Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында сынып жетекшінің рөлі (баяндама)

0
6116
Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны

Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында сынып жетекшінің рөлі

Жоспар

І . Кіріспе

ІІ . Негізгі бөлім

  1. Оқушылардың құзіреттіліктерін дамытуда сынып жетекшінің рөлі
  2. Заманауи сынып жетекші дегеніміз кім?
  3. Тәрбие сағаттарында жаңа технологияларды пайдалану.

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Тән көмілер, көмілмес еткен ісім,

Ойлайтындар мен емес  бір бүгінгісін.

Жұрт ұқпаса , ұқпасын жабықпаймын,

Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін- деп  ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов айтқандай, оқытушы – елінің ертеңін ойлайтын  ержүрек адам. Мойнымызда үлкен борыш тұр. Ол- ел болашағы  жастарды  тәрбиелеп, білім нәрімен сусындату. Ал заман талабына сай тұлға тәрбиелейтін, жаңа форматта ойлай алатын заманауи  оқытушы, жетекші  болу  баршамызға  тиісті міндет.

Елімізде оқыту мазмұны жаңартылып 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу мақсатында жаңа буын оқулықтарының негізінде жасалған бағдарламалар мектептің жаңа жүйеге көшуін, әрбір мұғалімнен жаңаша жұмыс істеуін, батыл шығармашылық ізденісін, оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыруды талап етеді. Сондықтан, мұғалім өз білімін жан-жақты жетілдіре отырып, оқушыны қызықтырып оқыту керек екені сөзсіз.

Жаңа білім беру технологиясының ұстанымдары – оқытуды ізгілендіру, өздігінен дамитын, дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін — өзі жетілдіріп, өсіруші, тәрбиелеуші, тұлға қалыптастыру болып табылады.
Оқушыларды жан — жақты дамытып, тұлға етіп тәрбиелейтін, олардың мүддесін қорғайтын, ұлттық және азаматтық құндылықтарды бойына дарытқан рухани деңгейі биік, іскер, жаңашылдыққа өзін — өзі бейімдеп, дамыта алатын, ой — өрісі кең, талапты да талантты, адамгершілікті құрым — қатынасқа дайын, өмірлік белсенділігі қалыптасқан тұлға ретінде қарастыратын – сынып жетекші.

Негізгі бөлім

Тәрбие ісінде басқалардың жеке басынын өнегесі де өте зор қызмет атқарады. Ертеде Рим философы Сенеке «Адамды ақыл айтумен қайырымдылыққа тәрбиелеу қиын. Жеке бастың үлгісімен тәрбиелеу әлдеқайда оңай» — деген екен. Мұндай қасиет біздің ұлтымыздан да байқауға болады. Мәселен, біз ұстаз бола тұрсақ та, өзімізге жақсы жағынан ұнаған ұстаздарға еліктейміз. «Құзыр» білім беру үдерісі нәтижесіне оқушының мінез-құлқына әрекетіне қойылатын талап ретінде оның өз тіліндегі, өз деңгейіндегі жатық сөздер, жатық іс-әрекеттер арқылы анықталатын ұғым, ал құзырлы адам нақты бір аймақта негізді шешім шығару, тиімді әрекет жасауға мүмкіндік туғызатын білім мен қабілеттерді қамтиды.  Құзырлық қызмет теориясы мен мінез-құлық теорияларының тоғысуынан туындап, пайда болған жағдаят мәселелерін шешу барысында көрінеді. Адам бойындағы құзырлылық әртүрлі формада: шеберлік дәрежесінің сапасына, өзін жүзеге асыру тәсілдеріне, әдет-машығына, әрекетіне, қабілеттіліктеріне байланысты кездеседі.

Адам өзінің даралығын, жекелігін, өз қабілеттерін, құндылықтарын сезініп, салыстырып, бағалап, болашағын болжамдай алған сәтте ғана, ол өз құзырлығын аша алады.Өз бойындағы құзырлықты  аша білген ұстаз ғана бала бойындағы құзыреттілікті дамытады. «Қазақстан Республикасы 12 жылдық орта жалпы білім берудің жалпыға міндетті стандарты» жобасында «Құзіреттілік – оқушылардың іс-әрекетінің әмбебап тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білім нәтижесі, ал құзірет дегеніміз алға қойылған мақсаттарға жету үшін ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді іске асыруға дайындық; оқушының білім беру жүйесіне деген әлеуметтік тапсырысты құрайтын жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатында табысты іс-әрекетке дайындығы» деп көрсетілген.

Сонымен қатар, құзыреттілікті тәсілге де төмендегідей анықтама берілген: «Құзіреттілікті тәсіл – оқу үдерісінің түпкілікті құзыреттерді қалыптастыруға баяғдарлануы; күтілетін нәтижелерге қол жеткізу аясында білім сапасын қамтамасыз ететін білім беру мақсаттарын анықтаудың, білім мазмұнын іріктеудің, білім беру үдерісін ұйымдастыру мен білім нәтижелерін бағалаудың жалпы ұстанымдарының жиынтығы». Тұлға құзыреттілігін дамыту үшін ұстаздың құзыреттілікті тәсілдерді меңгеруі, білім беру мазмұнын жетілдіруі қажет екендігін ескере отырып, біз, «жаңа инновациялық әдіс-тәсілдердің ең тиімдісін пайдалану жоғары нәтиже береді» деген болжам жасап, «өзіміз оқып, үйреніп, тәжірибемізде пайдаланып келе жатқан американ ғалымдары Джинни Стилл, Куртис Мередит және Чарльз Темпл жасаған «Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту» жобасының оқушы құзыреттілігін дамытуда маңызы зор» деген тұжырымға келдік.

Білім берудің мақсатын айқындау үшін Жүсіпбек Аймауытовтың мына сөздерін еске алған жөн: «Мектеп бітіріп шыққан соң, бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ашылған саналы ақыл көзімен қарай білсе, міне, білімдендірудің кездейтін түпкі мақсаты — осы. Мектеп осы бағытта баланың келешекте жетілуіне мықты негіз салуы керек». Оқушылардың құзыреттілігін қалыптастырудың негізгі бағыты – оларды бүгінгі қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, өз еркімен шешім қабылдай алатын жеке тұлға ретінде қалыптастыру. Оқушының құзыреттілігін қалыптастыру мен дамыту бағытында мектептегі оқу-тәрбие үрдісінің маңызы өте зор. Бұл жағдайда тәрбиені оқушылардың құзырлығын қалыптастыру мақсатына бағыттау қажеттігі айқындала түседі. .

Құзыреттілік-оқу нәтижесінде меңгерген білім мен дағдыны тәжірибеде қолдана алу, проблеманы шеше алу, яғни оқушы дайындығының сапасын сипаттайтын жаңа сапалық белгісі. Құзыреттіліктің заман талабына сай кез-келген саланың маманы болуға мүмкіндік беретін басты екі түрі белгіленіп отыр. Олар – «пәндік» және «пәннен жоғары метапәндік» құзыреттіліктер. Атап айтқанда, «пәндік» құзыреттілікке белгілі бір пәнді меңгеруге немесе белгілі бір саланы меңгеруге қажетті білім мен білік жатқызылса, «пәннен жоғары метапәндік» құзыреттілік ретінде адамның өз білімін пайдалану және одан әрі дамытуға бағытталған ақпараттық, өз бетінше іздей білу; талдау; таңдап алып өзгерте білу; ақпараттық технологияны игеру, оқушылардың өзiндiк iс-әрекеттерiн ұйымдастыруға бағытталған проблемаларды шешу қабiлеттiлiгiн жатқызуға болады.

Білім берудің негізгі нәтижесі ретінде мектеп түлегі оқушыда, яғни жеке тұлғада төмендегі құзыреттіліктер болуы тиіс: коммуникативтік, бірлесе жұмыс жасай алу қабілеттері, өз әрекеттерін басқару дағдылары адамдар мен өзара іс — әрекет және қарым- қатынас жасау тәсілдерін білу; түрлі әлеуметтік топтармен жұмыс істеу; сияқты қасиеттері жатқызылады.
Жастардың  қалай оқып, қалай тәрбиеленуі- бәрінен бұрын ескеріп, бәрінен жоғары қойылатын жұмыс деп  саналатын  біздің қазіргі заманда өзімнің « адамдық диханшысы» — яғни оқытушы болғаныма  қатты қуанамын.

Қазіргі таңда  осы қызметте жүргеніме 3 жылдай, ал сынып жетекшілік  еткеніме 2 жыл болыпты.

Жылдар өткен сайын мені мына бір сұрақтар толғандырады: « Ұстаз болу, жетекші болу- менің жұмысым.Ал өз жұмысыңды атқару- міндет пе, әлде- парыз ба? Заманауи класс жетекші қандай болу керек?Сынып жетекші ретінде мен заман талабына сай маманмын ба?

Заманымыздың білім беру саласына қойып отырған талаптарын бәріміз жақсы түсінеміз.Отыз дамыған елдердің қатарына кіру үшін заман талабына сай білім алып, тәрбиеленген, кез келген жағдайда өз бетінше шешім қабылдай алатын, серіктестікке бейім, шапшаң  да жан-жақты қалыптасқан тұлға қажет.Ал осы қасиет, осы құндылықтар мектепте қалыптасатыны  талассыз жайт.

Заманауи сынып жетекші  заман талаптарына сай, балалармен жұмыста  жаңа әдіс-тәсілдер  қолданып,бала дамуындағы басты құндылықтарды дамыту. Оларға  — сүйіспеншілік, отбасы, денсаулық, адамгершілік, білімділік  жатады.

Отбасыда  баланың  тұлғалық жеке қасиеттері, өзгелермен қарым –қатынасы, белгілі бір  мінез бен әдеттері қалыптасады.  Әрбір баланы тануға, оны  жақсы көріп,оның  қызығушылықтарын оятуға әрбір сынып жетекші тиісті. Мектеп – бұл : бала+ ата-ана+ сынып жетекші . Сондықтан ата-анамен байланыс – менің жұмысымдағы ең  маңызды буын.

Сапалы білім, саналы тәрбие беруде мұғалім еңбегі ерен. Дей тұрғанмен, ерекше тұлға ретінде сынып жетекшінің рөлі зор. Өйткені ол- балалар мен ата-аналардың, үлкендердің арасындағы сарапшы. Сондай- ақ, баланың психологиялық құпияларын жетік біле отырып тәрбиелейді, білім береді. Ең жауапты, ең  негізгі болып табылатын сынып жетекшіге от басы мен қоғам ең қымбат азаматтарының тағдырын тапсырып отыр, яғни, сынып жетекшінің  еңбегі аса жоғары жауапкершілікпен сипатталады.

      Басты байлық-денсаулық. Осыны ескере отырып, сыныпта салауатты өмір салтын ұстану мақсатында түрлі сайыс, шаралар ұйымдастырамын.

Тәрбие ісінде басқалардың жеке басынын өнегесі де өте зор қызмет атқарады. Ертеде Рим философы Сенеке «Адамды ақыл айтумен қайырымдылыққа тәрбиелеу қиын. Жеке бастың үлгісімен тәрбиелеу әлдеқайда оңай» — деген екен. Мұндай қасиет біздің ұлтымыздан да байқауға болады. Мәселен, біз ұстаз бола тұрсақ та, өзімізге жақсы жағынан ұнаған ұстаздарға еліктейміз.

Тәрбие сағаттарын өткізу үшін күні бұрын әр балаға тақпақтар, жұмбақ, мақалдар таратып, кейбір балаларға ән айтқызып, би билетіп келеміз. Осындай жұмыс түрлері балаларды жалықтырып жібермесе екен деген ой туындайды. Сондықтан тәрбие сағаттарына да жаңа технологияны кіргізіп, өзгешелеу етіп өткізсек, балалардың ойлау қабілеті, шығармашылық қасиеттері және әр баланың бойындағы өзіндік ерекшеліктері байқалып, әр баланы жеке тұлға ретінде танимыз.

«Білім мен тәрбие» егіз. Тәрбиесіз берілген білім оқушыларды ізгіліктен тайдырып, жауыздыққа, озбырлыққа, өзімшілдікке, өктемдікке жетелейді. Сондықтан әрбір ұстаз, балалардың жүрегіне ізгілікті ұялатуды, ұлттық өнегені, өнерді үйретуді ұмытпау керек.Оқыта отырып тәрбиелеу – бұрыннан  қалыптасқан әдіс — тәсілдің бірі.  Еліміздің президенті Н.А. Назарбаев өз жолдауында былай деген еді: «Білім жүйесінде түбегейлі кадрлық өзгерістер жүргізілуі тиіс. Дәстүрлі оқытушы (қажет білімдерді беруде және тәржімалауда монополист) сахнадан кетеді. Педагог-тәрбиешінің жаңа бейнесі жасалмақшы:ол зертеуші, тәрбиеші, кеңесші, жобалар жетекшісі болуы тиіс».

Заманауи сынып жетекші-бұл қырағы, шығармашыл,ертеңіне сенімді, ғылыми-танымы жан-жақты дамыған заман талабына сай тәрбиеші деп түсінемін.

Уақытпен бірге қарыштау үшін  үздіксіз өз-өзін жетілдіріп ,мақсатқа жету жолында ерінбей еңбек етуіміз керек. Себебі, бала – бұл сенің ой-қиялың, сенің ерік-жігерің, сенің шабытыңның   сусындап өсетін  дән.

Адамдарға кемшіліктері жөнінде көп айтыла беретін болса, онда олар өздеріне деген, өз күштеріне деген және өз мүмкіншіліктеріне деген сенімдерін жоғалта бастайды» Я, кемшіліксіз адам болмайды. Біздің ұжымда өз күшіміз бен мүмкіншіліктерімізге деген сеніміміз  күн сайын артып, өз жұмысымызға деген махаббатымыз  нығайып келеді.

Теріс иіліп қалған шыбықты артынан түзеймін десең сындырып аласың» деген асыл сөздерін оқушыға тәрбие негізін қалайтын әрбір сынып жетекші өз ұстанымы ретінде қабылдауы керек. Мектеп табалдырығын аттаған пәк сезімді, адал ниетті, өмірге деген құмарлығы артып тұрған бүлдіршінді сапалы білім мен саналы тәрбие соқпағынан сүріндірмей алып өту сынып жетекшінің міндеті. Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Бәсекеге лайық маман тәрбиеле, бәсекеге лайық ұлт жаса» деген бастамасының өзі стратегиялық негізгі құралға айналып отырғандығы сондықтан. Бұл президентіміздің тәрбиеге ерекше мән беруі әрбір сынып жетекшісіне ой салып, тәрбие бағытын қазіргі заман талабына сай жүргізуге ықпал етуі керек.

Қазіргі кезде заман талабына сай мектептегі тәрбие жұмысының құрылымы жас ұрпақтардың бойына ұлттық игіліктерді сіңіру арқылы оларды нарықтық – экономикалық бәсекеге қабілетті ой — өрісі жан – жақты дамыған жеке тұлға етіп тәрбиелеуге бағытталған. Тәрбие барысында баланың ақыл ойын, іс — әрекетін, танымдық қабілетін дамыту сынып жетекшінің міндеті. Әр оқушыға сенім арта біліп, жеке тұлға ретінде қалыптастырсақ, тәрбие бағытындағы тасымыздың өрге домалағанын, болашаққа барар жолымыздың айқын екенін көреміз.

Адамзат өмірінде ХХІ ғасыр ақпараттық технологиялардың дамыған кезеңі. Жаңа үрдістегі техника тілін білетін, оны жақсы меңгеретін, егемен елімізідң ертеңі — жас ұрпақты тәрбиелеу әрбір жаңашыл сынып жетекшінің міндеті.Ал мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастырушы, ол — сынып жетекші. Бүгінгі толғандырып отырған тақырып өзегі «Қазіргі сынып жетекшісі қандай?» мен осы орайда осы сұрақ айналасында ізденіс жұмыстар жүргіздім.

Менің ізденісім бірінші мектебімдегі озық тәжірибелі сынып жетекшілердің тәрбие жұмыстарымен танысудан басталды. Екіншіден, Республикалық білім мен тәрбиеге арналған баспа беттерінен еліміздің әр түкпіріндегі сынып жетекшілердің тәрбие, қазіргі уақыттағы сынып жетекшінің атқаратын жұмыстары туралы жазылған ой – тұжырымдарын қарастырдым. Үшіншіден, «Қазіргі сынып жетекші қандай?» сұрақ арақылы өзімнің жетекшілік етіп жүрген сыныбымдағы атқарып жүрген тәрбие жұмыстарымды, тәрбие бағыттарымды ой елегінен өткізіп сараладым.

Мен осы үш бағыттағы ізденіс жұмысымнан түйгенім, қазіргі жаңару кезеңінде қоғамның алға даму үрдісінде қазіргі заман талабына сай сынып жетекші болу үшін сынып жетекші — жан – жақты тәрбие беруші , оқу –тәрбие процесін жүйелі ұйымдастырушы, ізденімпаз, жаңашыл, инновациялық технологиялармен қаруланған, адамгершілік қасиеті мол, еңбекқор, тәрбиесіне назар аударатын оқушымен жұмыс жүргізе алатын, қарапайым мінезімен, мейірімге толы жүрегімен, оқушы жанын баурап алатын, электрондық оқулықтармен жұмыс жасай білетін, баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыратын, ата – аналармен, мектеп әкімшілігімен, қоғамдық ұйымдармен, жұртшылықпен біріге отырып, бала тәрбиесіне ықпал жасайтын, бойына ұлттық болмысымыздың барлық қасиеті жинақталған, тәрбиенің барлық салаларынан хабары бар, жүріс – тұрысы, киімі, сөйлеу мәнері әр балаға үлгі болатын, көп мәдениетті нарықтық – экономика жағдайында бәсекеге қабілетті, табысқа жетелейтін, жоғары деңгейдегі кәсібилік пен жан — жақтылықты меңгерген, бала жанның бағбаны бола білетін болуы керек деп ойлаймын.

Оқыта отырып тәрбиелеу – бұрыннан қалыптасқан әдіс — тәсілдің бірі. Журнал беттерінен сан түрлі керемет, ашық тәрбие сағаттарының үлгісін оқып, үйреніп, іс — тәжірибелерді өз сыныптарымызда қайталап, өңдеп өткізуді әдетке айналдырдық.
— Қорыта айтқанда, егер әр сынып жетекші тәрбие сағаттарын заманауи технологияларды қолдану арқылы түрлендіріп өткізіп отырса, жан — жақты дамыған құзіретті тұлға қалыптастырары сөзсіз

Тәрбие сағаттары – білім мен тәрбие беруді ұйымдастырудың

негізгі жолы.

“ Сабақ беру-үйреншікті  жай  шеберлік емес,ол үнемі жаңадан жаңаны

табатын өнер” демекші тәжірибе бөлімінде  тәрбие сағаттарындағы тиімді әдіс-тәсілдерге  көшемін.

Тәрбие  технологиялары  дегеніміз- оқушының адамдық қасиеттерін қалыптастыру аясында сынып сағаттарында қолданылатын әдіс-тәсілдер жиынтығы.

Блумның сұрақтары (жеңіл сұрақтан күрделі сұраққа көшу)

“Ыстық  орындық”.  (Белгілі бір мәтін немесе тақырып аясында)

Сурет пен мәтінмен жұмыс (кәсіптік бағдар беру мақсатында)

«Ақылдың  алты қалпағы» (Жан-жақты талдау кезінде)

Бағдаршам  түстері арқылы бағалау.

Белгілі критерийлер арқылы бағалау

“Екі  жұлдыз,бір ұсыныс”

Суретпен бағалау

Топпен жұмыс    (көшбасшылықты дамыту кезінде)  осы әдіс-тәсілдерге сынып жетекшілер қатынасып жұмыстанады.

ТҰЖЫРЫМ

Тәрбие технологиялары бірін-бірі толықтырады,олардың бірлігі тәрбие жұмысына игі әсер етіп,балалардың білімін,іскерлігі мен дағдысын тереңдетеді,қоғамдық өмірге,еңбекке баулиды,адамгершілік тәжірибені байытады.Әдістер мен бірге мұғалім тәрбиенің тәсілдерін және құралдарын қолданады.

Шығармашыл адам жаңашыл,ізденімпаз болады,өмірі қызық, мақсаттарын жүзеге асыру барысында өз жолын өзі ашып, кедергілерді жеңу үшін алға жылжиды.

Нәтижесінде тұлға:

Мақсат қоюды үйренеді

Жауапкершілікті сезінеді

Өзін-өзі бағалайды

Ұйымдастырушылық қабілеті қалыптасады

Портфолио жинақталады

Өзінің көзқарасын қалыптастырады

Белсенділігі артады

Бос уақытын тиімді пайдаланады

Дүниетанымы кеңейеді.

 

Баға құнды емес-бала құнды.

Бала мектеп үшін емес,мектеп бала үшін жұмыс істейді.

Әр бір баланың өмір тіршілігі-өзінше  бір тағдыр.Әр баланың  тағдырына ойланып қарайық дегім келеді.

Тәрбие сағаттарында жаңа тақырыпты  меңгертуде Ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың алар оны ерекше. Соның ішінде  электронды оқулықтар мен интербелсенді тақтаның  мүмкіндігі мұғалім мен оқушылардың сабаққа деген жігер-ынтасын арттыртыны белгілі.

Оқушы үшін кез келген сабақта қабылдайтын ақпараттың көлемі  өте ауқымды. Сондықтан да сынып оқушыларымен жұмыс жасауда мультимедиялық кешендер, ғаламтор ресурстарын қолдану кеңінен қарастырылады.  Жаңа бетбұрысқа аяқ басқанда  мұғалімнің айтқаны, ізденісі аздық етеді, заман ағымына сай электрондық оқулықтарды пайдалану өте тиімді.  Ол ақпараттық белсенділікті арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен ізденуге, алынған ақпарат көздерін  сұрыптауға зор ықпал етеді. Электрондық оқулықтарды пайдаланудың негізгі мақсаты — білім беру, білімді пысықтау, бекіту, бақылау, ақпараттық ізденіс жұмыстарын қалыптастыру, ойлау қабілетін дамыту, таным көкжиегін кеңейту болып табылады. Электронды оқулықтардың бірден бір тиімділігі:

Материалдардың алуан түрлілігі;

-Аудиомәтіндер, суреттер, сызбалар, жұмбақ-сызбалар, бейнематериалдар, презентациялар т.б.

-Тапсырманың бірізділікпен берілуі;

-Өз бетінше шығармашылықпен ізденуі;

-Ақпаратты сұрыптай алуы;

-Алған білімді бекітіп, пысықтай алуы;

— Белгілі бір  өсу сатысына көтерілуі ;

— Ойының ұшқырлығы;

-Ғылыми жобалар ұсынуы. (4)

Ақпараттық және педагогикалық  технологиялар негізінде мұғалімнің  ролін түбегейлі өзгертуге мүмкіндік туды, мұғалім тек қана білімді алып жүруші ғана емес, сонымен қатар оқушының өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі және бағыт берушісі болып анықталды. Қазіргі таңдағы сабақтан тыс шаралардағы тақырыптарды таңдай отырып, оған  заманауи инновациялық әдістерін соның ішінде  интерактивті оқыту моделін пайдалану уақыт талабы.

Мен де заман көшінен қалмай, пән мұғалімі және сынып жетекші ретінде үнемі ізденіп, сабақтарым мен тәрбиелік шараларымды, ата-аналар жиналысын  түрлендіріп, оқыту мен тәрбиелеудің тың әдіс-тәсілдерін пайдалануға тырысамын. Солардың бірі және білім мен тәрбие сапасын көтеруде өзін-өзі ақтап жүрген жаңа технологиялардың бірі — «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы екендігіне тоқталғым келеді.

Сыни тұрғыдан ойлау өзіндік және жеке ойлау болып табылады. Ал сабақ сыни тұрғыдан ойлау  принциптеріне негізделген болса, әркім өз ойлары мен пікірлерін және  бағалауларын басқалардан тәуелсіз құратын болады.

СТО технологиясының стратегияларын пайдалану нәтижесінде оқушылардың бойынан өзін-өзі бағалай білуі, өзгені бағалай алуы сияқты әрекеттерді байқадым. Аталған технология тәрбие сағаттарымның сәтті шығуына, ата – ана – ұстаз — оқушының бірлескен жұмыстарының нәтиже беруіне  көп көмегін тигізді.

Әр сабақ пен тәрбие сағаттарының тақырыптарына сай оқушыларға  берілген сұрақ — тапсырмалар, қосымша жұмыстар олардың ойланып жұмыс істеуіне, мемлекеттік стандартқа сай білімді игерген, өздігінен шешім қабылдай білетін, ізгі ниетті жеке тұлға қалыптастыру мақсатын көздейді. Сондай — ақ, сабақта оқушының ынта — жігерін арттыру мақсатымен көптеген эссе, өлең, мақал – мәтел, жұмбақтар да  қамтылады.

Мұндағы басты міндеттер мыналар:

Баланы шығармашылық бағытта жұмыс істеуге баулу;

Оқушының рухани ойын дамыту, белсенділігін арттыру;

Өз пікірін қорғай, дәлелдей алуға үйрету;

Білім, іскерлік дағдыларын  қалыптастыру.

Қамтылған жұмыстар мұғалімнің басшылығымен оқушылардың өздігінен жеке жұмыс істеуіне арналған.

Қазіргі кездегі мамандық атаулының барлығы бейімділікті, ептілікті, шапшаңдықты, ерекше ой қызметін, мол шығармашылық мүмкіндікті, өзін қоршаған түрлі жағдайларға тез икемделіп қана қоймай, оларды керекті бағытына шығармашылықпен бұра білу қабілеттілігін қажет етеді немесе мұны функционалдық сауаттылық деп те атап жүрміз. Істеген әрекетін дер кезінде қадағалап, жақсы мен жаман жақтарын ой елегінен өткізіп, дұрысын дұрыс деп, бұрысын бұрыс деп, ақиқатқа тәрбиелеу сынып жетекшінің міндеті деп білемін.

Сөзімнің соңын қорытындылай келе, бұл жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша менің көкейге түйгенім: алдымызға бір мақсат қоя отырып, сол мақсатқа жету жолында шәкірттердің жүрегіне жол тауып, әрекеттендіре білу шеберлігіне жетсек, егемен елдің ұл-қыздары білімді де білікті болып шықпақ. Соның арқасында біз бәсекеге қабілетті, іргесі мықты ел боламыз. Ұстаздықтың ұлы жолында өзімнің бар күш жігерімді салып, еліме пайдамды тигізіп жатсам, бұл ғаламда одан артық бақыт жоқ деп ойлаймын.

Жас маман ретінде сіздерге айтарым қазіргі заманға сай сынып жетекші болуға тырысамын, осы жолда аянбай жұмыс жасаймын.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ