Онлайн дәріс

0
1233

Әлемде белең алған COVID-19 індетіне байланысты біздің елімізде де ЖОО түгелдей бір мезгілде карантинге жабылды. Бірақ өмір  одан тоқтап қалған жоқ. Өмір өз жалғасын табуда. Барлық ЖОО тән «Тұран» университеті де қашықтан оқыту дәрісін кідірместен қолға алып, барша студенттерге қолжетімді онлайн платформаларға көшті.

Оқытушы, профессорлар құрамы бірнеше жобаны қолға алып онлайн нұсқауларды игеріп алып кетті. «Тұран» университеті басшылығы осы жобалар аясында қызметкерлерінің қашықтан жұмыс істеуіне, онлайн шеберлік-дәрістерін алуына, басқа да тиімді бағдарламаларды барынша жақсы үйренулеріне толық мүмкіндіктер жасап отыр.

ЖОО-ы бұрын да қашықтан оқыту, бағалау саясатын жүзеге асырып келген болатын, ал қазіргі жаппай қашықтан оқыту білім беру саласы үшін оқыту үдерісінің жаңа кезеңі болып отыр.

Әрбір студенттің үйде отырып білімі мен танымын арттыру мақсатында кураторлық дәрістер де жалғасын тауып «#BizBirgemiz», «Үйде отыр», «Туған өлкем», «Қандай кітап оқып жатырсыз?» челендждері ұйымдастырылуда.

 

Құрманбаева Алма

«Тұран» университетінің доценті

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ