы, жұмыс орнындағы кезеңді нұсқауларды беруі тиіс.

Алғашқы нұсқаумен барлық жұмысқа жаңадан келген адамдар (міндеті мен мамандығына қарамай) танысады. Оның мақсаты жұмысқа келген адамдарды еңбек қорғау ережелері және кәсіпорынның ішкі тәртібімен таныстыру.

Жұмыс орнындағы нұсқауды топ жетекшісі жүргізеді. Бұл нұсқау жұмыстың кауіпсіз тәсілдерін практикада игерудің бастамасы болып табылады. Мал мен тікелей жұмыс істейтін адамдарды жеке бастың гигиснасымен таныстырады.

Кезеңді нұсқау мал шаруашылығы жұмысшылары үшін 6 айда бір рет жүргізіледі. Жазатайым жағдай болса фермада қосымша нұсқау жүргізіледі, оған барлық малшылар қатысады.

Мал шаруашылығында еңбек шарты қора-жай ауасының зиянды газдармен, шаң-тозаңмен және микроорганизмдермен ластануына, температураның тез өзгеруіне, шуға және физикалық ауыртпашылыққа байланысты болады. Соған байланысты мал шаруашылығындағы жұмысшылар көп жағдайда мамандық ауруына ұшырайды. Малшылардың  еңбегі бұлшық ет күшін қажет ететін физикалық жұмыстар. Шаруашылықтарды механикаландыру және автоматтандыру, азықты дайындау және тарату, суару, сауу, кенді жинау сияқты жұмыстар кезінде физикалық ауыртпалықты жеңілдетер еді. Дегенмен де, мұндай шаруашылықта да кейбір қолайсыз факторлар сақталады, мысалы: ұзақ уақыт бойы қора-жайларда жүру, малдың тығыз орналасуы, ауаның бактериялармен ластануы, бүлардың барлығы мал шаруашылығындағы жұмысшылардың денсаулығына зиянды әсерін тигізеді. Сондықтан да мал қора-жайларында оптимальді микроклиматты сақтау қызмет көрсетушілерді аурудан сақтаудың маңызды факторы болып табылады.

Мал шаруашылығындағы жұмысшылар арнайы және санитариялық киімдермен қамтамасыз етіледі. Арнайы киім — бұл жұмысшыларды физикалық, химиялық және биологиялық факторлардың әсерінен қорғайтын құрал. Арнайы киімге кеудеше, комбинезон, алжапқыш, қолғап, етік, резеңке шұлықтар жатады.

Химиялық дезинфсктанттардың зиянды әсерінен қорғану үшін жұмысшыларға алжапқыш, қалпақ, резеңке етік және қолғап беріледі.

Санитариялық киім — бұл ет және ет өнімдерінің, сүттің жұмысшылар киімі арқылы микробпен ластану мүмкіндігінің алдын алушы құралдың бірі. Санитариялық киімге ақ, тегіс мақта-матадан тігілген халат, қалпақ, орамал жатады.

Ауру малмен, өлексемен, қимен жанасу нәтижесінде жұмысшыларға кейбір антропозоонозды аурулардың жұғу қаупі төнеді. Аса қатерлі ауруларға топалаң, маңқа, туберкулсз, бруцеллез, құтырық, бұзаутаз және т.б. аурулар жатады. Мұндай аурулар кезінде сақтық шаралар негізіне нақты ветеринариялық қадағалау, уақытылы балау, ауру малдарды емдеу жатады, сонымен қатар қызмет көрсетушілер де сақтық шараларды қолдануы керек.

Малмен жұмыс істеуге 18-ге толмағандар, жүкті және бала емізетін әйелдер жіберілмейді. Қызмет көрсетушілерге арнайы киімнің сыртынан басқа киім киюге, мал қора-жайларында тамақ жеуге және ауру малдан алынған шикі сутті ішуге тыйым салынады.

Қызмет көрсетушілер ауру малды куту барысында міндетті түрде арнайы киім кию керек, бұл киім жұмыс біткен соң зарарсыздандырылады. Жұмыс аяқталған соң, қызмет көрсетушілер душқа түсіп, өз киімдерін киеді. Жұмысшылар қолдарын құрамында 100-150 мг/л белсенді хлоры бар ертіндімен зарарсыздандырады. Бұл ерітінді күн сайын ауыстырылады.

Зарарданған қи мен өлекселерді резеңке етік, қолғап, комбинезон киіп жинайды. Бұл жұмыстан кейін арнайы киімдерді әбден зарарсыздандырады. Халат, алжапқыш, орамалдарды аптасына 1 рет 1 пайыз сілтілі ертіндіге немесс 2 пайыз сода ертіндісіне салып кояды, соңынан 30 мин қайнатып, сабынмен жуады.

Кейде жұмысшылардың оқыс қимылынан мал шошынып, адам денесіне жарақат түсіруі мүмкін. Малдың теуіп жіберуі, сүзіп немесе тістеп алуы мүмкін. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін жұмысшылар малды күтудің қауіпсіздік ережелерін жаттауы керек.

Қызмет көрсетушілер толык медициналық тексеруден өткен сон ғана жұмысқа жіберіледі. Жұмысшылар 3 айда 1 рет, сауыншылар айына 1 ретпрофилактикалық тексеруден өтеді және 6 айда 1 рет бруцеллез бен туберкулезге тексеріледі. Барлық жұмысшылар уақытылы іш құрт (гельминт) тасымалдауға тексеріледі.

Дезинфекциялық жұмыстарға ветеринарлар, санитарлар, механизаторлар, жүргізушілер және малшылар қатысады, олар дезқондырғылармен және дезинфекциялық ертінділермен жұмыс істеу және кауіпсіздік ережелерін білуі керек.

Дезертінділерді дайындау жұмыстары ветсринариялық мамандардың қадағалауымен жүргізіледі. Ертінді дайындаушылар арнайы киімдер (халат немесе комбинезон, алжапқыш, резеңке етік және қолғап, көзілдірік, респиратор немесе противогаз) киеді.

Дезертінділермен және аэрозольдсрмсн жұмыс істеу барысында темекі шегуге және тамақ жеуге болмайды. Ауланы аэрозольмен дезинфекциялау желсіз, құрғақ ауада жүргізіледі.

Дезинфекция немесе аэрозольді дезинфекциядан кейін жайларды 6-24 сағатқа жауып қояды (дезертіндінің концентрациясына байланысты). Мұндай жағдайда қора-жайлардың есіктеріне «кіруге болмайды» деген ескертпе жазулар ілінеді.

Дезинфекция мерзімі біткен соң, жайлардың іші бір тәулік бойы желдетіледі, содан кейін азық және су астаушалары ыстық сумен жуылады және желдеткішті қосып қояды. Осыдан кейін ғана адамдарға кіруге және малды жіберуге рұқсат етіледі.

Улы химикаттармен жұмыс жасаған соң, киімді шешіп тазалау керек және қолды сабындап жылы сумен жуады. Дезинфекцияда қолданылған арнайы киімдерді үйде сақтауға болмайды.

Мал шаруашылығындағы жұмысшылардың барлығында санитариялық инспекция бекіткен саннитариялық кітапшалары болады. Санитариялық кітапшаға денсаулық жағдайы, медициналық тексерудің нәтижелері, инфекциялық аурулармен ауырса, ол туралы мәліметтер, профилактикалық егулер туралы жазылады.

Туберкулезбен, бруцеллезбен және басқа да адам мен малға ортақ аурулармен ауыратын адамдар малмен жұмыс істеуге жіберілмейді.

Сүт фермасында жұмысшылардың жеке басының гигиенасын сақтаудың маңызы зор, себебі сүт арқылы әртүрлі аурулар таралуы мүмкін. Сауыншылар және басқа да сүтке қатысы бар адамдар үнемі дене тазалығын сақтауы керек, әсіресе киімдері, қолдары таза болуы керек және тырнақтарын қысқа алып тастайды. Егер олардың дене температурасы көтерілсе, қолдарында кесілген немесе күйген, ірінді жарақаттар болса, оларға жұмыс істетуге болмайды.

Ветеринариялық мамандар үнемі ауру малмен және өлекселермен тікелей қатыста болатындықтан, олар үшін жеке гигиенаны сақтау аса қажет.

Ветеринариялық-санитариялық өткелде жұмысшылар мен мамандар өз киімдерін шешіп, киім ілгіште қалдырады да, душқа түсіп, арнайы киімдерді киіп ферманың өндірістік аймағына өтеді. Ірі шаруашылықтарда осыңдай тәртіпке тырысу керек. Жұмыс аяқталған соң, жұмысшылар мен мамандар душқа түсіп, арнайы киімдерді өткізіп, өз киімдерін киіп, өндірістік аймақтың сыртына шығады. Арнайы киімдерді үйге алып кетуге немесе сол киімде өндірістік аймақтың сыртына шығуға тыйым салынады.

Басқа да материалдар Мұғалімдерге Ашық сабақтар Сабақ Жспарлары Оқушыларға Рефераттар ҰБТ Шығармалар СӨЖ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ