БАРЛЫҒЫ ТЕГІН!

0
2153

Ас үйде тамақ әзірлеумен әбігерге түсіп жатқан анасының жанына ұлы жүгіріп келді. Ештеңе деместен, бір жапырақ қағазды қалтасына салып кетті. Анасы жай ғана жымиды да, қолдарын алжапқышқа сүрте бастады. Бұрыштағы орындыққа отырып, қағазды ашты:
Ауладағы жапырақтарды тазаладым – 100 теңге
Бөлмемді жинадым – 80 теңге
Дүкенге бардым – 200 теңге
Қоқыс шығардым – 50 теңге
Үй тапсырмасын орындадым – 150 теңге
Көршінің затын апарып бердім – 90 теңге
БАРЛЫҒЫ: 670 теңге
Бала анасын аңдып отырған болатын. Қағазды оқып болған соң, ақша бере ме деп күтті. Алайда, анасының терең ойға батып кеткенін байқайды. Көп ұзамай анасы қолына қаламсап алды да, парақты теріс айналдырып мынаны жазуға кірісті:
Тоғыз ай бойы барлық ауырлықтарға шыдап, толғақтың қиындығын бастан өткердім: ТЕГІН
Түні бойы жылағаныңда ұйықтамадым, ауырғаныңда дәрігерге апардым, үнемі жаныңда болдым: ТЕГІН
Сені жуындырып, нәжісіңді тазаладым, киімдеріңді үтіктедім: ТЕГІН
Ойыншықтар, тамақ, киім, тіпті мұрныңды сүрткенім де: ТЕГІН
Сені жығылып қала ма деп уайымдаған және әлі де уайымдайтын сәттерім: ТЕГІН
Балапаным, менің саған деген жүрек толы махаббатым да: ТЕГІН!
Жазбаны оқыған бала анасын құшақтай алды. Осы сәт оның жанарынан еріксіз көз жастары ағытылып бара жатқан еді…


ПІКІР ҚАЛДЫРУ