Бастауыш сыныптарда ойын арқылы оқушы шығармашылығын дамыту жолдары (баяндама)

0
1975
Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны

Бастауыш сыныптарда ойын арқылы оқушы шығармашылығын дамыту жолдары

                                                                Ойын – бала үшін өмірлік тәжірибе.                                                                                  М.Жұмабаев.

 

Кіріспе

Кез-келген ұстаздың басты мақсат-міндеті оқушыларға сапалы білім беру, жан-жақты жетілдіру, оқуға деген қызығушылығын арттыру.

Ойын үлгісінің технологиясы баланың нақ осындай белсенділіктерін арттырады.Кез-келген бала да адамның мәдениеті де ойын арқылы дамиды. Ал бүгінгідей динамика ғасырында, оқу процесінде ойын алдыңғы орында, яғни ойын технологиясы арқылы баланың оқуға ынтасын, қызығушылығын арттыру жеңіл болмақ.

Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері – мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Өйткені, кіші жастағы оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез сергіп, тапсырмаларды тез, әрі қызығып орындайтын болады. Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы басты құрал. Ойын барысында балалардың белсенділігі, шығармашылығы дамиды. Ал мұғалімнің міндеті – балаларды ойынға қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамсыз ету.

Сабақта ойын түрлерін пайдалану сабақ түрлері мен әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны. Ойын түрлерін оқу процесін пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау кезеңдерінде, қайталау сабақтарында пайдалануға болады.Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдылық маңызы да арта түседі.

Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді, жеңіл келеді.Ойынды іріктеп алуға нақтылы сабақтың мақсаты, мүмкіндіктері  мен жағдайларын ескеруге ерекше назар аударған жөн. «Ойыннан басталады»,- десек , баланың ойын жетілдіріп, сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін бастауыш сынып  мұғалімінің басты қолданатын тәсілі – ойын.

Педагогикалық ойынның маңызы зор. Ойын біріншіден, білу және үйрену, екіншіден, адамның ойнай отырып, өзіндік білім алуы өмір тәжірибесін жинақтауға көмектеседі.

    

Ойын түрлері

Стол үсті                                                                      Интеллектуалдық ойындары                                                                             ойындары

Дидактикалық ойындар                                                             Іскерлік ойындар      

Қозғалыс ойындары

Педагогикалық үрдісті жетілдіруде ойынның алар орнын қазақстандық ғалым Н.Құлжанова да зерттеген. Ойын бала үшін еліктеу, инстинг, күнделікті негізгі әрекет және оның жеке өмірі,- деп дәлелдеген. Н.Құлжанованың айтуы бойынша ойынды әдептілік, тәрбиелік мақсатта пайдалану – баланың болашақ өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеуі және өмірдің талаптарына сай бейімделуі басты педагогикалық мақсаттар. Ғалым «Бала ойында ғана тынығып», «жұмыс жасап», өсіп жетіледі. Оның ойлау қабілеті жетіліп, қарым-қатынас жасау мүмкіндігі артатынын атап көрсеткен.

«Ойын – баланың рухани дамуының негізі», — деп, Л.С.Выготский, Д.Б.Эльконин өз еңбектерінде атап көрсеткен.

Ойынды педагогикалық процеске енгізе отырып, ұстаз балаларды ойнауға , яғни А.С. Макаренконың сөзімен айтқанда  , «жақсы ойын» жасауға үйретеді.

Бастауыш сыныптарда ұынылып отырған ойындардың басым көпшілігі балаларды мейірімділікке, достыққа, сүйіспеншілікке, сыйластыққа үйретуді көздейді.

«Өзін-өзі тану» пәнінде оқушының тілін дамытатындай, коммуникативтік  құзыреттілігін қалыптастырындай ойындарды қолданамын. Олар: «Құрмет-ізет», «Күннің көзін бұлттан арылту», «Обал- сауап», «Жұм-аш», «Алғырлар», «Білгірлер», «Даналық сөздер».

Менің сабақ барысында пайдаланатын кейбір ойындардың үлгілері:

«Даналық сөздер» ойыны

Сандықшаға қатты қағаздан жасалған әріптерді салып қоямын. Үш топтан  бір-бір оқушыдан шығып сандықшаның ішіне қарамай,әріптердің бірін алады.Қандай әріп шықса, сол әріптен басталатын даналық сөздерді айтуы тиіс. Айта алмай қалған бала айып тартады. Мысалы, «Ұ» әрпі болса – «Ұят өлімнен де күшті», «А»- «Ақыл шыңы-даналық», «Ақыл -жастан,асыл-тастан», «Ж»- «Жақсы сөз-жан семіртеді», «Т»-«Туған жер-алтын бесік, асыл анам».

Ойын-жаттығу  «Обал- сауап»

Оқушылардың осы тақырып бойынша алған білімдері  жаттығу арқылы бекітіледі.

Ойынды доппен өткізуге болады. Өзім бір сөйлемді бастап допты бір оқушыға лақтырамын, доп кімнің қолына түссе сол оқушы берілген сөйлемді «Обал болады» немесе «Сауап болады» деген сөйлемдермен аяқтауы тиіс.

Мысалы:

  • Ақты төкпе, обал болады.
  • Торға түскен құсты босат,сауап болады.

Ойындарды өткен тақырыптарыма байланыстырып алып отырамын,мысалы , «Көңіл –күйімізді басқара білейік» тақырыбына «Менің көңіл-күйім қандай?» ойынын ойнатамын. Мұнда бір бала ортаға шығып,өз көңіл-күйін мимика, қимыл-қозғалыстар арқылы көрсетеді.Қалғандары оны тауып айтады. Ойын кезекпен осылайша жалғаса береді.

Нәтижесінде оқушылардың

  • Қисынды ой-қабілеті дамиды;
  • Өздігінен жұмыс істеуге үйренеді;
  • Сөздік қоры байиды, тілі дамиды;
  • Зейіні қалыптасады;
  • Байқампаздығы артады;
  • Өзара сыйластыққа үйренеді;
  • Ойынның ережесін бұзбау, яғни, тәртіптілікке баулиды;
  • Бір-біріне деген оқушы сенімі артады;
  • Сабаққа қызығушылығы артады;

Сегізбай Эльмира Елбасықызы

Басқа материалдар


ПІКІР ҚАЛДЫРУ