Елімізде қандай мамандықтың болашағы жоқ?

0
1640

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова экономиканың қандай салаларында жұмыс орындары қысқарып жатқандығын түсіндірді. Оның сөзінше, еліміздегі жоғалып кетуі мүмкін мамандықтардың бірі — көміршілер.

Қазірдің өзінде бұл саланы еліміздегі жаңа энергия көздері ығыстырып жатыр. Бұған мысал ретінде көмір шахталарының көлемін біршама азайтқан Еуропаны айтуға болады.

«Бүгін-ертең (көмір өндірісі – ред.) жоғалып кетеді деп айта алмаймын. Бірақ 20 жыл ішінде бұл сұрақ шешілуі керек. Сондықтан бүгін (қызметкерлерді қайта оқыту) көмір саласына қатысты барлық мамандық бойынша жұмыс бастауымыз керек», – деп түсіндірді Дүйсенова.

Оның атап өтуінше, Қазақстанда адамдарды техникаға алмастыру тренді пайда болған. Егер бұрын бір сферада 10 адам жұмыс істесе, жаңа технология енгізуіне байланысты компьютерлік жүйемен жұмыс істейтін бір адам қалады.

«Ол адамдарды қайта оқыту керек. Осыған байланысты жұмыс тобы құрылып, 2 бағытта жұмыс істейді. Әрбір сектор өз сфераларындағы жағдайды хабарлап отырады. Жыл соңына қарай қай салалармен жұмыс істеу керектігін айтамыз», – деп атап өтті Дүйсенова.

Оның атап өтуінше, қазір кен өндіруші сала белсенді түрде компьютермен жұмыс істейді. Қазірдің өзінде «Қазақмыс» және «Арселор Митталда» орындарды босату туралы мәселе бар. Ал проблеманы шешудің бір жолы – мамандарды қайта оқытып, мұнай-газ салаларына жіберу.

Еске салайық, 2016 жылдағы статистика бойынша елімізде 331 мың адам жұмысынан кеткен. Бір жыл ішінде жұмыссыз қазақстандықтар саны 8 пайызға артты.

 

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ