Балалар – Алланың адамзатқа берген аманаты (Эссе)

0
8143

Балалар  – Алланың адамзатқа берген аманаты, өміріміздің жайнаған гүлі. Ал аманат — ол үлкен ғажаптылық, ал гүлдер десек, ол  гүлдер ешқандай жасандылықсыз, шынайылықпен баптағанда ғана өседі. Міне, біздің де балаларымыз бізден бой түзеп, өмірге қанаттанып шыңдалады емеспе? Отбасы — баланың бас ұстазы. Ата-анасы қолдаушы да, қорғанышы. Бала арқа сүйер панасынан жылу іздейді. Кейіннен сол шынайылықты, сол мейірімділік пен қамқорлықты, көзқарас пен қоршаған орта жылулығын сәби санасына дарытатын ата-анадан кейінгі адам ол, әрине, тәрбиешісі.

Тәрбиеші – ол  баланың ең алғашқы көркем мінезді жылылық бейнесімен қарсы алатын, өз баласынан кем көрмей мерейін төгетін ұстазы, мейірбаны. Бала тағдырына ата-анадан кейінгі жауапкершілікті алатын тәрбиешілер білімнің алғашқы дәнін себелеп, бала санасына «Мен кіммін?, Менің әлемім қандай?, Мен кім боламын?» Міне, осыларды бастапқы болып танытатын тәрбиеші дер едім.  Әр бүлдіршінмен тіл табыса білетін, әр бүлдіршіннің жанарына жылу бейнені қалыптастыратын да тәрбиешісі. Үйінде өз балам десе, түзде өзге баланың тәрбиесімен айналысатын бағбан да мейірбан жүректі тәрбиеші алдында бұл қайсарлық пен қабілеттілік деңгейін мойындаудың өзі бір керемет дер едім. Бала жанының бағбаны десе болғандай. Тіпті бала бойына өз Отанын, туған елін, ата – анасын мынау алып ғаламшарға деген махаббатын да сездіре білетін осы жандар емес пе?

Бала – отбасы дәнекері, әке ғұмырының жалғасы, ана жүрегінің мәңгілік падишасы ең бастысы, біздің қоғамымыздың алға қарай дамытушы ұлағатты ұрпағы, бақытты болашағы. Сондықтан да жас ұрпақты заман талабына сай, көздің ғана емес, көңіл қуанышы етіп тәрбиелеу – басты міндет. Әрине, бұл міндеттің өзін санаға сіңіртіп, бойға ұластырып отырған тағы да тәрбиеші болар еді.

Баланың болашақта үлкен тұлға болып, елін сүйер, елі сүйер азамат, азаматша болып қалыптасуына тәрбиешінің еңбегі зор болмақ. Тәрбиешіге қарап сәби бой түзейді, еліктейді. Сол себепті тәрбиеші ешқашан да осал болмауы тиіс. Өйткені, тәрбиеші – бала жанының бағбаны.

М. Жұмабаев «Тәрбие — адам баласын кәміл жасқа толып, өзіне — өзі қожа болғанша тиісті азық беріп өсіру» деген екен. Міне, осы сөздің өзінен — ақ бала тәрбиесінің маңыздылығын шарт етіп айтудың қажеті жоқ дер едім. Сәби болып дүниеге келуі, жар жағалап жүріп, еңбектеуіне дейін, тіпті, тілі шығып күрмелуінің өзі де саналы түрде тәрбиенің өзімен шектеседі. Осындай кезеңдерден кейінгі баланың тәрбие ошағы ол — балабақшасы. Яғни бала тәрбиесі ана сүтімен басталып, бағыттаушы тәрбиешісімен жалғасады. Қай қоғамның, тіпті жай қарапайым адамзаттың түйгені бала тәрбиесіндегі көтерген мәселенің өзі осы — бала жанына ізгілік дәнін егу. Бұған бірден — бір себеп, әрине бала — көздің нұры, өмірдің гүлі. Болашағымыз бала деген тоқтамға келер едім.

Әр кәсіптің өз жемісі бар. Біздің жемісіміз — алдымыздағы шәкірттер. Олар-біздің бүкіл ұстаздық өміріміздің гүлі, мәні мен сәні десек те артық айтпағанымыз болар. Қазақта «Ана мерейі мен ұстаз мерейі егіз» деген мәтел бар. Міне, ана сүтімен алынған тәрбие көзінің жалғастырушысы — ол тәрбиешісі.

Абай атамыздың

Ақырын жүріп анық бас

Еңбегің кетпес далаға

Ұстаздық еткен жалықпас

Үйретуден балаға

-деген жолдарының өзінен-ақ ұстаздың ұлағаты үйретуден бастау алу көзі тәрбиешінің ізімен тұсталып жатқандай.

 

Рабаева Асем

Оңтүстік Қазақстан облысы

«Жас маман 2017» байқауының қатысушысы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ