Баспасөз бен оқырман, интерактивтілік мәселелеріне түсінік беріңіз

0
2142

Баспасөз— мерзімді және мерзімсіз басылымдардың жиынтық атауы. Баспасөз — халық арасында әр түрлі ақпараттар тарата отырып, қоғамдық пікір қалыптастыруға, саяси жұмыстар жүргізуге, мемлекеттің, әлеуметтік топтардың не жекелеген тұлғалардың мүдделі мұраттарын танытуға қызмет етеді. Мерзімді баспасөзге тұрақты атауы, ағымдағы нөмірі бар және кемінде жарты жылда бір рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың қосымшасы жатады. Олар шығармалық-өндірістік процестердің ұйымдастырылу ерекшеліктеріне, тақырыптық-мазмұндық бағыттарына, әкімшілік-аумақтық бөлініс деңгейлеріне, оқырмандар аудиториясының сипатына, т.б. белгілеріне орай бірнеше түрлерге жіктеледі. Мерзімді баспасөздің ең негізгі әрі көне түрлерінің бірі — газет. Қағаз өндірісінің дамып, полиграфиялық технологияның бастапқы тәсілдерінің жетілдірілуіне байланысты Батыс Еуропада (Германияда — 1609 жылы, Ұлыбританияда — 1622 жылы, Францияда — 1631 жылы) алғашқы газеттер шыға бастады. Қазақ тіліндегі алғашқы мерзімдік басылым — 1870 жылы Ташкент қаласында жарық көрген “Түркістан уәлаятының газеті”. Бұл басылым қазақ даласында Ресей империясының отарлаушылық саясатын жүргізудің құралы ретінде дүниеге келгенімен, ұлттың Баспасөзін қалыптастырып, зиялы қауымның азаттық идеяларын бұқараға жеткізуде Баспасөздің маңызы зор екендігін түсінуіне ықпал етті. Мерзімді баспасөзге жататын журналдар, альманахтар мен бюллетендер шығу мерзімділігіне, көлемі мен безендірілуіне газеттен ерекшеленіп тұрады (қара Газет, Журнал, Альманах). Баспасөздің екінші түрі — мерзімсіз басылымдарға кітаптар, кітапшалар, плакаттар, күнтізбелер, ноталар, т.б. жатады. Оның ең негізгі әрі көне түрі — кітап. Кітап басу ісі 8—9 ғасырларда Қытайда басталды. Алғаш рет ксилографиялық (ағаштан ойылған қалыппен басу) әдіспен буддистердің “Жақұт сутра” (868) деген қасиетті кітабы басылып шықты (Еуропаға бұл жаңалық 4 ғасырдан кейін келеді). Қазақ тіліндегі алғашқы кітап — “Сейфүл-мәлік” қиссасы 1807 жылы Қазан қаласында жарық көрген (қара Кітап). Қазіргі кезде Қазақстанда 1200-ден астам газет-журналдар, апталықтар жарық көреді. Сондай-ақ, әр түрлі меншік нысанындағы 260-тан астам баспадан мыңдаған таралыммен кітаптар, буклеттер мен плакаттар, т.б. шығады. Республикадағы Баспасөз жүйесінің қызметі ҚР-ның “Бұқаралық ақпарат құралдары туралы” заңымен (1999, 23 шілде) реттеледі. Оқырман — әдеби шығарманы қабылдайтын орта. Жазушы шығарманы тудырушы болса, оның қаншама ұзақ өмір сүретіні, әдебиетте қандай орын алатыны оқырмандарға байланысты. Сондықтан шығарманы оқырмандардың қалай қабылдап, зейінге алатынымен, сезініп-түсінетінімен жазушы санаспай отыра алмайды. Ол шығарма жазғанда белгілі ортаның ой-санасын, идеялық мақсат, тілек-талаптарын, көркемдік ұғым түсініктерін ескереді. Оқырман дегенді тек дайын шығарманы зейінге алып, қабылдаушы деп қана түсінбеу керек. Оқырман қауым жазушының шығарманың процесіне ықпал жасайды. Жазушы өз шығармғында болашақ оқырмандардың тілек-талаптарымен, ұғым-түсініктерімен қалайда санасады. Яғни, оқырман қауымның көңілінен шығуды ойлайды деуге болады. Бірақ мұны тар мағынасында түсінбеу керек. Сонымен бірге ол өзі айтып отырған жайлардың, өмір шындығының оқырман қауымға қаншалықты жақын, қызықты екендігін ескермей отыра алмайды. Өйткені автор түптеп келгенде шығарманы өзі үшін ғана емес, көпшіліктің, қалың оқырманның назарына салу үшін жазады. Ауыз әдебиеті дәстүрінде өлеңді, жырды жұрт алдында табанда шығарып айтатын ақын, жыршылар өз тыңдаушыларымен тікелей байланысты болады, тыңдаушыларға ненің ұнайтынын, оларды не қызықтыратынын жіті байқап олардың талабын, талғамын жанымен сезініп, сол талаптарға тиісті жауап беруге тырысады. Ал жазба әдебиетінде көркем шығарма баспа арқылы жарияланып, таралатын жағдайда жазушы мен оқырман арасындағы қарым-қатынас, өзара байланыс-жалғастық айқын көзге көріне бермейді. Ал бірақ ондай байланыс, жалғастық бар екені ешбір даусыз. Әдеби шығарма оқушы қауым көпшілік қабыл алып, қажетіне жаратқанда ғана, халықтың мәдени мүлкіне айналғанда ғана өзінің қоғамдық міндетін атқара алады. Олай болса шығарманы оқырмандар қалай қабылдап, түсінетіні аса маңызды мәселе. Бұл жағына көңіл аудармай, шығарманың оқырманға қандай идеялық ықпал жасап, көркемдік әсер беретінін анықтау қиянға соғады. Оқырманның шығарманы қабылдап сезіну, түсіну ерекшеліктерін белгілейтін жағдайларды сөз қылғанда, оның ой-сезім өзгешелігі, өмір тәрбиесі, қандай ортада туып-өскендігі, қай ұлттың, халықтың өкілі екендігі, тағы сондай жайлар маңызды болады. Әдеби шығарманың тәрбиелік мәнін, оқушы қауымға қандай идеялық-көркемдік әсер беретінін толық анықтау, айқындау үшін, оқырмандардың, олардың әр түрлі топтарының шығарманы белгілі ортада, нақтылы жағдайда қалай қабылдайтынын, ұғып-түсінетінін айқын ашып көрсету шарт. Әдеби шығарманы оқырмандардың қабылдауы әдебиет зерттеу ғылымы түрғысынан алғанда келелі мәселе екені көркем аударма проблемаларын тексергенде айқын аңғарылады. Әдеби шығарма қай қоғамда туса, қай тілде жазылса, сол ортаның, сол халықтың мәдени дәстүрлерімен, ұғым-түсініктерімен тығыз байланысты болатыны белгілі. Оны екінші бір тілге аударғанда басқа халықтың өкілдері шығарманың кейбір түстарын, жеке ерекшеліктерін басқаша сезінетіні белгілі. Бұл жағдай тіл өзгешеліктерінен ғана тумайды, екі халықтың өміріндегі, мәдени дәстүрлеріндегі, өзіндік ерекшеліктермен де жалғасып жатады

Интерактивтілік – басқарылатын режім. Интерактивті құралдар өте қарапайым және қолдануға тиімді. Бұрынғы кезде қызметіне бірнеше меню мен терезелерді ашу жатса, бүгінгі күні интерактивті панель көмегімен екі объекттің арасында өткелді құру үшін тышқанмен бір объекттен екіншіге жүргізу жеткілікті.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ