Бастауыш сынып оқушыларына арналған пәндік олимпиада

2
4600
Бастауыш сынып олимпиадасы
ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері, үздік қазақ тілді білім сайты – Qaztest.kz онлайн олимпиада ұйымдастыру комитеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-мен жасалған меморандум аясында бастауыш сынып оқушыларына арналған        І Республикалық «Қазақстан үміті» пәндік олимпиадасын (бұдан әрі Олимпиада) өткізеді. Олимпиада қазақ тілі, математика, дүниетану және жаратылыстану пәндері бойынша ұйымдастырылады.
Олимпиаданың мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының оқу бағдарламасын меңгеруін тексеру және дарынды оқушыларды анықтау.

Олимпиадаға 2-4 сынып оқитын бастауыш сынып оқушылары ерікті түрде қатыса алады. Oлимпиада qaztest.kz сайтында өтеді. 

Олимпиада бір кезеңнен тұрады. Олимпиада 15 сәуір мен 20 мамыр аралығында өтеді. Төсбелгі иегерлері 21 мамыр күні анықталады.

Олимпиада әр пән бойынша бөлек-бөлек өткізіледі. Әр пән бойынша бөлек марапаттар тағайындалады. Қатысушылардың барлығына сертификат, жүлдегерлерге І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдар беріледі. Барлық пәнге қатысып жиынтық ұпайы бойынша жоғары ұпай алған 30 оқушы «Қазақстан үміті» төсбелгісімен марапатталады.

Олимпиада туралы толық ақпаратты +7(727) 978-59-22; +77009785922;

+77759988387 телефондары арқылы білуіңізге болады.

Толығырақ


2 ПІКІРЛЕР

  1. Математика және дүние тану пәндеріне қатысқым келеді

ПІКІР ҚАЛДЫРУ