Батыс Еуропа

0
1501
Әбіш Кекілбаев

Батыс Еуропа елдерінде XVIII ғасырда дүниеге келді. Бұл Батыс Еуропада феодалдық құрылым тоқырауға тіреліп, зиялы қауымның дамуға жаңа бағыт іздеген кезі болатын. Ағартушылар мақсаты жоғарыда айтылғандай – сауат ашу, білім тарату. Әрине бұдан келіп Батыс елі ХҮІІІ ғасырда сауатсыз болды деген пікір тумаса керек. Ол кезде сауаттылар да, ғалымдар да болды. Бірақ олар тек үстем тап өкілдері еді. Олар мен қалың халық арасындағы алшақтық орасан болатын. Халық тегіс сауатсыз болғандықтан ағартушылар сол қалың елді, бұхараны сауаттандырып, көзін ашпақ болды. Сондықтан, олар қоғамдық-саяси ойдың қалыптасуына кезінде тиімді әсер етті. Егер ҮХІІІ ғасырдың аяғында Ұлы Франция революциясы «Бостандық, теңдік, бауырластық» деп ұранмен көтерілген болса, оның бірден-цбір түрткісі болған ағартушылар, француз философтары еді.

А) Қазақстан жеріндегі ағартушылық, негізінде, ХІХ ғасырда өріс алып, тарады. Бірақ, қазақ елінің Батыс елдерінен үлкен айырмашылықтары бар еді. Қазақ арасында үстем таптар мен кедейлер арасында сауаттылық жағынан айырмашылық аз болды. Бәрі дерлік бірдей сауаты кем болды. Бұл бір, екіншіден, қоғамдық санасы, бостандығы жағынан да айырмашылық күрделі болмады. Сөз бостандығы қазақ арасында күнделікті әдет еді. Дегенмен, қазақ елінің өзіндік проблемалары болды. Ол ел бірлігін сақтау, қазақ жеріне сырттан келіп, қол сұғушылыққа, отаршылдыққа халықтың наразылығын арттыру, көзін ашу, елді еңбекке, білімге шақыру. Сондықтан қазақ жеріндегі ағартушылықты екі бағытта алып қараған жөн. Біріншісі, бұл бір жағынан патшалық Ресейдің Қазақстан жеріне терең бойлау нәтижесінде қазақтың құнарлы жерлерін билеп-төстеп, қазақтарды шөлейт жерлерге ығыстырғанына қарсылық білдіріп, толғану болса, екінші жағынан, ақшалы тауар қатынасы күнделікті қазақ өміріне кеулеп кірген сайын, елдің дағдылы дәстүрі бұзылып, жаңа, халыққа тұрпайы қатынастар орнай бастағанын уайымдап, күңіреніп, елдің назарын соған аударып, санасын ояту болды. Өкілдері: Дулат Бабатайұлы (1802-1871), Шортанбай Қанайұлы (1818-1881), Мұрат Мөңкейұлы (1843-1906), Оларға дейінгі Бұқар жырау (1668-1781), Ақтамберді жырау (1675-1768) тағы басқалар.

Тоталитарлық тәртіп кезінде оларды патриархалдық өмірді көксеуші, Ресейге қарсы болған кертартпа идеология, «Зар заман» өкілдері деп қарады. «Зар заман» деген Шортанбайдың бір толғауы солай аталатын. Сондықтан, олардың аттары аталмайтын, толғаулары тарихтан сызылып тасталған еді. Байқап қарасақ, олардың елді кері тартпақ болған идеологиялары емес, қайта қазақ жерінің тағдырын ойлап, елге ұран тастап, А.И.Герценнің «Колокол» («Қоңырау») газеті сияқты халықтың санасын оятпақ болған екен. Олар екі жүзділік, зұлымдық, арамдық сияқты құбылыстар өмір салтына айналуда деп қынжылады. Екіншісі, Шоқан, Ыбырай, Абай бастаған ағартушылық қозғалыс. Олар қазақ халқын оқуға, білімге, кәсіпкерлікке, еңбектенуге шақырды. Ескі зиян салттарды сынады. Сөйтіп, бұл бағыттың әдістері әрқилы болғанмен, түпкі мақсаттары бір – елді прогреске ұмтылдыру болды.

Дулат Қазақстан жеріне еніп жатқан тауарлы-ақша қатынастарының халық мінез-құлқына, салт-санасына тигізген керағар әсерін былай толғап сынады:

Мынау азған заманда,

Қарасы – антқор, ханы арам,

Батыры көксер, басы аман,

Бәйбіше – тантық, бай – сараң,

Боз баласы – бошалаң,

Қырсыға туды қыз балаң.

Дулат пен Шортанбай бірінің ойын бірі осылай толықтырып, жалғастырған болса, дәл осы қоғамдық ойдың екінші жағын Мұрат жырау былай толғап, елді азаттық күреске шақыру дәрежесіне дейін көтерілді:

Еділді тартып алғаны

Етекке қолды салғаны,

Жайықты тартып алғаны,

Жағаға қолды салғаны

Ойылды тартып алғаны

Ойдағысы болғаны.

Әменде біз «Зар заман» өкілдерін прогреске, Ресейге қарсы, кертартпа (реакциялық) ақын деп бағалап келдік. Бірақ, мәселенің мәніне үңіліп қарап көрсек, олар кертартпа емес, керісінше қазақ халқының санасын оятпақ болған ақындар болып шықты. Математикада мынадай ереже бар:     (-а)-ны (-а)-ға көбейтсек, плюс (а) квадрат болады. Сондай-ақ, қоғамдық өмірде бір нәрсені терістеу арқылы оны дұрыс нәтижеге итермелеп, жоғары мақсатқа жеткізуге болады. «Зар заман» ақындары қазақ аулына тауарлы-ақша қатынастары енуіне, патша өкіметінің қазақ жерін отарлау саясатына қарсы шығып, елдің санасын оятты, көзін ашты, халықты күреске шақырды. Сондықтан да, «Зар заман» өкілдері бастамасын ХХ ғасыр басында Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсыновтар жалғастырды.

Егер, қазақ жерінде бұрын-соңды 300-дей түрлі ұлт-азаттық көтерілістер, қозғалыстар болды десек, соларға түрткі болған әлгі ақындар еді. Сонда «Зар заман» өкілдері ағартушылар болмағанда кім болады? Әрине, Шоқан, Ыбырай, Абай қазақ халқын тікелей білімге, еңбекке шақырса, Шортанбай, Дулат, Мұрат өмірдегі түрлі болып жатқан көңілсіз жағдайларды ащы сөздермен түйреп, сынау арқылы елді ілгері басуға, сілкініп, көтерілуге шақырды. Сондықтан біз оларды да ағартушылар дейміз.

Батыс Еуропада ағартушылық қзғалысы басталғанда, олардың да көрнекті өкілдері өмірдегі кертартпалық жағдайларды батыл сынау арқылы елдің санасын оятты, «Бостандық, теңдік, туыстық!» деп ұран тастады.

ХІХ ғасырдың адамзат тарихында ерекше орыны бар. Көптеген елдерде революциялық-демократиялық қозғалыстар етек алды. Ресейде алғаш дворян-революционер А.Н.Радищевтің ісін қолдап, ілгері дамытқан, патша өкіметіне, бсыбайлы құлдыққа, шіркеуге қарсы шығып, оларды реакция тірегі деп білген, шаруаларды революциялық күреске шақырған А.И.Герцен, В.Г.Белинский, Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов, т.б. болды. Олар материалистік тұрғыдан ой қозғап, еңбектер жазды. Біріншіден, олар жоғарыда айтылғандай, революционер-демократ болып, халықты революцияға шақырды, екіншіден, олар социалист-утопсит еді, социализмге шаруалар қауымдастығы арқылы жетуді көздеді.

Сол кезде, бұған дейін айтылғандай, басқа ұлт-аймақтардағы сияқты, қазақ жерінде білімге, прогреске ұмтылған алдыңғы қатарлы ойшылдар шыға бастады. Біз оларды революционер-демократ ретінде тарихтан өз орнын алды.

Абай Құнанбаев (1845-1904) – қазақ халқының көрнекті ойшылы, ақын, ағартушысы. Ол дәулетті Құнанбай шаңырағында дүниеге келді. Абай тарихқа ең алдымен кемеңгер ойшыл ақын ретінде енді. Оның ақындық шебері халық даласында шырқау билікке көтерілді. Абай өлеңдері қашан да бесті, сөздері жинақы, ойлары терең, тәрбиелі мәні зор, деңгей жоғары болып келді. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» деп ақынның өзі айтқандай оның өлеңцдерінің әлеуметтік, этикалық мәні мейлінше терең, сонымен қатар Абай өз заманының қоғам қайраткері ойшыл философы болды. Ең алдыменен ол өз халқының өлеңдері, қара сөздері арқылы ұдайы ой салып, оның көкірегін оятып, оны надандықтан, жаман қылықтардан сақтандырады, мәдениетті болуға пргреске шақырады. Оған 1986 жылы жазған өлеңіндегі: «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым, Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың, Жақсы менен жаманды айырмайсың, Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың», — деген сөздері дәлел болады. Бұл өлеңде Абай ашынып, халықтың жанына тие айтады. Сондай-ақ, Абай бос даурығуға, бекер мал шашуға, өтірік айтуға, жалқау болуға қарсы шықты. «Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол, Адам болам десеңіз», —  деп келеді де Абай «Өсек, өтірік, мақтаншық, Еріншек, бекер мал шашпақ, Бес дұшпаның білсеңіз, Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым ойлап қой, Бес асыл іс көнсеңіз», — деген өсиетті айтты. Абай өнер білім ашуға шақырды, өмірде өз орнын тап, пайдалы әрекет жаса, — деді. «Сен де  бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та, бар қалан!», — деген өздер соның айғағы.

Абай қазақ халқын өнер үйренуге, тіпті сауданың да мәнісін білуге шақырды. «Егіннің ебін, сауданың тетігін үйреніп, ойлын, мал тап», дейді. Қазақ елінде ойын-сауыққа көп әуестеніп, бір үйден бір үйге, бір ауылдан бір ауылға селтеңдеп қыдырып жүретін келеңсіз әдет барын ашына ескертіп, одан аулақ болуды арман етті. «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, Аздылар адам баласын», — деп түйіндейді. «Қырық екінші сөзде» Абай қазақты пайдасыз, жұмыссыз, қаңғырып жүруге құмар деп санады. Абай өзінің өлеңдерінде, әңгіме, өсиеттерінде жан-жандағында қара, көршілес өзбек, татар халықтарынан өнеге ал, солардан үйрен дейді. Ең алдымен Абай орыс халқымен дос болып, тілін үйренуге, өнерін білуге шақырды. Тек сол арқылы қазақ халқының көзі ашылатынын айтты. «Орысша оқу керек, тек хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да – бәрі орыста тұр. Зарарынан қашық болуға, пайдасына ортақ болуға, тілін, білімін, оқуын, ғылымын білмек керек. Оның үшін дүниенің тілін біледі, мұндай болды. Сен оның тілін білсең, көкірек-көзің ашылады. Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі сонымен бірдейлік даулығысына кіреді… Орыстың ғылымы, өнері – дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі», — дейді Абай «Жиырма бесінші сөзінде».

Ол А.С.Пушкин мен М.Ю.Лермонтовты ұстаз тұтты. Олардың өлеңдерін, И.А.Крыловтың мысалдарын қағаз бетіне аударды. Мысалы, «Татьянаға хат», «Онегинге хат» өлеңдерін аударып қана қойған жоқ, оған ән де шығарды.

1840 жылы М.Ю.Лермонтов Гетенің «Жолаушының түнгі әні» деген өлеңін «Горные вершины спят во тьме ночной» деген атпен аударған болатын. Гетенің бұл өлеңі көптеген ақындарға, композиторларға әсер етті. Қараңғы түн, айнала тау, тым-тырыс, мүлгіп тұрған табиғат. Бұл көрініс кімді де болмасын тамсандырады. Ю.Лермонтовты, Ф.Шубертті, С.Рахманиновты, т.б. шығармашылық шабытқа келтіргені сияқты, ол Абайдың да жүрегіне ұялады.

«Отыз сегізінші сөзінде» Абай: «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: Әуелі – надандық, екінші – еріншектік, үшінші — залымдық», — дейді.

1995 жылы еліміз Абайдың 150 жылдық мерекесін ЮНЕСКО шешімі бойынша әлем болып тойлады. Бұл кемеңгер ақын Абайға деген мол ризалық пен құрметтің тағы бір айқын көрінісі болды.

Қорытынды

Қорыта айтқанда, қазақ жерінде философтар аз болмаған. Олар қазақ халқының сауатының ашылуы мен әлеуметтік жағдайын жақсарту жолында көп қызмет атқарды. Абай Құнанбайұлы, Ыбырай Алтынсарин, Шоқан Уәлиханов сияқты ағартушылар қазақтың жарқын болашағының ашылатынына кәмел сенген. Ол үшін қазақ халқы еңбек етіп, білім алу керек деп көптеген өсиеттер, әңгімелер, өлеңдер жазып кеткен.

Менің ойымша қазақ елінің философиялы және мәдени жетістіктері алда деп ойлаймын, өйткені қазақ халқы енді ғана өзінің толық дербестігін алып, еркін ой дәрежесіне жетті.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. «Философия», Алматы, Рауан, 1991 жыл
  2. «Философия», Д.Кішібеков, Ұ.Сыдықов, Алматы, 2002 жыл
Басқа да материалдар Мұғалімдерге Ашық сабақтар Сабақ Жспарлары Оқушыларға Рефераттар ҰБТ Шығармалар СӨЖ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ