Бастауышым – балбұлағым (ашық тәрбие сағаты)

0
2024
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Бастауышым –балбұлағым

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Қош келіпсіздер,құрметті ата-аналар,қымбатты әріптестер,қадірлі қонақтар!
Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балдырғандар,енді міне,бойлары да,ойлары да өсіп,қанаттары қатайып ,бастауыш сынып сатысынан орта буынға ұшқалы отыр.

Той бүгін- кең сарайда шалқып тасқан,

Тoй бүгін – жұрт жиналып шашу шашқан,

Той бүгін- шат өмірді күйге бөлеп,

Би билеп, асқақтатып, әнге қосқан.

Бұл тойда жан табылмас тасымаған,

Ақ сәуле әрбір тұстан шашыраған,

Жұпарлы гүлге оранған осы тойдың

Иелері- аяулы шәкірттерім- ұл-қыздарым!

Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.
Қол соғып, қошеметтеп қарсы алайық,
4 «Г» сыныбын ортамызға!
(Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға шығады.)

1.Фатима,Нұрасыл

2.Дилназ,Әділбек

3.Айсұлу,Нұртас

4.Нұршат,Нұрасыл

5.Гүлсезім,Исмаил

6.Жасұлан,Анелья

7.Мадина,Кенжебек

8.Нұрай,Темірлан

9.Аружан,Мейрамбек

10.Диана,Бекжан

11.Асем,Нұрсұлтан

Мұғалім: Міне, сіздердің алдарыңызда тұрған 4 «Г»сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын алты жасар бала болса, бүгін ес білген шәкірт. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата – аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын. Олай болса,

жүргізушілерімізді ортаға шақырайық!

Жaсұлан,Анелья: Шашу, шашу, шашайық,
Жасұлан,Анелья: Ақ сандықты ашайық.
Жаcұлан,Анелья: Бұл мереке, бұл тойдың
Жасұлан,Анелья: Бастаңғысын жасайық.

Жасұлан:Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар ұстаздарым ардақты!
Анелья:Армысыздар, әжелер мен аналар,
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар.
Жасұлан: Армысыздар,өр тұлғалы әкелер,
Қыран құстай балапанын жетелер.
Бүгін міне бастауышпен қоштасады,
Азамат боп кешегі сәби еркелер.
Анелья:Армысың, алтын ұя мектебім,
Саған айтар алғысымыз көп біздің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мектебіме арналады бұл әнім.
Жасұлан: Қабыл алыңыздар. Хор: «Мектебім,аяулы мектебім!»

Анелья: Иә, мектебімізге қандай жыр арнасақ та жарасады.
Жасұлан: Дұрыс айтасың, Анелья, ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық.

Асем:

Мектeп деген білім кені, жыр кені .
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектeп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген даналардың мекені.
Нұрасыл:

Мектеп-кеме,білім-теңіз.

Барар жерге тез жетеміз.

Төрт жыл алған білім нәрін,

Азық етіп ер жетеміз.

Аружан:

Мектебім,сүйікті мектебім,

Баурыңда гүлдей боп көктедім.

Сен-бұлақ,мен-қайың,бүр ашқан.

Өзіңнен нәр алып көктедім.

Нұрсұлтан:

Мектеп үйім,ұстазым менің ата-анам,

Сенен өсіп,сенен ғана нәр алам.

Саяң ыстық,сен мәуелі бәйтерек,

Тамырланып, сан тарапқа таралған.

Нұршат:

Есігіңді ашқан балаңа,

Құшақ жайдың мектебім сен қуана.

Сол бір сәтті мәңгі ұмыта алам ба,

Сенен артық дүниені таба алам ба?

Мектебім-мәңгі бапкерім

Қарызбыз саған бәріміз.

Өзіңе деген парызды

Ақтаймыз талай әлі біз.

Дилназ:

Мектебім білім берер алтын ұям.
Ер жетіп сенде сөзім артты санам.
Барлығын төрт жыл бойы ата-анамдай,
Әрқашан қасиетті атың маған.

Жасұлан:Бержанова Гүлсезімнің орындауында  «Көңілді күн» әні.Қарсы алыңыздар!

Анелья:Орыс биі. Билейтіндер:Дилназ,Нұршат,Асем,Диана

Анелья: Бастауыш сыныпта, жоғары сыныпта өтілетін әдебиет, тарих, биология, алгебра, физика, химия, т.б пәндерге негіз болатын ана тілі, математика, дүниетану, орыс тілі пәндерін зер салып оқып үйрендік.Біздің осындай білім алуымызға ата- анамыздың да үлесі мол.
Жасұлан: Жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырған да  ата-анамыз.
Анелья: Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ, көйлегіміз көк болып жүруі сол ата-аналарымыздың арқасы.
Жасұлан: Біздің ата – аналарымыз ұстазымызбен бірге оқып, шыдамдылық танытып көп еңбек етті. Бала тәрбиесіне қосқан үлестеріңіз үшін мың да бір рахмет!
Анелья: Әр ата-ана өз баласын мейірімді болса екен деп, жақсы оқып, елге қалаулы азамат болса екен дейді.
Жасұлан:Халқымызда мынадай нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да борышыңды өтей алмайсың» — деген. Алайда анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!
Анелья:Дұрыс айтасың.Біз болашақта саналы да, ақылды бала болып өссек, ананың басты арманы орындалды деген осы емес пе?
Жасұлан:Ендеше барша ата-аналарымызға арнап ,Нұртасты «Әке,ана» әнімен қарсы алыңыздар!

Кенжебек:

Мектебім менің аялаған,

Бар балаға білім беріп,сая болған.

Шәкірттерін үлкен жолға түсіріп,

Жаманға да,жақсыға да пана болған.

 Фатима:

Бастaуышта шырқалмаған жыр бар ма?

Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?

Бастауышта алған білім,жырларым,

Азық болар,мәңгі талай жылдарға.

Анелья:Келесі кезекте тыңдайтындарыңыз  «Алтын ұя мектебім!»әні

Орындайтындар:Гайсанова Дилназ және Кобланова Диана.

Темірлан: 

Бастауышым – балбұлағым,
Алдым сенен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып
Рахметімді жаудырамын.

Нұрай:

Бастауышым-балбұлағым,

Лаулап жанған шам шырағым.

Өзің берген біліміңмен,

Самғап ұшар тау қыраның.

Жасұлан:

Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі.
Бастауышта білім алған өзіңнен
Күллі шәкірт саған басын иеді.

Анелья:

Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға — деп Абай атамыз айтқандай алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып,42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз-ұстаз екені белгілі.
Жасұлан: Әр шәкіртін баласынан кем көрмей оқуға, жазуға үйреткен ұстаз еңбегі шексіз. Мұғалім мектептің жүрегі, — деп бекер айтпаған.
Анелья: Дұрыс айтасың, Жасұлан,ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуіріні күшті жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі, бәрі ұстаздан тәлім алады.
Жасұлан: Иә, бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекшісін де ұстаз өсіреді» деген екен. Олай болса келесі әніміз  ұстаздарымызға арналады.Сарман Асемнің орындауында «Ұстазым» әні,қабыл алыңыздар!

Диана:

Ұстазым бізге білім беріп өсірген,

Қатемізді әрқашанда кешірген.

Өмір жолы қиын жол деп әрдайым,

Тәрбиелеп,ақылды ғып өсірген.

Мейрамбек:

Әріптерді үйретіп,

Жақын болған кім бізге?

Жамандықтан жиреніп,

Ақын болған кім бізге?

Десек, ол жан — мұғалім

Қапастағы елдердің

Мұңын айтқан кім бізге?

Көрікті сан жерлердің,

Сырын айтқан кім бізге?

Рахмет, саған мұғалім!

Нұртас:

Ұшырса да бұл өмірдің сан құсын,

Ұстаз-ғалым толастамас мәңгі ісін.

Тыншымайтын асыл жандар аяулы,

Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын.

Нәріңді беріп құрғатпай,

Сусаған шөлді қандырған.

Сәулеңді шашып жүрекке,

Жанымның отын жандырған.

 Анелья:       

Болмасаң да, ұқсап бақ,

Бір ғылымды көрсеңіз.

Ондай болмақ қайда деп,

Айтпа ғылым сүйсеңіз, — деп Абай атамыз айтқандай ұлы ғұламалар, ұлы адамдар өнегелерін бойымызға сіңірдік.

Жасұлан :

Әйтекенің жарып айтқан,

Қазыбектің қазып айтқан,

Төлебидің тауып айтқан,

Ұлағатты сөздерінен

Көрініс: (ортаға қария мен оқушы шығады)

— оқушы

— Ата, ата, арман деген не? — депті жігіт

— Арман дегеніміз — ақыл-ойдың шындығы. Құс ұшсам дейді, бала өссем дейді, қыз көрікті болсам дейді, ұстаз шәкіртіне үлгі болсам дейді. Арманына адаспаған жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді депті қарт.

— оқушы

—Дос табу оңайма? — депті қарт.

—Ата, дос табу ақылдыға оңай, ақымаққа қиын.

— Жоқ, балам, өмірде дос табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай. Есіңде болсын, досың ақылды болса, өзің дана боласың, досың бала болса, өзің шала боласың, депті қарт.

— оқушы

— Үйдегі алтын қазығың кім? – депті қарт.

— Ата, үйдегі алтын қазық — бала, депті жігіт.

— Жоқ, балам, үйдегі алтын қазық — ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана — ақылшың, әке — қамқоршың, ағаң — қорғаушың, інің — сүйенішің, қарындасың — қанатың. Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем, — депті қарт.

— оқушы

—Өмір сүру үшін не қажет? — депті қарт.

—Ата өмір сүру үшін алтын, ақша, нан, мал қажет, — депті жігіт.

—Жоқ балам, адамның өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су — тіршілік, от — өмір, тұз — дәм, қыз — сән, ақыл өмірдің нәрін береді.

—оқушы

— Адамға ақыл беретін кімдер? — депті қарт.

— Ата, ана тілі ғой ақыл беретін, -депті жігіт.

— Жоқ, балам, адамға ақыл беретін ата-ана, ұстаз, досы. Ата — ана ақылын баласына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады. Достықтың көзі ақылдан басталады, — депті қарт.

Әділбек:

Тек үйреттің әділдікті , адалдықты,

Жирендік , ажыраттық жамандықты.

Жалғастырар ақ жолың сенің салған,

Бар деп ұққан әрқашан балаң мықты.

Анелья: Жалғасова Нұршаттың орындауында  «Чему учать в школе»

Исмаил:

Ұстаздың оттай ыстық алақаны

Болған соң ойлайтыны – бала қамы

Баладан ұстазыма мың сан алғыс

Өйткені ол ұстазымның ақ арманы.

Гүлсезім:

Айсұлу:Өтті сенде қызық шағым,
Бастауышым – балбұлағым.
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын.

Анелья:

Мектеп, мектеп бақытқа толды үйің,
Ұша білсек болмас — ау тіпті қиын.
Бастауыштың соңғы әнін шырқап бүгін,
Бастауыштың билейміз соңғы биін,-дей келе келесі тамашалайтындарыңыз,Вальс

Барлығы бірге:

Шәкірттер сіздерді айтып мақтанамыз,
Бейнеңіз жүректерде сақталады.
Біз әлі биіктерден көрінеміз,

Үміт пен сеніміңіз ақталады.
Мың алғыс сізге біздей түлектерден,
Мың алғыс мына отты жүректерден.
ХОР: «Ұстазым»

Мұғалім:

Бесіктегі баланың,
Күлгенін көрген – бір мұрат.
Алдына түсіп ананың,
Жүргенін көрген – бір мұрат, — деп ата – ананың өзбаласына тек жақсылық тілейтіндігі баршамызға аян. Олай, болса, бүгінгі мерекелік кешімізге куә болып отырған – барша көрермендердің ыстық ықыласын тыңдайтын уақытта жеткен сияқты.
(Ата-аналарға сөз беру)

Осымен  «Бастауышым-балбұлағым» атты мерекеміз өз мәресіне жетті.Қош,сау болыңыздар!

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ